Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы » "Мақтарал" МГ
Түркістан облысы білім басқармасының
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
№5 "Мақтаарал" гуманитарлы-қоғамдық пәндер бағытындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
10
октябрь
2023

Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

29-kaz.pdf [140,47 Kb] (cкачиваний: 1)
Посмотреть онлайн файл: 29-kaz.pdf


Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2021 жылғы 11 мамырда № 22711 болып тіркелді

"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сəйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сəйкес Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
  2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сəйкес Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
  3. Білім жəне ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тəртіппен:
    1. осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
    2. осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
    3. осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) жəне 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мəліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім жəне ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасына жүктелсін.
  5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрі

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі "КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының Денсаулық министрлігі


 

А. Аймагамбетов


 

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі "КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі

Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрі 2021 жылғы 5 мамырдағы

№ 204 бұйрығына 1-қосымша

Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан əрі – Заң) 5-бабының 12) тармақшасына сəйкес əзірленді жəне бастауыш жəне негізгі орта білім, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейінде білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу тəртібін айқындайды.
  2. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан əрі – ББЖМ) білім беру ұйымдарынан тəуелсіз Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17769 болып тіркелген) бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан əрі – МЖБС) сəйкес білім алушылардың білім сапасын жүйелі бақылау болып табылады. ББЖМ кейіннен əдістемелік көмек көрсете отырып жəне білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар əзірлей отырып, тестілеу нəтижелерін дайындауды жəне жүргізуді, өңдеуді жəне жүйелі талдауды қамтиды.
  3. Бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ МЖБС талаптарына сəйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі.
  4. Техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ББЖМ МЖБС талаптарына сəйкес жалпы білім беретін пəндерді жəне (немесе)

 

кəсіптік модульдерді немесе жалпы кəсіптік, арнайы пəндерді меңгеру нəтижелерін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

  1. Қағидалар меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, түріне қарамастан, орта (бастауыш, негізгі орта), техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қолданылады.

2- тарау. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу тəртібі

  1. Бастауыш жəне негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ Заңның 55-бабының 4-тармағына сəйкес 4 жəне 9-сынып білім алушыларының арасында жүргізіледі.
  2. ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан əрі – АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде үш бағыт (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша жүргізіледі.
  3. ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде екі бағыт (математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша, үш тілде (орыс, қазақ жəне ағылшын) бір бағыт (оқу сауаттылығы) бойынша жүргізіледі.
  4. Техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ББЖМ Заңның 55-бабының 4-тармағына сəйкес жалпы білім беретін пəндер бойынша екінші курс жəне (немесе) кəсіптік модульдер немесе жалпы кəсіптік, арнайы пəндер бойынша үшінші курс білім алушыларының арасында жүргізіледі.
  5. ББЖМ техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде жүргізіледі.
  6. Тестілеу жыл сайын сəуір айында тестіленушілер оқитын орта білім беру ұйымдарының базасында жəне қараша айында техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.
  7. ББЖМ-ға үйде (денсаулық жағдайы бойынша) немесе ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін балаларға арналған санаторийлік үлгідегі сауықтыру мекемелерінде білім алушылардан, сондай-ақ тестілеу кезінде объективті себептермен (денсаулық жағдайы бойынша, жақын туыстары қайтыс болған жағдайда, жарыстар мен олимпиадаларға қатысуына байланысты) қатыспаған адамдардан басқа осы Қағидалардың 6 жəне 9-тармақтарында көрсетілген білім алушылар қатысады.

 
  1. Білім беру саласындағы уəкілетті орган (бұдан əрі – уəкілетті орган) қатысушылар мен жұршылықты іс-шараға дайындық жұмыстары мен өткізілуі туралы бір ай бұрын хабардар етеді.
  2. ББЖМ жүргізілетін орта (бастауыш, негізгі орта), техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін жыл сайын Заңның 55-бабының 6-тармағына сəйкес уəкілетті орган айқындайды. Білім беру ұйымдары мынадай параметрлер бойынша іріктеледі:
    • аумақтық тиістілігі (қала, ауыл);
    • жалпы білім беретін мекемелердің түрлері (жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия, мектеп-гимназия, мектеп-лицей);
    • білім алушылар контингенті;
    • оқыту тілі (қазақ/орыс);
    • білім беру ұйымдарының қатысу пайызы (25%).

Жыл сайын бұл саннан өткен оқу жылдары ББЖМ-ға қатысқан білім беру ұйымдары алынып тасталады.

Білім беру ұйымдарын іріктеу оларды кездейсоқ іріктеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуге қалыптастырылған жұмыс тізімін жүктеу нəтижесінде жүзеге асырылады.

  1. Шектеу іс-шаралары, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта əлеуметтік, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда уəкілетті орган Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің шешімі немесе облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының ұсыныстары негізінде ББЖМ-ны өткізбеу туралы шешім қабылдайды.
  2. Тестілеу тапсырмаларының санын, мазмұны мен нысанын, сондай-ақ тестілеуге бөлінетін сағат санын МЖБС-ға сəйкес тест спецификациясы айқындайды.

Тест спецификациясын "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорны (бұдан əрі – ҰТО) əзірлейді.

  1. Білім беру ұйымдарында ББЖМ-ны ұйымдастыру жəне өткізу үшін уəкілетті орган Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің уəкілетті өкілдерінің тізімін бекітеді, оның құрамына облыстық, аудандық білім беруді басқару органдарының өкілдері (жауаптылары), Білім жəне ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Білім саласында сапаны

 

қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерінің өкілдері (бұдан əрі – Министрліктің уəкілетті өкілдер) кіреді.

  1. Білім беру ұйымдарында ББЖМ жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды Министрліктің уəкілетті өкілдері жүзеге асырады.
  2. Тестілеу басталғанға дейін Министрліктің уəкілетті өкілі компьютерлік аудиториялардың дайындығын тексереді жəне тестіленушінің жеке коды бар отырғызу парақтары бойынша тестіленушілерді сəйкестендіруді білім беру ұйымы ұсынған білім алушылардың тізіміне сəйкес жүзеге асырады.

Тестілеу басталар алдында тестіленушіге сілтеме мен веб-қосымшаға авторизациялау параметрлері беріледі (логин жəне пароль).

Министрліктің уəкілетті өкілі білім алушыларға ББЖМ-ны жүргізу тəртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

  1. Тестілеу өткізу кезінде білім алушыларға сөйлесуге, қағаз, электрондық жəне өзге де тасымалдағыштардағы ақпараттарды пайдалануға тыйым салынады.

Тестілеуден өту кезінде калькуляторды, анықтамалық əдебиетті (Менделеев кестесі мен тұздардың ерігіштігі кестесінен басқа), электрондық жазба кітапшаларын жəне қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларды (оның ішінде мобильді телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды) пайдалануға рұқсат етілмейді.

Тестіленуші осы Қағидаларды бұзған жағдайда Министрліктің уəкілетті өкілі тестіленушіні аудиториядан шығару туралы шешім қабылдап, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сəйкес тыйым салынған заттың тəркіленуі жəне тестіленушіні аудиториядан шығару туралы акт жасайды, тестіленушінің нəтижелері жойылады.

  1. Бөгде адам анықталған жағдайда Министрліктің уəкілетті өкілі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сəйкес тестілеуге кіргізу немесе тестілеу өткізу кезінде бөгде адамды анықтау актісін жасайды.
  2. Тестілеу уақытында аудиторияға Министрліктің уəкілетті өкілі мен ұйым басшысы ғана кіреді.
  3. Тестілеу өткізу кезінде білім алушыларға Министрліктің уəкілетті өкілінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға жол берілмейді.
  4. Тестілеу аяқталған соң білім алушылардың нəтижелері компьютердің экранына шығарылады.

 
  1. ББЖМ жүргізілгеннен кейін білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін анықтау үшін орта білім беру, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тестіленушілері мен педагогтері арасында жасырын сауалнама жүргізіледі.
  2. ҰТО уəкілетті орган белгілеген мерзімде тестілеу рəсімін бағдарламалық жəне техникалық қамтамасыз етеді жəне ББЖМ нəтижелерін статистикалық өңдеуді жүзеге асырады.
  3. ББЖМ нəтижелері білім беру ұйымдарының назарына ол аяқталған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде жеткізіледі жəне құқықтық салдары болмайды.
  4. ББЖМ нəтижелері туралы ақпарат уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
  5. ББЖМ нəтижелері бойынша уəкілетті орган білім беру ұйымдарына ол аяқталған күннен кейін үш ай ішінде ББЖМ нəтижелерінің кешенді талдауын, "Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны дайындаған əдістемелік ұсынымдарды жолдайды.
  6. Уəкілетті орган рейтингтік зерттеулер жүргізетін ұйымдардың пайдалануы жəне Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы Ұлттық баяндамаға енгізу үшін білім беру саласындағы ағымдағы ахуалды бағалауды көрсететін талдамалық есепті қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларына

1-қосымша

Тыйым салынған заттардың тəркіленуі жəне тестіленушіні аудиториядан шығару туралы Акт

Білім беру

ұйымы

 




 
 

(код) (атауы)

"         "                                   20          жыл               сағат                 минут Министрлік өкілі

 




 
 

Т.А.Ə. (бар болған жағдайда)


 

Тестілеу уақытында: №          аудиторияның, №           орнында отырған тестіленуші

Т.А.Ə. (бар болған жағдайда)                                                             , СЖК                                       нұсқа №                  

Білім    алушылардың    білім    жетістіктеріне     мониторинг    жүргізу қағидаларының

20-тармағы бұзылғандығын дəлелдейтін төмендегі заттар табылды:



 




 
 


(табылған заттың атауы (маркасы, саны)) Аталған фактіні ескере отырып,

-емтихан материалын алу;

-тестіленуші:          Т.А.Ə.         (бар          болған          жағдайда)

                                                           ,

СЖК                      , №              

аудиториядан шығару жəне тестілеу нəтижелерін жою туралы шешім қабылданды



 




 
 




 




 
 


(осы актіні құрған тұлғалардың Т.А.Ə. (бар болған жағдайда), қолдары) Актімен таныстым:



 




 
 


(тестіленушінің қолы жəне Т.А.Ə. (бар болған жағдайда))



 




 
 


(Министрліктің уəкілетті өкілінің қолы жəне Т.А.Ə.)


 







Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларына

2-қосымша

Тестілеуге кіргізу/тестілеу барысында бөгде тұлғаның анықталуы туралы акт

Білім                        беру                        ұйымы

 




 
 

(код) (атауы)

Күні "         "                                20        жыл уақыты           с.               мин.

Министрліктің                    уəкілетті                    өкілі

 




 
 

Т.А.Ə. (бар болған жағдайда)

Тестілеу тапсыру үшін білім беру ұйымының ғимаратына кіру/тестілеу тапсыру

кезінде тестіленуші



 




 
 


(тестіленушінің Т.А.Ə. (бар болған жағдайда) жəне СЖК (бар болған жағдайда))

орнына                        бөгде                       тұлға

 




 
 

(бөгде тұлғаның Т.А.Ə. (бар болған жағдайда)) кіру фактісі анықталды.

Аталған фактіні ескере отырып:


 

Тестіленуші

 




 
 

(Т.А.Ə (бар болған жағдайда)., СЖК)

тестілеу тапсыру үшін білім беру ұйымының ғимаратына кіргізбеу /емтихан материалдарын   алу,   жəне    тестілеу    нəтижелерін   жоя   отырып,   №

      аудиториядан

шығару туралы шешім қабылданды. ТЖК       

Актімен таныстырылды:



 




 
 


(тестіленушінің/жалған тұлғаның қолы жəне Т.А.Ə (бар болған жағдайда))



 




 
 


(Министрліктің уəкілетті өкілінің қолы жəне Т.А.Ə.)




 




 
 




Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрі 2021 жылғы 5 мамырдағы

№ 204 бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

  1. "Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық

 

актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13287 болып тіркелген, "Əділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 наурызда жарияланған);

  1. "Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 10 наурыздағы № 109 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14994 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 20 сəуірде жарияланған);
  2. "Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 517 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17511 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 18 қазанда жарияланған);
  3. "Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 42 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19986 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 6 ақпанда жарияланған).



© 2012. Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама жəне құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Похожие публикации: