ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ » "Мақтарал" МГ
Түркістан облысы білім басқармасының
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
№5 "Мақтаарал" гуманитарлы-қоғамдық пәндер бағытындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
25
декабрь
2023

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Сапар аясында облыс әкімі Дархан Сатыбалдының, сондай-ақ мектеп директорлары, білім бөлімі мен басқарма басшыларының қатысуымен білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңес өтті.

PISA жаһандық зерттеу нәтижелері мен МОДО білім сапасын бағалау жүйесі бойынша Түркістан облысы мектептерінің нәтижелері көптеген сұрақтар туғызады. Тежеуші факторларды анықтау үшін Оқу-ағарту министрлігі биыл қараша айында 8 негізгі критерий бойынша білім беру ұйымдарының қызметіне кешенді талдау және бағалау жүргізді. Кадрлық құрам, білім алушылар контингенті, құрылтай және құқық белгілейтін құжаттардың болуы, оқу процесі, тәрбие жұмысы, оқу-материалдық активтер, білім алушыларға жағдай жасау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері зерделенді. Жалпы Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара аудандарының, Арыс және Түркістан қалаларының 235 мектебі қамтылды. Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізілді.

«Білім беру жүйесін жақсарту мақсатында министрлік жыл басынан бері білім беру сапасын арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған бірқатар ірі жобаларды іске асырды. Жүргізілген мониторинг өңірдегі білім жүйесінің дамуына жаңа серпін беруі тиіс. Біздің ортақ мақсатымыз – балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Ол үшін жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген бағдарларды анықтау қажет. Тексеру нәтижелері бойынша білім басқармасы түбегейлі шаралар қабылдауы қажет», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

️Кеңес қорытындысы бойынша 2024 жылдың сәуір айында Түркістан облысының қалған білім беру ұйымдарына осындай мониторинг жүргізу туралы шешім қабылданды.

Жалпы, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді жүйелі шешу үшін министрлік жыл басынан бері еліміздің барлық өңірлеріндегі басқармаларда білім беру аудитін қайта бастады. Алғашқы талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, осы жылдың сәуір айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп білім беру саласындағы бюджет қаражатын жоспарлау және игеру мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған тетіктерді әзірлеу жөніндегі жоспар іске асырылуда.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ



Похожие публикации: