Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2022 жылғы 10 ақпанда № 26774 болып тіркелді » "Мақтарал" МГ
Түркістан облысы білім басқармасының
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
№5 "Мақтаарал" гуманитарлы-қоғамдық пәндер бағытындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2022 жылғы 10 ақпанда № 26774 болып тіркелді
10
октябрь
2023

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2022 жылғы 10 ақпанда № 26774 болып тіркелді

34-kaz.pdf [193,26 Kb] (cкачиваний: 10)
Посмотреть онлайн файл: 34-kaz.pdf

"Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жəне "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2022 жылғы 10 ақпанда № 26774 болып тіркелді

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жəне "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығынабұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жəне "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:


2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

  1. ақпараттық парақ – таңдаған бейіндік пəндер комбинациясына сəйкес Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорнының (бұдан əрі – Ұлттық тестілеу орталығы) сайтында жарияланатын парақ;
  2. арнайы пəн – қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының арнайы пəндері бойынша білімі мен құзыретті бағалауға бағытталған пəн;
  3. ахуалдық орталық – білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын ұйымда орналасқан, қағаз жəне электрондық форматтағы ҰБТ өткізу процесін бақылау үшін коммуникация құралдарымен жабдықталған зал;
  4. базалық жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан əрі - ЖЖОКБҰ) – ҰБТ-ны өткізуді жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ-лар;
  5. базалық ЖЖОКБҰ-лардың қабылдау комиссиясы – ҰБТ-ны өткізуді жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ жанындағы комиссия;
  6. бейіндік пəн – таңдаған оқу бейініне сəйкес терең академиялық білімінің тұрақтылығын анықтайтын пəн саласындағы білім мен құзыретті барынша толық бағалауға бағытталған оқу пəні;
  7. жалпы кəсіптік пəн – қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша техникалық жəне

 

кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының жалпы кəсіптік пəндері бойынша білім мен құзыретті бағалауға бағытталған пəн;

  1. жауап парағы – түсуші тест тапсырмаларының жауаптарын белгілейтін ҰБТ нəтижелерін бағалауға арналған арнайы бланк;
  2. жауап парақтарының көшірмесі – тестілеу нəтижелерін бағалауға арналған құжат болып табылмайтын ҰБТ-дан кейін балдарды өз бетінше санауға арналған бланк;
  3. желілік ЖЖОКБҰ -лар – ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ -лар;
  4. желілік ЖЖОКБҰ -лардың қабылдау комиссиясы – ҰБТ-ға қатысу үшін түсушілерден құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ жанындағы комиссия;
  5. қағаз форматтағы ҰБТ – əрбір тестіленушіге сұрақ кітапшасын жəне жауап парағын беру жолымен жүргізілетін тестілеу;
  6. нұсқаларды тарату парағы – қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша даярлықтың ұқсас бағыттарына түсушілер үшін кітапша нұсқасының аудиториядағы белгілі бір орын нөміріне бекітілгендігі туралы ақпаратты қамтитын парақ;
  7. отырғызу парағы – түсушілерді аудиторияда орындар бойынша бөлу парағы;
  8. тестілеу əкімшісі – ҰБТӨП-те ҰБТ өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады жəне аудитория мен дəліз бойынша кезекші қызметін атқарады;
  9. ҰБТ – ЖЖОКБҰ-ға түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны;
  10. ҰБТӨП – ҰБТ өткізу пункті;
  11. шекті балл – республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға немесе ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға оқуға түсуге жол беретін əрбір пəн бойынша жəне тестілеудің барлық пəндері немесе пəндері бойынша жəне білім берудің жекелеген салалары мен ЖЖОКБҰ-лар бойынша Үлгілік қағидаларда белгіленген балдардың ең төменгі сомасы;
  12. электрондық сертификат – Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланатын ҰБТ балдарын ресми растайтын үміткердің бірегей деректері бар электрондық құжат (бұдан əрі – сертификат). Сертификат ҰБТ қағаз форматта өткізілген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде, ҰБТ электрондық форматта өткізілген кезде 30 (отыз) жұмыс күн ішінде Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады;
  13. электрондық форматтағы ҰБТ – əрбір тестіленуші үшін компьютерді пайдалану жолымен өткізілетін тестілеу;
  14. тіркеу файлы (лог) - хронологиялық тəртіпте тестіленушінің əрекеттері туралы жазбалар бар файл.";

 

4 жəне 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Қағаз жəне (немесе) электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін мүгедек балалар жəне мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) "Медициналық-əлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) (бұдан əрі - № 44 бұйрық) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы құжаты бар болған жағдайда құжатты ҰБТ-ға өтініш беру бағдарламалық жасақтамасына жүктейді жəне мемлекеттік комиссия төрағасының атына:

  1. жеке аудиторияның;
  2. көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар жəне мүгедектер үшін ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пəндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекші жəне (немесе) көру функциялары бұзылған мүгедек балалар жəне мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның;
  3. тестілеу тапсыру кезінде қосымша уақыт бөлудің қажеттілігі туралы еркін нысандағы қосымша өтініш бере алады.

5. ҰБТ қағаз немесе электрондық форматта Ұлттық тестілеу орталығымен ҰБТӨП базасында немесе базалық ЖЖОКБҰ-да немесе білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын ұйымдарда өткізіледі.

ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау (қағаз жəне электрондық форматта) сайтта онлайн режимде жүзеге асырылады www.testcenter.kz Ұлттық тестілеу орталығы.";


13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"13. SAT - ЭсЭйТи (Scholastic Assessment Test), ACT – ЭйСиТи (American College Testing), IB - АйБи (International Baccalaureate) халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар қалауы бойынша халықаралық стандартталған тестілеудің нəтижелері мен шекті балдары бар пəндер бойынша ҰБТ тапсырудан босатылады жəне Үлгілік қағидаға сəйкес білім беру грантын беру конкурсына қатыса алады жəне (немесе) ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдана алады.

SAT балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

  1. SAT reasoning (ризонинг) жəне SAT subject (сабджект) сертификатары болған жағдайда. Бұл ретте түсуші Қазақстан тарихы пəні бойынша ҰБТ тапсырады жəне SAT subject балдары бейіндік пəндері сəйкес келген жағдайда ғана ҰБТ балдарына ауыстырылады;
  2. SAT reasoning сертификаттары болған жағдайда. Бұл ретте түсуші Қазақстан тарихы жəне екі бейіндік пəндер бойынша ҰБТ тапсырады.

ACT балдары Қазақстан тарихы пəні бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда ҰБТ балдарына ауыстырылады.


 

IB балдары Қазақстан тарихы жəне оқу сауаттылығы пəндері бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда ҰБТ балдарына ауыстырылады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына түсетін жəне республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін, сондай-ақ ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде қабылдау кезінде SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тестілерінің сертификаттары бар адамдарға балл Үлгілік қағидалардың 4-1 тармағына жəне 2-1-қосымшасына сəйкес (оқу сауаттылығы бойынша) есептеледі, бұл ретте SAT reasoning сертификатының балдары ғана ескеріледі.

SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар ҰБТ-ға өтініштер қабылдау базасына сертификаттардың көшірмелерін қағаз форматтағы ҰБТ үшін күнтізбелік жылғы 1 жəне 30 сəуір аралығында жəне электрондық форматтағы ҰБТ үшін күнтізбелік жылғы 1 мамыр бен 10 маусым аралығындағы мерзімдерде мəліметтер енгізуі жəне өтініш беруі қажет. Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын жəне жарамдылық мерзімін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары тексереді.

ҰБТ – ға өтініштер қабылдау аяқталғаннан кейін Ұлттық тестілеу орталығы күнтізбелік жылдың 30 маусымға дейін білім беру саласындағы уəкілетті органға SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тестілерінің сертификаттары бар адамдардың тізімін жəне олардың сертификаттарының көшірмелерін қарауға ұсынады. Шешім шығарылғаннан кейін сертификаттар Ұлттық тестілеу орталығының сайтында (www.testcenter.kz) 3 (үш) жұмыс күні ішінде жарияланады.";


16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"16. ҰБТ-ға қатысу үшін қағаз немесе онлайн режимде өтініш білдіріп, оның нəтижелері бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысатын түсушілерге, рұқсаттамада немесе жеке кабинетінде көрсетілген күні тестілеуге қатыспаған болса, тестілеу өткізілетін күндері аудиторияда (қағаз форматта тестілеу тапсыру тіліне сəйкес) орын болған жағдайда жəне келесі дəлелді себептер бойынша ҰБТ-ны өткізу кезеңінде келесі күндердің бірінде қатысу мүмкіндігі беріледі:

  1. денсаулық жағдайы бойынша "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" 2020 жылғы 30 қазандағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан əрі - № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген № 026/е нысанға сəйкес дəрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы болған жағдайда;
  2. тізбесі "Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан əрі – Кодекс) 1-бабының 13) тармақшасына

 

сəйкес айқындалған жақын туыстарының қайтыс болуын растайтын құжаттар болған кезде;

  1. төтенше жағдайлар кезінде. Бұл ретте:

қағаз форматтағы ҰБТ кезінде түсуші тиісті құжаттарын тіркей отырып мемлекеттік комиссия төрағасының атына ҰБТ-ны қайта тапсыруға өтініш береді;

электрондық форматтағы ҰБТ кезінде түсуші тиісті құжаттарын тіркей отырып Ұлттық тестілеу орталығы директорының атына ҰБТ-ны қайта тапсыруға өтініш береді.";


73, 74 жəне 75-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"73. Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссияның оң шешімі туралы ұсыныстардың негізділігін қарастырып, шешім шығарады.

Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

Өтінімді қайта берген кезде республикалық апелляциялық комиссияның шешімі қайта қарауға жатпайды.

Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі төрағаның жəне барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылған осы Қағидаларға 29-қосымшаға сəйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді.

ҰБТӨП пен базалық ЖЖОКБҰ-дағы апелляциялық комиссия түсушіге апелляция қорытындысы туралы хабарлайды.

  1. Электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттар қабылдау онлайн режимде осы Қағидаларға 3-қосымшаға немесе № 502 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгіге сəйкес мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады:
    1. күнтізбелік жылғы 24 желтоқсан мен 21 қаңтар аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 6), 7) жəне 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;
    2. күнтізбелік жылғы 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 3), 5) жəне 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;
    3. күнтізбелік жылғы 1 мамыр мен 10 маусым аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4), 5) жəне 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;
    4. күнтізбелік жылғы 15 шілде мен 30 шілде аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 5), 6), 7) жəне 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін.

Электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін онлайн режимде өтініш беру кезінде түсуші тестілеу күнін жəне уақытын таңдай алады.

Электрондық форматтағы ҰБТ мынадай мерзімдерде өткізіледі:


 
  1. күнтізбелік жылғы 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 6), 7) жəне 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;
  2. күнтізбелік жылғы 1-31 наурыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 3), 5) жəне 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;
  3. күнтізбелік жылғы 1-30 маусым аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4), 5) жəне 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;
  4. күнтізбелік жылғы 10-20 тамыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 5), 6), 7) жəне 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін.
  5. ҰБТ-ны электрондық форматта өткізу кезінде оқуға түсушілер ғимаратқа бір-бірден кіргізіледі, бұл ретте оқуға түсушінің жеке басын көлемді-кеңістіктік нысандағы сканер арқылы жəне жеке басын растайтын құжат негізінде жəне он алты жасқа толмағандарға орта білім беру ұйымын ағымдағы жылы аяқтайтыны туралы анықтамасы негізінде сəйкестендіру жүргізіледі.

Тестілеуге қосу кезінде қолмен жəне рамалық типтегі металл детекторлар қолданылады. Тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеу өткізу кезінде түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа ақпаратты тасымалдау функцияларымен жабдықталған ұялы байланыстың мынадай тыйым салынған заттарын, фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт сағаттар, сымды жəне сымсыз құлаққаптар, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамераларды, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларды, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерді, қашықтан басқару құрылғыларын, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi

(Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект). Сонымен қоса, келесі заттарды тестілеу ғимаратына кіргізуге тыйым салынады:

шпаргалкалар, оқу-əдістемелік əдебиеттер, Менделеев кестесін жəне тұздардың ерігіштігі кестесі, калькулятор жəне басқалар.

Тестілеуге жіберу барысында металл іздегішпен тексеру жүргізу кезінде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар анықталған жағдайда, тестілеу əкімшісі осы Қағидаларға 31-қосымшаға сəйкес нысан бойынша "ҰБТ өткізу пунктінің ғимаратына (электрондық форматта) металл іздегішпен анықталған кезде түсушіні ғимараттан шығару туралы" акт жасайды жəне түсуші осы тестілеуге жəне осы Қағидалардың 74-тармағында көрсетілген ҰБТ өткізу кезеңінде өтетін тестілеуге жіберілмейді, сондай-ақ білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа жіберілмейді.

Тестілеуге кіргізу барысында бөгде адам анықталған жағдайда тестілеу əкімшісі осы Қағидалардың 32-қосымшасына сəйкес нысан бойынша


 

"Тестілеуге кіргізу барысында бөгде адамды анықтау актісін (электрондық форматта)" жасайды, оқуға түсуші ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді.

Тестілеуді өткізу кезінде аудиторияның (компьютерлік сыныптың) жəне бейнебақылаудың ауданына байланысты рұқсат етілген магниттік толқындар шегінде ұтқыр жəне радиоэлектрондық байланыс сигналдарын басатын құрылғылар пайдаланылады.";


78, 79, 80 жəне 81-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "78. Тестілеуді бастау үшін түсушіге:

компьютер экранындағы өрісте жеке сəйкестендіру нөмірі мен паролін көрсету;

компьютерде орнатылған фронтальды камера арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялаудан өту;

"ҰБТ тестілеу" интерфейсін ашу;

тестілеу тапсыру тілін таңдау, бұл ретте тестілеу басталғаннан кейін тестілеуді тапсыру тілі өзгермейді;

бейіндік пəндер комбинациясын таңдау жəне таңдау дұрыстығын растау; ҰБТ тапсыруға кірісу.

Түсуші тестілеу жүйесіне əрбір кіру жəне шығу кезінде, компьютерде орнатылған фронтальды камера арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялаудан өтеді.

ҰБТ өткізу пунктінде электр қуаты ажыратылған жағдайда немесе тестілеу жазбасы жүргізілмейтін басқа да форс-мажорлық жағдайларда, Ұлттық тестілеу орталығының келісімен тестілеу администраторы мен аймақтық мемлекеттік комиссия осы Қағидаларға 32-1-қосымшаға сəйкес нысан бойынша тестілеу процесін тоқтата тұру жəне ауыстыру туралы акт жасай отырып, тестілеу процесін тоқтатады (күшін жояды) жəне басқа күнге ауыстырады. Тестілеу процесін тоқтата тұру жəне ауыстыру туралы акт тестілеу администраторымен жəне аймақтық мемлекеттік комиссиямен бірлесіп жасалады.

Тестілеу кезінде техниканың техникалық ақауы болған жағдайда түсуші тестілеу администраторына хабарлау қажет. Тестілеу администраторы бақылаушылармен бірлесіп, осы Қағидаларға 33-қосымшаға сəйкес нысан бойынша тестілеу кезінде техниканың техникалық ақауын анықтау актісін жасайды.

  1. ҰБТ ұзақтығы - 240 минут (4 сағат).

Тестілеудің 60 минуты өткеннен кейін жаттығуларға арналған 2 минут көлемінде үзіліс жүзеге асырылады.

120 минут тестілеу аяқталғаннан кейін жаттығуларға арналған 3 минут көлемінде үзіліс беріледі.

180 минут тестілеу аяқталғаннан кейін 3 минут көлемінде үзіліс беріледі.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілер үшін тестілеу ұзақтығы – 70 минут.


 

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша ЖЖОКБҰ – ның білім алушылары жəне басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетіндер үшін тестілеу ұзақтығы-130 минут.

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін ҰБТ-ға 120 минут (2 сағат) бөлінеді.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас даярлау бағыттары бойынша түсушілер үшін-80 минут.

Мүгедек балалар жəне мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) үшін тестілеуге қосымша 40 минут уақыт беріледі.

  1. Электрондық форматтағы ҰБТ-ны өткізу барысында түсушіге: аудиториядан (компьютерлік сыныптан) дəліз кезекшісінің функциясын

атқаратын тестілеу администраторының рұқсатынсыз жəне алып жүруінсіз шығуға;

аудиториядан 10 минуттан артық шығуға; сөйлесуге, орын ауыстыруға;

құжаттармен, кез-келген тыйым салынған заттармен жəне түсушіге жұмыс үшін берілген А4 форматындағы парағымен алмасуға;

құжаттарды жəне А4 форматындағы парағын аудиториядан шығаруға; ғимаратқа жəне аудиторияға (компьютерлік сыныпқа) оқу-əдістемелік

əдебиеттерді, Менделеев кестесін жəне тұздардың ерігіштігі кестесін, калькулятор, фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт сағаттар, сымды жəне сымсыз құлаққаптар жəне микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамераларды, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларды, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерді, қашықтан басқару құрылғыларын, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi

(Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), шпаргалкаларды алып кіруіне жəне қолдануына рұқсат етілмейді;

тестілеу алдында немесе тестілеу кезінде шулауға;

тестілеу басталар алдында берілген А4 форматындағы қағаздарын өзімен бірге алып кетуге;

тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға жəне жария етуге; тестілеуге пайдаланылатын техникаға жəне қауіпсіздік жүйесіне қасақана

зиян келтіруге;

тестілеу жүйесіне араласу əрекетіне жəне тестілеуден өтуге байланысты өзге де бұзушылықтарға рұқсат етілмейді.


 

Бұл ретте тестілеу өткізілетін компьютердің интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін жəне тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі.

  1. Түсуші осы Қағидалардың 80-тармағын бұзған жағдайда, тестілеу əкімшісі тестілеуді байқаушылармен бірлесіп аудиторияда тыйым салынған заттың тəркіленуі жəне тəртіп сақтау ережесін бұзған (электрондық формат) жəне (немесе) əрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу əрекеті жəне тестілеуден өту кезіндегі өзге де бұзушылықтар жасаған түсушіні аудиториядан шығару туралы актісін осы Қағидаларға 34-қосымшаға сəйкес нысан бойынша жасайды. Түсуші осы тестілеуге, сондай-ақ білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа жіберілмейді. ";


83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"83. ҰБТ өткізу үшін жергілікті жерлерде уəкілетті органмен бекітілетін ҰБТ ұйымдастыру жөніндегі аймақтық мемлекеттік комиссиялар (бұдан əрі – аймақтық мемлекеттік комиссиялар) құрылады.

Аймақтық мемлекеттік комиссияның төрағасы жоғары оқу орындарының басшылары немесе қалалық, аудандық білім бөлімдерінің (басқармаларының) басшылары тағайындалады.

Аймақтық мемлекеттік комиссияның құрамына облыстар немесе республикалық маңызы бар қалалар əкімдіктерінің өкілдері, құқық қорғау органдарының өкілдері кіреді.

Бұл ретте аймақтық мемлекеттік комиссия құрамына күнтізбелік жылы жақын туыстығы Кодекспен белгіленген ҰБТ тапсыратын адамдардың туыстары кірмейді.

Аймақтық мемлекеттік комиссия мүшелерінің саны бес адамды құрайды. Аймақтық мемлекеттік комиссия:

  1. ҚР Білім жəне ғылым министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 264 "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жəне "Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығымен алынып тасталды;
  2. тестілеуге кіргізу, сондай-ақ тестілеуді өткізу кезеңінде қоғамдық тəртіпті сақтауды қамтамасыз етуді;
  3. ҰБТ өткізу пунктеріндегі санитарлық-профилактикалық шаралардың сақталуы бойынша жоспарды жергілікті жердегі Бас мемлекеттік санитарлық дəрігермен келісуді;
  4. ҰБТ өткізу кезінде медициналық қызметкерлермен жəне психологпен жұмысты;

 
  1. көру қабілеті, тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған мүгедектер мен мүгедек балалар үшін мүгедектігі туралы белгіленген құжатты көрсеткен жағдайда ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пəн мұғалімі болып табылмайтын немесе ымдау тілін меңгерген маман беруді;
  2. тестілеу əкімшісімен бірлесіп электр қуаты ажыратылған немесе нəтижесінде тестілеу жазбасы жүргізілмейтін басқа да форс-мажорлық жағдайларда тестілеу процесін тоқтата тұру жəне ауыстыру туралы акт жасауды ұйымдастырады.

Бұл ретте аймақтық мемлекеттік комиссия төрағасы мен мүшелері тестілеу өткізу барысына қатыса алмайды.";


86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"86. Осы Қағидалардың 81 жəне 82-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың тестілеу нəтижелері өңделмейді жəне жойылуға жатады. Электр қуаты ажыратылған жағдайда, тестіленушінің жұмыс орнында тестілеу процесі туралы деректер (тест тапсырмаларына бұрын белгіленген жауаптар, тестілеудің пайдаланылған уақытының саны) сақталады. Тестілеуді одан əрі жалғастырған кезде тестіленуші тестілеу процесі үзілген жерден тестілеу процесін жалғастырады.

Тестілеуді басқа күнге ауыстырған жағдайда тестіленушінің тестілеу тоқтатылғанға дейінгі тест тапсырмаларына бұрын белгіленген жауаптары сақталмайды.";

89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"89. Ғимаратқа кіруге арналған есіктер бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте өткізу барысы, сонымен қатар тестілеуден кейінгі пайдаланылған кітапшалар сақталған бөлменің бейнебақылау жазбасы ҰБТ аяқталғаннан кейінгі 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде Ұлттық тестілеу орталығының мұрағатына тапсырылады.

Электрондық форматтағы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін Ұлттық тестілеу орталығы тестілеу кезіндегі бейнебақылау жазбаларын қарауды жүзеге асырады жəне тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеруді жүргізеді.

ҰБТ-да Қағидалардың 75 жəне 80-тармақтарында көрсетілген тыйым салынған заттарды пайдаланғандығы жəне (немесе) əрекеттері анықталған жағдайда немесе тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеру нəтижесі бойынша Ұлттық тестілеу орталығы Аудиторияда тыйым салынған заттың тəркіленуі жəне тəртіп сақтау ережесін бұзған жəне (немесе) əрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу əрекеті жəне тестілеуден өту кезіндегі бұзушылықтар жасаған түсушіні аудиториядан шығару туралы акт (электрондық формат) жасайды жəне растайтын материалдарымен бірге білім беру саласындағы уəкілетті органға ұсынады.


 

Аудиторияда тыйым салынған заттың тəркіленуі жəне тəртіп сақтау ережесін бұзған жəне (немесе) əрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу əрекеті жəне тестілеуден өту кезіндегі бұзушылықтар жасаған түсушіні аудиториядан шығару туралы акт (электрондық формат) жəне растайтын материалдар білім беру саласындағы уəкілетті органмен құрылған комиссияның қарауына ұсынылады.

Комиссияның шешімімен тестілеу нəтижелері (ҰБТ балдары), сондай-ақ республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нəтижелері (білім беру грантын беру туралы куəлік) білім беру саласындағы уəкілетті органның бұйрығымен, жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нəтижелері жергілікті атқарушы органның қаулысымен күнтізбелік жыл бойына нəтижелері жойылады. Тестілеу нəтижелері (ҰБТ балдары) жəне (немесе) білім беру грантын беру туралы куəлікті жойылғаннан кейін Ұлттық тестілеу орталығы түсушілерге жеке

кабинеті арқылы хабарлама жібереді.";


97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"97. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

Өтінімді қайта берген кезде республикалық апелляциялық комиссияның шешімі қайта қарауға жатпайды.

Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссияның төрағасы жəне мүшелерінің қолымен расталған осы Ереженің 36-қосымшасына сəйкес форма бойынша хаттамамен ресімделеді. Республикалық апелляциялық комиссияның хаттамалары бір жылға тестілеуді ұйымдастыруға жауапты ұйымда сақталады.

Апелляция нəтижесі түсушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.";


102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"102. Ақпараттық жүйеде түсушінің Т. А. Ə. (бар болған жағдайда) оның жеке басын куəландыратын құжаты бойынша жүргізіледі";


осы бұйрыққа 1-қосымшаға сəйкес редакциядағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жəне "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымша жазылсын;


осы бұйрыққа 2-қосымшаға сəйкес редакциядағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жəне "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 34-қосымша жазылсын;


 

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сəйкес редакциядағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жəне "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 32-1-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен:
    1. осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
    2. осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
    3. осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім жəне ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) жəне 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мəліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым вице-министріне жүктелсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Білім жəне ғылым министрі                                                                А. Аймагамбетов

Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрі 2022 жылғы 9 ақпандағы

№ 42 бұйрығына 1-қосымша

Ұлттық бірыңғай тестілеуді

өткізу жəне "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына


 

Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі

Білім беру бағдарламалары тобы

Бейіндік пəндер

1 бейіндік пəн

2 бейіндік пəн

В001

Педагогика жəне психология

Биология

География

В002

Мектепке       дейінгі        оқыту       жəне тəрбиелеу

Биология

География

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен əдістемесі

Биология

География


 
1-қосымша Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пəндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі
 

В004

Бастапқы            əскери            дайындық мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В005

Дене         шынықтыру        мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В006

Музыка мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В007

Көркем еңбек жəне сызу мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В008

Құқық      жəне     экономика     негіздері мұғалімдерін даярлау

Дүниежүзі тарихы

География

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

Математика

Физика

В010

Физика мұғалімдерін даярлау

Физика

Математика

В011

Информатика мұғалімдерін даярлау

Математика

Информатика

В012

Химия мұғалімдерін даярлау

Химия

Биология

В013

Биология мұғалімдерін даярлау

Биология

Химия

В014

География мұғалімдерін даярлау

География

Дүниежүзі тарихы

В015

Гуманитарлық пəндер мұғалімдерін даярлау

Дүниежүзі тарихы

География

В016

Қазақ тілі мен əдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қазақ тілі

Қазақ əдебиеті

В017

Орыс тілі мен əдебиеті мұғалімдерін даярлау

Орыс тілі

Орыс əдебиеті

В018

Шет тілі мұғалімдерін даярлау

Шетел тілі

Дүниежүзі тарихы

В019

Əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану мамандарын даярлау

Биология

География

В020

Арнайы педагогика

Биология

География

В021

Орындаушылық өнер

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В022

Музыкатану

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В023

Режиссура, арт-менеджмент

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В024

Өнертану

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В025

Дирижирлеу

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В026

Композиция

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В027

Театр өнері

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В028

Хореография

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В029

Аудиовизуалды     құрылғылар     жəне медиа өндіріс

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В030

Бейнелеу өнері

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В031

Сəн, дизайн

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В032

Философия жəне этика

Дүниежүзі тарихы

География

В033

Дінтану жəне теология

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В034

Тарих жəне археология

Дүниежүзі тарихы

География

В035

Түркітану жəне шығыстану

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В036

Аударма ісі

Шетел тілі

Дүниежүзі тарихы


 

В037

Филология

Қазақ/Орыс тілі

Қазақ/Орыс əдебиеті

В038

Əлеуметтану

Математика

География

В039

Мəдениеттану

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В040

Саясаттану

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В140

Халықаралық        қатынастар       жəне дипломатия

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В041

Психология

Биология

География

В042

Журналистика жəне репортер ісі

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В043

Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу жəне мұрағат ісі

Қазақ/Орыс тілі

Қазақ/Орыс əдебиеті

В044

Менеджмент жəне басқару

Математика

География

В045

Аудит жəне салық салу

Математика

География

В046

Қаржы,       экономика,       банк       жəне сақтандыру ісі

Математика

География

В047

Маркетинг жəне жарнама

Математика

География

В048

Еңбек дағдылары

Математика

География

В049

Құқық

Дүниежүзі тарихы

Құқық негіздері

В050

Биологиялық жəне сабақтас ғылымдар

Биология

Химия

В051

Қоршаған орта

Биология

География

В052

Жер туралы ғылым

Математика

География

В053

Химия

Химия

Биология

В054

Физика

Физика

Математика

В055

Математика жəне статистика

Математика

Физика

В056

Механика

Математика

Физика

В057

Ақпараттық технологиялар

Математика

Информатика

В058

Ақпараттық қауіпсіздік

Математика

Информатика

В059

Коммуникациялар                              жəне коммуникациялық технологиялар

Математика

Физика

В060

Химиялық инженерия жəне процестер

Химия

Физика

В061

Материалтану жəне технологиялар

Математика

Физика

В062

Электр техникасы жəне энергетика

Математика

Физика

В063

Электр                техникасы               жəне автоматтандыру

Математика

Физика

В064

Механика жəне металл өңдеу

Математика

Физика

В065

Автокөлік құралдары

Математика

Физика

В066

Теңіз көлігі жəне технологиялары

Математика

Физика

В067

Əуе көлігі жəне технологиялары

Математика

Физика


В167

Ұшу                  аппараттары               мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану

**********


Математика


Физика

В068

Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

Биология

Химия


 

В069

Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш)

Математика

Физика

В070

Тоқыма: киім, аяқ киім жəне былғары бұйымдары

Математика

Физика

В071

Тау-кен ісі жəне пайдалы қазбаларды өндіру

Математика

Физика

В072

Фармацевтикалық                          өндіріс технологиясы

Химия

Биология

В073

Сəулет

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В074

Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары жəне азаматтық құрылыс

Математика

Физика

В075

Кадастр жəне жерге орналастыру

Математика

География

В076

Стандарттау,     сертификаттау     жəне метрология (сала бойынша)

Математика

Физика

В077

Өсімдік шаруашылығы

Биология

Химия

В078

Мал шаруашылығы

Биология

Химия

В079

Орман шаруашылығы

Биология

География

В080

Балық шаруашылығы

Биология

Химия

В081

Жерге орналастыру

Математика

Физика

В183

Агроинженерия

Математика

Физика

В082

Су ресурстары жəне суды пайдалану

Математика

Физика

В083

Ветеринария

Биология

Химия

В084

Мейіргер ісі

Биология

Химия

В085

Фармация

Биология

Химия

В086

Жалпы медицина

Биология

Химия

В087

Стоматология

Биология

Химия

В088

Педиатрия

Биология

Химия

В089

Қоғамдық денсаулық сақтау

Биология

Химия

В090

Əлеуметтік жұмыс

Биология

География

В091

Туризм

География

Шетел тілі

В092

Тынығу

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В093

Мейрамхана   ісі     жəне мейманхана бизнесі

География

Шетел тілі

В094

Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

Математика

Физика

В095

Көлік қызметтері

Математика

География

В096

Құқық қорғау қызметі

Дүниежүзі тарихы

Құқық негіздері

В097

Өрт қауіпсіздігі

Математика

Физика

Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрі 2022 жылғы 9 ақпандағы

№ 42 бұйрығына 2-қосымша


 






Нысан


 

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жəне "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 34-қосымша


 

Аудиторияда тыйым салынған заттың тəркіленуі жəне тəртіп сақтау ережесін бұзған (электрондық формат) жəне (немесе) əрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу əрекеті жəне тестілеуден өту кезіндегі бұзушылықтар жасаған түсушіні аудиториядан шығару туралы

Акт

 




 
 

(Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункті атауы)

"       "                                20       жыл.                     сағат           минут Тестілеу администраторы                                                                           

(Т.А.Ə.(бар болған жағдайда))

Бақылаушы                                                                                                 

(Т.А.Ə. (бар болған жағдайда))

Тестілеу       уақытында       түсушіден:Т.А.Ə.      (бар       болған       жағдайда)

                                                 ,

Тестіленушінің жеке сəйкестендіру нөмірі                                        аудитория,

      орын,

Ұлттық     бірыңғай     тестілеуді      өткізу     қағидаларының     81-тармағының бұзылғандығын

дəлелдейтін төмендегі заттар табылды:

 




 
 

(табылған заттың атауы, маркасы, саны.) жəне / немесе тестілеу жүйесіне сырттан араласу

əрекеті жəне өзге де бұзушылықтар) Аталған деректі ескере отырып шешім қабылдады:

тестілеу    материалдарын    алу;    түсушіні:    Т.А.Ə.   (бар    болған   жағдайда)

                           ,

тестіленушінің   жеке   сəйкестендіру нөмірі                                                      аудиториядан

шығару жəне тестілеу нəтижелерін жою.

|Т.А.Ə. (бар болған жағдайда)                                                                           , Тестіленушінің жеке сəйкестендіру нөмірі                                                   

 




 
 
 

(осы актіні құрған тұлғалардың, Т.А.Ə. (бар болған жағдайда) қолдары) Актімен                                                                                                    таныстым:

 




 
 

(түсушінің Т.А.Ə. (бар болған жағдайда) қолы)

Актімен таныстым:

Тестілеу администраторы                                                                           

Т.А.Ə. (бар болған жағдайда) қолы) М.О ҰБТӨП

Күні:                                  

Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрі 2022 жылғы 9 ақпандағы

№ 42 бұйрығына 3-қосымша

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жəне "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына

32-1-қосымша Нысан

Тестілеу процесін тоқтату жəне басқа күнге ауыстыру актісі

 




 
 

(Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктінің атауы)

Күні "       "                     20          жыл. Уақыты "             " сағат "        " минут Аймақтық                 мемлекеттік                 комиссияның                     төрағасымен

                                                                  ,

(Т.А.Ə. (бар болған

жағдайда))

Тестілеу администраторымен                                                                       ,

(Т.А.Ə. (бар болған жағдайда))

Бақылаушымен                                                                       

(Т.А.Ə. (бар болған жағдайда))

тестілеу кезінде тестілеу процесін тоқтату жəне басқа күнге ауыстыру актісі жасалынды:


ҰБТӨП коды


ҰБТӨП атауы


Күні

Тестілеуді тоқтатудың жəне басқа күнге ауыстырудың уақыты

Тестілеуді тоқтатудың жəне басқа күнге ауыстырудың себебі







 











Актімен танысты:

 




 
 


(Аймақтық мемлекеттік комиссияның төрағасының Т.А.Ə. (бар болған жағдайда) жəне қолы)

 




 
 

(Тестілеу администраторының Т.А.Ə. (бар болған жағдайда) жəне қолы)

 




 
 

(Бақылаушының Т.А.Ə. (бар болған жағдайда) жəне қолы) МӨ ҰБТӨП