Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын əзірлеу, келісу жəне бекіту қағидаларын бекіту туралы » "Мақтарал" МГ
Түркістан облысы білім басқармасының
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
№5 "Мақтаарал" гуманитарлы-қоғамдық пәндер бағытындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын əзірлеу, келісу жəне бекіту қағидаларын бекіту туралы
06
октябрь
2023

Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын əзірлеу, келісу жəне бекіту қағидаларын бекіту туралы

8-kaz.pdf [136,05 Kb] (cкачиваний: 1)
Посмотреть онлайн файл: 8-kaz.pdf

Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының

білім беру бағдарламаларын əзірлеу, келісу жəне бекіту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығы.

"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары бекітілсін.
  2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:


  1. осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;


  1. осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;


  1. осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.


4 Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.


5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн

өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрі


 

А. Аймагамбетов


 



Қазақстан Республикасы

Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы

№ 175 бұйрығына 1-қосымша


Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары

  1. тарау. Жалпы ережелер
    1. Осы Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының

5-бабының 38-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және педагогтердің біліктілігін


 

арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірлеу, келісу және бекіту тәртібін айқындайды.

  1. Бағдарламаны педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдары әзірлейді.


  1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен іске асырылатын Бағдарламаларға сараптама жүргізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті органның ұдан әрі - Уәкілетті орган) бұйрығымен үш жыл мерзімге консультативтік-кеңесші орган - Сараптамалық кеңес құрылады.


Сараптамалық кеңестің құрамына Уәкілетті органның өкілдері, ғылыми ұйымдардың қызметкерлері, білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, әдістемелік кабинеттердің/орталықтардың әдіскерлері, білім беру ұйымдарында, оның ішінде педагогикалық жоғары оқу орындарында кәсіби қызметті іске асыратын педагогтер қатарынан кемінде жеті адам кіреді.


2- тарау. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәртібі

  1. Бағдарламаларды әзірлеуді педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдары жүзеге асырады.


  1. Бағдарламаны әзірлеу үшін педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдар мыналарды жүргізеді:


-қолданыстағы талаптардың өзгеруі немесе жаңа талаптардың пайда болуы тұрғысынан Қазақстан Республикасының заңнамасын және нормативтік құқықтық актілерді талдау;


ғымдағы жыл ішінде біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтердің кәсіби қиындықтары мен қажеттіліктеріне сауалнама жүргізу арқылы диагностика жүргізу.


  1. Біліктілікті арттыру ұйымы жүргізген талдау мен диагностика нәтижелері хаттамамен ресімделеді.


  1. Талдау нәтижелері мен хаттама негізінде біліктілікті арттыру ұйымы Бағдарламаны әзірлеу туралы шешім қабылдайды.


  1. Бағдарламаны әзірлеу туралы шешім әзірлеу мерзімі, Бағдарламаның атауы, оқытудың ұзақтығы мен нысаны көрсетіле отырып, педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымының бұйрығымен ресімделеді.


  1. Бағдарламаны педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №

604 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 1 қарашада № 17669 болып тіркелген) бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ тиісті бағыттар (мамандықтар) бойынша мамандарды даярлау деңгейіне кәсіби стандарттардың (бар болса) талаптарын ескере отырып, әзірлейді.

  1. Бағдарлама мынадай құрылымдық элементтерді қамтуы тиіс:


  1. Жалпы ережелер;

 
  1. Глоссарий;


  1. Бағдарлама тақырыбы;


  1. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері;


  1. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны;


  1. Оқу процесін ұйымдастыру;


  1. Бағдарламаның оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі;


  1. Оқу нәтижелерін бағалау;


  1. Курстан кейінгі қолдау;


  1. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.


  1. Барлық Бағдарламалардың жобалары жария талқылау үшін педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымының интернет-порталында орналастырылады. Жобаларды жария талқылау мерзімі интернет-порталда орналастырылған күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.


  1. Бағдарламалар мынадай тәртіппен ресімделеді


Мәтін қағаз немесе электрондық бланкіде *docx форматында келесі параметрлерді ескере отырып басылады:


  1. қаріп - "Times New Roman" №14 өлшемі;


  1. жоларалық интервал - бір;


  1. абзацтық шегініс (бірінші жолдың шегінісі) - 1,25 сантиметр;


  1. сол жақ жиегі - 2,5 сантиметр, оң жақ жиегі - 1,5 сантиметр, колонтитулдар - 2,5 сантиметр.


3- тарау. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын келісу тәртібі

  1. Педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдары Бағдарлама жобасын Уәкілетті органға келісу үшін жолдайды.


  1. Уәкілетті орган келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Бағдарлама жобасын Сараптамалық кеңестің қарауына жібереді.

 
  1. Бағдарлама жобасын қарау мерзімі-15 жұмыс күні. Бағдарлама жобасын қарау қорытындылары бойынша Сараптамалық кеңес сараптамалық қорытынды қалыптастырады.


Бағдарлама жобасы осы Қағидалардың 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және

12-тармақтарына сәйкес келген жағдайда Сараптамалық кеңес Бағдарламаны келісу туралы сараптамалық қорытынды береді.


Бағдарлама жобасы осы Қағидалардың 10 және 12-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда Сараптамалық кеңес Бағдарламаны пысықтауға қайтару туралы сараптамалық қорытынды береді.


Бағдарлама жобасы осы Қағидалардың 5, 6, 7, 8, 9 және 11-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда Сараптамалық кеңес Бағдарламаны келісуден бас тарту туралы сараптамалық қорытынды береді.


  1. Педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымы Бағдарлама жобасын пысықтау қажеттілігі туралы қорытынды алған жағдайда оны пысықтайды және қайта келісуге жібереді.


4-тарау. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту тәртібі

  1. Бағдарламалар Сараптамалық кеңестің келісу туралы шешімін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымының бұйрығымен бекітіледі.


  1. Бекітілген Бағдарламалар педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымының

сайтында орналастырылады.


  1. Бекітілген Бағдарламаларды қайта қарау үш жылда кемінде 1 рет жүзеге асырылады.


Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы

№ 175 бұйрығына


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

  1. "Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 32 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 24 ақпанда № 13182 болып тіркелді, 2016 жылғы 06 сәуірде Қазақстан Республикасы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған );
  2. "Мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім

 

беру бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 92 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 29 ақпанда № 13306 болып тіркелген; 2016 жылғы 06 сәуірде Қазақстан Республикасы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

  1. "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы

10 наурыздағы № 193 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 15 сәуірде № 13594 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

  1. "Өзін-өзі тану" рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарының педагогикалық кадрларының біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 293 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 25 мамырда № 13735 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
  2. "Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 32 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қыркүйектегі №

558 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 24 қазанда № 14356 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

  1. "Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 32 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 6 наурызда № 14873 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 27 наурызда жарияланған);
  2. "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 10 наурыздағы № 193 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі №

155 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 18 мамырда № 15130 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 31 мамырда жарияланған);

  1. "Мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 92 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 202 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 26 мамырда № 15182 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 26 маусым жарияланған);
  2. "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016

 

жылғы 10 наурыздағы № 193 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі №

165 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 10 мамырда № 16877 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 23 маусымда жарияланған);

  1. "Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 9 шілдедегі № 327 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 27 шілдеде № 17239 болып тіркелген; Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 15 тамызда жарияланған);
  2. "Мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 92 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 161 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 24 сәуірде № 18578 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 14 мамырда жарияланған);
  3. "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 10 наурыздағы № 193 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 330 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 26 шілдеде № 19092 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 6 тамызда жарияланған);
  4. "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 10 наурыздағы № 193 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 1 қазандағы №

428 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 1 қазанда № 19438 болып тіркелген; Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 қазанда жарияланған).