"№5 Мақтаарал мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы атқарған жұмыстарының жылдық жоспары » "Мақтарал" МГ
Түркістан облысы білім басқармасының
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
№5 "Мақтаарал" гуманитарлы-қоғамдық пәндер бағытындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "№5 Мақтаарал мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы атқарған жұмыстарының жылдық жоспары
27
декабрь
2023

"№5 Мақтаарал мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы атқарған жұмыстарының жылдық жоспары

«№5  МАҚТААРАЛ  МЕКТЕП  -  ГИМНАЗИЯСЫ»   КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ  2023  ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН   ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ   ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«№5  Мақтаарал  мектеп  -  гимназиясы»   коммуналдық   мемлекеттік   мекемесінде 1649 оқушы білім алуда.1-11 сыныптар мен мектепалды даярлық сыныбын қоса алғанда 86 сынып  комплектісі бар.
2023-2024 оқу жылында   11 сынып оқушылары  арасында   «Алтын белгіден»  үміткер оқушылар -9,  «Үздік аттестатқа»  үміткер оқушылар -2,
9 сынып оқушылары арасында   «Үздік  аттестатқа»  үміткер оқушылар –17
Мектеп 2 ауысымда жұмыс жасайды. Мектептегі жалпы қызметкерлер саны –200
Оның ішінде педагогтер саны -176.
Педагогтер санаты бойынша:
Педагог-модератор – 38
Педагог – сарапшы -55
Педагог-зерттеуші – 43
Педагог-шебер   -4
Қалғаны – 36 педагог санатындағылар.
Педагогтердің  біліктілігін арттыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отырады.
2023  жылы  жалпы  88  педагог  ПШО,  «Өрлеу»  бойынша  білімін  жетілдірді.
Мектебіміз  ауданда  №9 А.Байтұрсынов ЖББМ,  №45  «Мәдениет»  ЖББМ,               №46  Т.Бигельдинов мектептеріне жетекшілік етіп, серіктестікпен жұмыстар атқарып келеді.Мектебімізде  2023 жылдың сәуір айында  «Лессон стади» сабақты зерттеу жұмыстары бойынша  математика пәнінен облыстық деңгейде семинар өткізілді.Облыстық және аудандық семинарларда 20 зерттеу тобы өз деңгейінде  тәжірибелерін таратты.
                   * Оқушыларымыз бен мұғалімдердің жетістіктері:*
1.     Бекболатов Темур Ағылш. т 1 орын облыс
2. Қазыбек Балх Ағылш. т 2 орын облыс
3. Саламова Самира  Өнерлі бала 1 орын республика
4. Жақсылық Динара  Сурет салу 3 орын облыс
5. Амирова Ағипа матем 3 орын облыс
6. Элмуратов Асылбек Қазақ т Алғыс хат облыс
7. Айнабеков Бақытжан Техн. шығармаш. ІІ орын  облыс
8. Күнтуған Камшат Төле бидің 360 ж эссе ІІІ орын облыс9.    Байзақ Темірлан химия ІІІ орын облыс
10.  Сүндет Мұхаммед-Әли Ғылыми жоба Мақтау қағазы  облыс
11. Индрулинас Анастасия Президент олимпиадасы         3 орын облыс

              Оқушыларымыздың ғылыми жоба бойынша жетістіктері
1. Байзақ Темірлан Ғылыми жоба «Химия» секциясы         3 орын облыс
2. Естөре Үміт«Зерде» физика сек 3 орын  аудан
3. Нам Фаина «Зерде» орыс т сек 1 орын  аудан
4. Айнабеков Бақытжан Техникалық шығармаш 
        1 орын  аудан
5. Яхия Динара «Зерде» тарих сек 1 орын  аудан
6. Асанова Аружан «Зерде» тарих сек Алғыс хат аудан8.    Базарбай Ұлту «Зерде» тарих сек 1 орын  аудан

1. Амангелді Алуа «Зерде» технология секциясы 1 орын  аудан
2. Нам Фаина «Зерде» этномәдениеттану 2 орын  облыс
3. Шишкин Анатолий «Зерде» Робототехника 2 орын облыс
4. Давронов Жонибек «Зерде» Робототехника 2 орын облыс
5. Самат Алина «Зерде» Химия  секциясы 3 орын облыс
6. Халил Жанерке «Зерде» ағылшын тілі секциясы         1 орын аудан

Мұғалімдеріміздің жетістіктері
1 Артыкова Феруза химия «Үздік авторлық бағдар.» 
        2 орын  облыс
2 Бекмурзаева Рыскул технол. «Тұлпар мініп,ту алған» 
         Алғыс хат облыс
3 Өскенова Ұлбосын орыс т. Инновациялық идеялары   
         Мадақтама облыс
4 Кудярова Ботагөз орыс т. Облыстық пән олимпиада 
       3 орын  облыс
5 Керимбекова Маржан биолог Облыстық пән 
       олимпиадасы 3 орын  облыс
6 Хусаинова Динара ағыл. т. Облыстық пән олимпиад 3 орын  облыс
7 Сапарбай Бибі қаз т. Өнерлі ұстаз-2022 2 орын  облыс
8 Рабиев Мехрбахш дене т. Шахмат спорт түрінен 1 орын  облыс
9 Айдарова Гулназ тарих Пән олимп.үздік педагогі Бас жүлде облыс
10 Қарабоев Оралбек Дене .т. Таеквандо Алғыс хат Узб.Рес.
11 Керимбекова Маржан биолог Сапалы білім-саналы тәр Алғыс хат облыс
12 Садирова Слушаш матем. Құзіретті мұғалім-сапалы Мадақтама облыс
13 Худжумборова Замир баст. Креативті әдістерді дамыту Грамота  облыс
14 Пазылбекова Гулбах қазақ т. Креативті әдістерді дамыту Грамота  облыс
15 Сахова Бақтыгүл биолог Креативті әдістерді дамыту Грамота  облыс
16 Кудрявцева Н. А баст. Креативті әдістерді дамыту Грамота  облыс
17 Юнеева Эльвера  баст. Креативті әдістерді дамыту Грамота  облыс
18 Дю Ирина ағыл.т. Креативті әдістерді дамыту Грамота  облыс
19 Климова Марина технол. Креативті әдістерді дамыту Грамота  облыс
20 Сартаева Жадыра баст. Креативті әдістерді дамыту Грамота  облыс
21 Ералиева Гулайна қаз. т. Креативті әдістерді дамыту Грамота  облыс
22 Бурлибаева Тазагүл баст. Креативті әдістерді дамыту Грамота  облыс
23 Сексенбаева Жаңыл инфор Креативті әдістерді дамыту Грамота  облыс
24 Тимощук Ирина орыс т Креативті әдістерді дамыту Грамота  облыс
25 Ахетова Раушан матем «Лессон стади» әдістері Мадақтама облыс
26 Файзулина Елена матем «Лессон стади» әдістері Мадақтама облыс
27 Садирова Слушаш матем «Лессон стади» әдістері Мадақтама облыс
28 Нарбекова Назерке матем «Лессон стади» әдістері Мадақтама Облыс
29 Назаркулова Ұлжан ағыл Поэзия әлемі 3 орын  Облыс

"№5  Мақтаарал мектеп-гимназиясы"  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша гуманитарлық бағытынан Республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңінен  жүлделі орындарға ие болып, бірнеше оқушылар облыстық олимпиадаға жолдама алды.                                                                                                                                                      
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша:
10-сынып оқушысы(орыс сыныбындағы қазақ тілі) Худайкулова Шахноза І орын.
Жетекшісі: Утелова Улдана
10-сынып оқушысы К.Кунтуған ІІІ орын. Жетекшісі: Ералиева Гүлайна
11-сынып оқушысы А. Кульчикова ІІІ орын. Жетекшісі: Пазылбекова Гүлбахар
9- сынып оқушысы Ж.Давулова ІІІ орын. Жетекшісі: Салиева Меруерт
9-сынып оқушысы А.Жамантай  Алғыс хат.
Жетекшісі: Қожахметова Баян
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша:
9- сынып оқушысы Маханбетова Динара І орын.
 Жетекшісі: Саменова Гаухар
9- сынып оқушысы Богачева София І орын. 
Жетекшісі: Николенко Анна
10- сынып оқушысы Кудрявцева Алена ІІ орын. 
Жетекшісі: Гайсина Р
11-сынып оқушысыИндрулинас Анастасия ІІІ орын. 
Жетекшісі: Тимощук И
Облыстық кезеңге жолдама алған Маханбетова Динара мен Богачева София
Құқық негіздері пәні бойынша:
11- сынып оқушысы Добрыднева Карина І орын.
Жетекшісі: Акбаров Э
«Алтын сақа»  олимпиадасынан 1-4 сыныптар арасында 4 оқушы
5-9 сыныптар арасында 8 оқушы бірінші орынды иеленді.
Ауыл балаларына арналған олимпиадаға мектебіміздің оқушылары іріктеуден өтіп 30 оқушымыз  облыстық кезеңге қатысты.

Оқушыларымыздың  спорт саласы бойынша  жетістіктері
2023 жылдың басы ақпан айының 2 мен 10 күндері Біріккен Араб Әмірлігі мемлекеті Дубайға қарасты Фуджейра қаласында болып өткен әлем елдерінің қатысуымен  таеквондо жарысына 3 оқушы қатысып соның арасынан Шишкин Артем 3 орынды иеленді.
2023 жылдың наурыз айында Ташкент қаласында болып өткен халықаралық турнирде мектебіміздің шәкірттері қатысып жоғары нәтижелерге ие болды
2023 жылы тамыз айында Оңтүстік Кореяға ауданымыздың атынан  екі шәкіртіміз барып әлем чемпионатында өз өнерлерін көрсетіп 3 орын иеленіп келді.

                         Тәрбие саласы бойынша
    2023-2024  оқу жылының білім күні "Мектебім-мейірім мекені" тақырыбында алғашқы қоңырау мерекесі болып өтті. 
Мерекеге аудандық білім бөлімінің әдіскері Мырзалиева Нурсұлу Курмановна, ата-аналар жиналысының  төрағасы Худайкулов Акабай Худайкулович,ауыл әкімі  Азимов Сламхан, ардагер ұстаздар мен мекеме басшылары қатысты.
2023  оқу  жылдың  5- 15 қыркүйек аралығында күні  ҚР Тілдер мерекесіне байланысты  «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі»  атты мерекелік ашылу салтанаты өтті..
    07.09.2023 жылы 5-11 сыныптар арасында  «Біз-бір шаңырақ баласымыз» тақырыбында сынып жетекшілер бақылауымен  әр сынып қабырға газеттерін шығарды .                                                                                                                                            
    5 қыркүйек пен 15 қыркүйек аралығында "Өз ұлын ,өз ерлерін ескермесе , Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді" тақырыбында өңір жұртшылығына арналған кітап көрмесін  өтті..
     7 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні және ағылшын тілі пәні  мұғалімдері 10 сынып оқушыларымен «Үздіктен үйрен» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 
 11 қыркүйек күні оқушылар арасында «Ақындар айтысы»  іс-шарасы ұйымдастырылды.11 қыркүйек күні Қожа Ахмет Яссауидің  930 жылдық мерей тойына орай «Қожа Ахмет Яссауи- түркі халықтарының ар мен жан тазалығын дәріптеуші»  челенджі үш тілде ұйымдастырылды.
    13 қыркүйек  күні қазақ тілі, ағылшын тілі  және орыс тілі пәні мұғалімдері арасында  «Тілім менің тірлігімнің айғағы» тақырыбында мектепішілік  эссе байқауы өтті.
      ҚР Тілдер мерекесіне байланысты  «Мәңгілік ел -  мәртебелі тіл » тақырыбында 5 қыркүйек пен 15 қыркүйек аралығында өткізілген  онкүндік  мерекелік іс-шарамен қорытындыланды..
 1-қазан «Халықаралық қарттар күнін» атап өту мақсатында іс – шаралар      жоспары бекітілді. «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты сынып сағаттары 1-4 сыныптар арасында «Ата – әже байлығым» атты сурет байқауы өтті.                                            1- қазан «Халықаралық қарттар күніне» орай «Зерде» шаңырағының қатысуымен мерекелік іс – шара ұйымдастырылып өтті. Мерекеге ардагер ұстаздарымыз А.Худайкулов, М.Карабашева, Ш.Баймаханова, Г.Саржанова, Л.Горшкова келіп қатысты.
Кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жұмыстар  жүргізілді.
12 – қазан күні 9-11 сынып оқушыларына  кәсіптік бағдар беру мақсатында «Мамандық таңдау  - өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
13 – қазан күні 8-11 сынып аралығында педагог  – психологтар «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында анонимді сауалнама алды.
25 – қазан Республика күніне орай іс – шаралар жоспары құрылып, «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» атты сенбіліктер, сынып сағаттары,«Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауы,.
Ұлдар және қыздар кеңесін өткізіп насихаттау жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп инспекторы Н.Тоқсанбаймен біргелесіп жиналыс өтті. Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты іс – шара ұйымдастырылды. Іс – шараға Атакент кентінің қажы апалары, аяулы әжелерін шақыртып қыздарға әдептілік, инабаттылық, сыйласу, қонақ күту сияқты өздерінің өсиеттерін, ақыл – кеңестерін айтты.
10- қараша күні  кезекті ата – аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста І тоқсанның қорытындысы, оқушылардың өмір, жол қауіпсіздігі , «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік науқанына орай баяндама жасалды. Сонымен қатар, педагог – психологтар  «Өз балаңа - үлгі бол» психологиялық тренинг өткізді.
14 – қараша күні «Оқушылардың жол қауіпсіздігі, тұрмыстық техника қауіпсіздігінің алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді. 10-20 қараша күндері аралығында «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік науқанына орай «Қатыгездік пен зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында сынып сағаттары өтті. 24 қараша күні жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Құқық сабақтары – өмір сабақтары» атты медицина, прокуратура органдарының өкілдері мен кездесу өткізілді. Кездесуге Мақтаарал ауданының прокуратурасының аға прокуроры Сарсенбай Жеңіс Сарсенбайұлы, мектеп инспекторы Т.Гулиев, «Атакент» ауруханасының психологі Сейітханова Ж. келіп баяндама жасады..
1- желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС – ке қарсы күрес күніне орай 9-11 сынып оқушыларына «Нашақорлық  - ғасыр дерті» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа «Атакент» ауруханасының фтизиатр дәрігері  Қ.Жолдасова  «Туберкулездің алдын алу», инфекционист дәрігер Д.Джурабекова  қатысып «СПИД, ВИЧ, Тұмау» тақырыбында  баяндама жасады.
17 қараша күні Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ – нің дінтанушы  - теолог маманы Д.Амановтың қатысуымен «Жасөспірімдер мен жастар арасындағы теріс ағымның ықпалының алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
22 қараша күні «Балалар қауіпсіздігі – басты орында!» тақырыбында аудандық семинар болып өтті.Семинарға МАББ  әдістемелік кабинет меңгерушісінің орынбасары   Б.Дербес  мен 56 мектептің тәрбие орынбасарлары мен сынып жетекшілері келіп қатысты. Балалардың өмір қауіпсіздігіне байланысты түрлі тақырыптарда   сынып жетекшілерміз  ашық тәрбие сағаттарын өтті. Семинар өз дәрежесінде өтті.
 «16 желтоқсан  - Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай «Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім!», «Тәуелсіздік тұғырым», Тәуелсіздік  - ата – бабам аңсаған», «Тәуелсіздік  - баға жетпес байлығым», «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» тақырыптарында тәрбие сағаттары өтті.
2023-2024 оқу жылы  мектебіміздің әлеуметтік саласында атқарылған жұмыстар
«№5 Мақтаарал мектеп гимнасиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы 01.08.2023ж – 29.09.2023ж аралығында «Жақсылық жасайық!» атты тақырыпта  өткізілді. Мектебімізде оқитын 2 оқушы тұл жетім, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан 134 оқушылардың ата-аналарының жеке есеп шотына 40576 тг қаржылай көмек әр оқушыға берілді
Жеке кәсіпкер,демеуші  Бекжанов Нұржан мектепте аз қамтылған, көп балалы, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасынан шыққан 50 оқушыны мектеп формасы,оқу құрал жабдықтары, спорт киімі,мектеп сөмкесі,аяқ киімдермен қамтамасыз етті. Жалпы сомасы 1млн 440 мың теңге демеушілік көмек көрсетілді.Сонымен қатар,демеушілер тарапынан көп балалы отбасынан шыққан және әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға мектеп формасы,сөмке,қысқы куртка мен аяқ киімдер берілді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

"№5 Мақтаарал мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы атқарған жұмыстарының жылдық жоспары

Похожие публикации: