Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық » "Мақтарал" МГ
Түркістан облысы білім басқармасының
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
№5 "Мақтаарал" гуманитарлы-қоғамдық пәндер бағытындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық
09
октябрь
2023

Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық

16-kaz.pdf [1,34 Mb] (cкачиваний: 7)
Посмотреть онлайн файл: 16-kaz.pdf

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ













Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша

нұсқаулық


Оқу-әдістемелік құрал




















Астана, 2017


 

УДК 371.3

ББК 74.202.5

Р 85



Пікір білдірушілер:

М.Н.Сарыбеков – п.ғ.д., профессор, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті


К.М.Кертаева - п.ғ.д., профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті



Р 85 Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал. / О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен – Астана:

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016. - 54 б.



ISBN 978-601-7905-69-9



Оқу-әдістемелік құралда негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдерінің әрекетінде білім алушылардың оқу жетістігін қалыптастырушы, жиынтық бағалау үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыруға қатысты мәселелер қарастырылған. Бұдан басқа үлгілер мен тәжірибелік ұсыныстар берілген, тоқсандық және жылдық баға қою механизмі сипатталған.

Аталған нұсқаулық жаңартылған орта білім беру мазмұны аясында құрастырылған және педагогикалық мамандықтағы студенттерге, мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, сондай-ақ барлық педагогикалық қауымға арналған.




УДК 371.3

ББК 74.202.5





ISBN 978-601-7905-69-9


© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

«Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы, 2017


 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ                                                                                                                                              4

1  ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР                                                                                       6

2  КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ)                                            8

3   КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ                                                                     9

4  КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ                                                                              10

4.1   Қалыптастырушы бағалау үдерісі                                                                                     12

4.1.1   Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру                              13

4.1.2   Қалыптастырушы бағалаудың әдістері                                                                     17

4.1.3   Кері байланыс беру                                                                                                        20

4.1.3 Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау                                                      22

4.2   Жиынтық бағалау үдерісі                                                                                                    23

4.2.1   Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау                                           24

4.2.1.1   Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру                                                                                                                        25

Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың міндеті – білім алушының ағымдағы оқу жетістігін, аралық нәтижелерін белгілеу.                                                                      28

4.2.1.2 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерін талдау28

4.2.2   Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі                                                                  32

4.2.2.1             Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру          33

4.2.2.2     Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін талдау                                       35

4.2.2.3   Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау                    35

6  БАҒА ҚОЮ МЕХАНИЗМІ                                                                                                           38

6.1   Тоқсандық баға қою                                                                                                             39

6.2   Жылдық баға қою                                                                                                                  40

 

КІРІСПЕ


Орта білім берудің тиімді әрі маңызды көрсеткіштерінің бірі мектептегі білім беру әрекетінің қызметін, дамуын, оқушыларға және олардың нәтижелеріне әсер ететіндігін көрсететін білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың әлеуетті деңгейіне тікелей байланысты.

Бағалау жүйесіндегі тиімділігі маңызды көрсеткіштердің бірі орта білім беретін мектептердегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет ететінін, даму жағдайын, білім алушыға, оның нәтижесіне әсер етуін көрсететін білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалау жүйесінің қаншалықты сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың шама деңгейіне соншалықты байланысты.

Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» ұлттық жоспарында экономикалық өсудің түбегейлі, негізгі сапасы ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеру екенін атап көрсетті. Аталған бағытты жүзеге асыру білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңартуды көздейді.

«Ұлттық білім беру саясатына шолу. Қазақстандағы орта білім беру» (2014) ЭЫДҰ есебінде сыныпта жүргізілген бағалаудың жиілігін арттыру, маңыздылығын, сапасын жетілдіруге бағытталған шаралар реті ұсынылған. Сондай-ақ, критерийлер негізінде бағалау жүйесін енгізу, жоғары ойлау деңгей дағдыларына қатысты бағалау критерийлерін анықтау, мұғалімдерді даярлау, білім берудің әр кезеңінде ұлттық стандартталған тестілеу өткізу, мәліметтерді сенімді жинақтау, тиімді жүйе құру және т.б. Бұл ретте өткізілген бағалаудың нәтижелерін тиімді қолдану қажеттілігі ескертіледі.

Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.

Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты әрі қарай оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін бағалау критерийлері негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі туралы нақты ақпарат алу болып табылады.

Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіре отырып құрастырылған критериалды бағалау жүйесі төмендегідей міндеттерді


 

жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

  1. Білім беру қызметінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын объективті және анық бағалау жүйесін іске асыру;
  2. Халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және бірыңғай бағалау механизмін қалыптастыру;

3.  Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру;

  1. Өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау және білім алушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру;

5.  Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жетілдіру;

  1. Білім алушылардың күтілетін нәтижелерге, соның ішінде жоғары деңгей дағдыларына (талдау, жинақтау, бағалау) жетуін бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар үлгілерінің қорын құру;

7.  Объективті, үздіксіз және нақты:

  • білім алушыларға олардың оқуының сапасы туралы;
  • мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;
  • ата-аналарға оқу нәтижелерінің жетістік деңгейі туралы;
  • басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпаратты беру;
    1. Электрондық журналды жинау үдерісін оңтайландыру және ақпараттар ұсыну үшін қолдану;
    2. Әр білім алушының, жеке мектептің, барлық аудан, облыс және мемлекет деңгейіндегі мектептердің бөлім және тақырыптар аясында оқу бағдарламасын меңгеру мониторингін қолдану;
    3. Стандарттарды, оқу бағдарламаларын жетілдіру үшін талдау жүргізу және басқа да басқарушылық шешімдер қабылдау.

Пәндер мен сыныптарға байланысты бағалаудың ұсыныстары қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағында, жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарда қосымша берілген.


 
  • ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

Аталған құжатта төмендегідей терминдер қолданылады:

Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама.

Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.

Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс.

Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру.

Оқытудың күтілетін нәтижелері – білім алушының оқу үдерісі аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын құзыреттіліктер жиынтығы.

Түрлі деңгейдегі тапсырмалар – білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар.

Рефлексия – қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі.

Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.

Оқу бағдарламасы – әр оқу пәнінің мазмұнын және меңгеруге тиісті білім, білік, дағды, құзыреттілік көлемін анықтайтын бағдарлама.

Ортақ тақырып – нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент.

Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы – тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар.

Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.

Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте.

Ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі.


 

Білім алушының оқу жетістігі деңгейі – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі.

Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.

Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым.

Бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал – жиынтық бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуді жүзеге асыратын электрондық құжат.


 
  • КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ)

Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) негізделеді:

  • Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек, неге және қалай оқытады, білім алушының қажеттілігі қандай және бағалау тәжірибесінде жүзеге асыруға қажетті нәтижелерге жетуге қалай көмектесуге болады деген сұрақтарға жауап іздеу.
  • Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділік бар.

Объективтілік, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын анықтайды. Барынша мазмұнды сипаттаманы бағалауды қаншалықты дұрыс өткізетінімізді және нақты нені өлшейтінімізді бағалаудың валидтілігі ұсынады. Аталған қағидатты жүзеге асыру:

  • нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтауды;
  • бағалау критерийлерін құрастыру және негіздеуді;
  • тапсырмаларды құрастыру және рәсімдерді жоспарлауды көрсетеді.
    • Ашықтық және нақтылық. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.

Аталған қағидат мақсаттар мен бағалау рәсімдерінің түсінікті, нұсқаулықтың анық және нақты, нәтижелердің пайдалы және қолжетімді болуын болжайды. Бағалау үдерісінде оның мақсаттылығы мен дұрыстығы еш күмән тудырмауы тиіс. Өз кезегінде білім беру үдерісіне қатысушылар арасындағы өзара әрекет пен сенімге қол жеткізу олардың қызығушылығын арттыру және оқу нәтижесіне оң әсер етуге ықпал етеді.

  • Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады. Бағалау үдерісінің тұрақтылығы рәсімдер арасындағы өзара байланысты негіздейтін және бірыңғай білім беру жүйесін құратын қалыптастырушы бағалау, балл қою кестесі механизмін қолдану және жиынтық бағалаудың кестесін белгілеу әрекеттері арқылы қамтамасыз етіледі.

 
  • Дамытуға бағыттылық. Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады. Бағалау білім алушылардың қандай білім мен дағдыларды меңгергені туралы ақпараттарға талдау жасауға және жинақтауға негізделген білім беру үдерісінің алдағы уақыттағы қадамдары туралы негізгі шешімді қабылдауына мүмкіндік береді.


  • КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны стандарттармен, үдерістермен, бағалау құралдарымен, нәтижелерімен анықталады. (1- сурет).














1-сурет. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулық-

әдістемелік құжаттар негізінде берілген:

  • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта);
  • Оқу бағдарламасы мен оқу жоспары;
  • Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері;
  • Білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау тәртібі;
  • Негізгі   және   жалпы   орта   мектеп   мұғалімдеріне   арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
  • Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
  • Пәндерге    қатысты    қалыптастырушы   бағалауға     арналған тапсырмалар жинағы;

 
  • Пәндерге  қатысты  жиынтық  бағалауға  арналған  әдістемелік ұсыныстар;
  • Пәндерге       қатысты       тоқсандық      жиынтық       бағалаудың спецификациясы.


  • КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

 




 
 


2-сурет. Критериалды бағалаудың құрылымы


Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау (2-сурет). Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады.

Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін.

Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуіне, оны түзетуіне құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата- аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр,


 

оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі.

Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге жағдай жасайды.

Тиімді қалыптастырушы және жиынтық бағалау білім алушы жетістігінің қойылған оқу мақсаттарына қаншалықты сәйкестігін көруге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалім оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия (2-қосымша), оқытудың жеке тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады.

Қалыптастырушы бағалау білім алушыға нақты тапсырманы немесе сабақтағы іс-әрекетті орындау кезінде берілетін кері байланысқа негізделген.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үдерісі білім алушының белгілі бір бөлімді/ортақ тақырыпты аяқтауы бойынша жинақтаған білімі мен дағды деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Аталған бағалау түрінің мақсаты бөлім тақырыбы/ортақ тақырыптар бойынша жіберілген кемшіліктердің дер кезінде алдын алу болып табылады.

Тоқсандық жиынтық бағалау мен білім берудің белгілі бір деңгейіндегі жиынтық бағалау оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау үшін жүргізіледі. Мұндай жиынтық бағалаудың мазмұнына оқудағы күтілетін нәтижелердің ішіндегі репрезентативті таңдау жатады.

Оқу мақсаттарына дифференциалдық қарым-қатынас жасау бақылауға және бағалау рәсімдерінде қолданылған нәтижелерге талдау жасауға мүмкіндік береді. Қажет емес салдарларға жол бермеген дұрыс, яғни баға оқудағы есте сақтау, материалды түсінбеу, қолданбай жаттап алу сияқты жат әдеттерге дағдыландырмауы қажет.

Жиынтық бағалауда жоғары нәтижелерге қол жеткізу білім алушылар үшін де, мұғалімдер үшін де өте маңызды. Бұдан басқа оқу үдерісін тек қана жиынтық бағалау талаптарына шоғырландыру және

«атүсті дайындау» сияқты қатері де бар. Бұл оқу бағдарламасын толықтай меңгеруге кедергі жасауы мүмкін, себебі кез келген жиынтық бағалау оқу бағдарламасының тек белгілі бір бөлігін ғана қамтиды. Мұғалім мақсаттардағы айырмашылықтарды, оны бағалау нәтижелерінде қолдануды анық түсінуі қажет. Сыныпта өткізілген бағалау күнделікті тиімді оқуды қамтамасыз етуі керек. Егер мұндай бағалау тиімді болса, онда емтиханда да оң нәтижелерге оңай жетуге болады.


 
  • Қалыптастырушы бағалау үдерісі

Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады.

Халықаралық тәжірибеде қалыптастырушы бағалау барынша маңызды рөл атқарады және жалпы білім алушылардың қажеттіліктеріне қарай оқу мен оқытуды бейімдеу үшін қолданылатын бағалаудың түрі ретінде анықталады (Блэк және Уильям, 1998; Эшкрофт және Форман- Пэк, 1994; Тарас, 2005). Сондай-ақ, түрлі әдебиеттерді талдау барысында қалыптастырушы бағалаудың құрылымдық элементтерінің сипаты, қолдану жағдайы мен қарастырылатын мақсаттарына қатысты бірнеше рет өзгеріп отыруы мүмкін деп те түсіндіріледі (1-кесте).


  1. кесте. Қалыптастырушы бағалаудың құрылымы



ЭЫДҰ/ Білім беру және инновация аясындағы зерттеулерге қатысты Орталықтың халықаралық конференциясы (2008)

  • Сыныпта мәдени орта құру
  • Оқу мақсаттарын тұжырымдау
  • Білім алушылардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқытудың әр түрлі әдістерін қолдану
  • Білім алушылардың материалдарды түсінгенін бағалайтын түрлі тәсілдерді қолдану
  • Анықталған қажеттіліктерге қарай оқу үдерісін бейімдеу және білім алушыларға кері байланыс беру
  • Білім алушыларды оқу үдерісіне белсенді қатыстыру

Блэк және Уильям (2009)

  • Оқу нәтижесінің айғақтары ретінде пайдаланылатын тапсырмалар мен сұрақтарды қолдану, сыныпта тиімді талқылау жұмысын жүргізу
  • Білім алушыны дамытуға бағытталған кері байланысты ұсыну
  • Бағалау критерийлері мен күтілетін нәтижелерді түсіндіру
  • Білім алушыларды өз білімдерін өздері құрастырушы ретінде қалыптасуына мүмкіндік беру
  • Білім алушыларды өзара оқыту ресурстары мен дереккөздері

ретінде қолдану

Кларк (2013)

  • Оқу мәдениетін дамыту
  • Білім алушыларды жоспарлау кезеңіне қатыстыру
  • Белгілі оқу мақсаттарына қарай білім алушылармен бірге бағалау критерийлерін түрлендіру
  • Сабақта талқылау және пікірсайыстарды қолдану
  • Білім алушылардан, сыныптастарынан және мұғалімінен тиімді кері байланыс алуға мүмкіндік беру


Осылайша, ұсынылған қалыптастырушы бағалаудың құрылымынан жалпы мынадай элементтерді атап көрсетуге болады: білім алушыларды бағалау үдерісіне белсенді қатыстыру, білім алушылардың қабілеттеріне қарай оқытуды бейімдеу, сапалы және сындарлы (конструктивті) кері


 

байланыс беру. Яғни, қалыптастырушы бағалау – көптеген өзара байланыстағы элементтер арқылы оқу мен бағалауды кіріктіруге мүмкіндік беретін мұғалімнің тәжірибесі.

Оқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни әр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесі арқылы анықтай алады, оның нәтижесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:

  • қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
  • қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;
  • кері байланыс беру;
  • қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау.


  • Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

Қалыптастырушы бағалау үдерісін білім алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес және тиімді жоспарлау үшін мұғалімге оның формасын, мазмұнын, жиілігін, сондай-ақ құралдарын өз бетінше анықтау мүмкіндігі беріледі.

Мұғалім оқу үдерісіне және қалыптастырушы бағалауға оқу бағдарламасына сәйкес барлық оқу мақсаттарын енгізуі қажет. Сол үшін мұғалімге көмек ретінде оқу мақсаттары бойынша бағалау критерийлері, дескрипторлары бар тапсырмалар үлгілері берілген қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы дайындалды. Қалыптастырушы бағалаудың жинақтары сабақты жоспарлау кезінде тапсырмаларды іріктеу үшін дереккөздері ретінде қолданылады және басып шығару талап етілмейді. Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын өз бетінше құрастыру үшін мұғалімге:

  • оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;
  • оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;
  • тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін (3-қосымша) ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;
  • бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;

 
  • әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады.

Мұғалім оқу мәнмәтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп алады немесе құрастырады (2-кесте).


  1. кесте. «Математика» пәні бойынша тапсырмалар үлгісі, 5-сынып



5.1А Бөлім: «Натурал сандар және нөл саны»

Оқу мақсаты

5.1.2.2 амалдар саны төрттен артық болатын жақшамен және жақшасыз берілген санды өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтау және мәндерін

табу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жақшамен және жақшасыз берілген санды өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтайды
  • Санды өрнектердің мәнін табады

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

  1. тапсырма

Амалдарды орындау тәртібін анықтаңыз: a)    

b) 


c)


Дескриптор    Білім алушы

  • жақшасыз санды өрнектердегі амалдардың орындалу ретін көрсетеді;
  • жақшамен санды өрнектердегі амалдардың орындалу ретін көрсетеді.


  1. тапсырма

Өрнектің мәнін табыңыз:

625:(1053:9 - 29∙4) + 3750:30

Дескриптор       Білім алушы

  • амалдардың орындалу ретін анықтайды;
  • cанды өрнектің мәнін есептейді.

 

Мұғалімнің шешімі объективті болу үшін тапсырмаларда қолданылатын дескрипторлар анық, нақты болуы қажет. Дескрипторлар білім алушыларда тапсырманы орындаудың қай кезеңінде қиындықтар туындағанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушыларға кері байланыс беруге мүмкіндік туғызады.

Қалыптастырушы бағалау теориясына сәйкес (Уильям, 2007) үдеріске қатысушыларды есепке ала отырып, үш позицияны ұйымдастыру қарастырылады: мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау.

Мұғалімнің бағалауы

Аталған нұсқаулықта берілгендердің көбісі мұғалімнің бағалау үдерісінің сипатын көрсетеді. Сондықтан берілген ұсыныстарды мұғалімнің қаншалықты түсінетіні, бейімдеуі, қолдануы, жетілдіруі олардың қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесінде тиімді қолдана алуына байланысты.

Өзін-өзі бағалау

Мектепте білім алушылардың дағдыларды бойға сіңіруі және өзін-өзі бағалау тәжірибесі жинақталуы қажет. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру кезінде негізгі назарды өзін-өзі реттеуіне, өз бетінше білім алуына ынталандыруға аудару керек.

Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы оқу үдерісінде өзінің күшті және әлсіз тұстарына өзі талдау жасай алуына мүмкіндік береді. Білім алушыларды не білетініне, қандай дағдыларды меңгергеніне объективті қарауына, өз кемшіліктерін және нәтижесінде неге қол жеткізгісі келетінін анықтауға үйрету маңызды. Алайда, білім алушының өзін-өзі бағалауы тым жоғары немесе өте төмен болатын жағдайлар да кездеседі. Бұл сабақта өзін-өзі бағалауды өткізудің жалпы оңтайлы әсерін төмендетеді. Мұндай білім алушыларға мұғалім барынша объективті түрде көмек бергені дұрыс. Мысалы, мұғалім жетекші сұрақтарды қолдануына болады (3-кесте).


 
  1. кесте. Өзін-өзі бағалауға қатысты сұрақтардың мысалы



Өзін-өзі бағалауды өткізу мақсаты

Сұрақтар

Өз оқуына болжам жасау

Сіздің оқуыңыздың күшті/әлсіз жақтары қандай?

Өз    жетістігіңізді/    нәтижеңізді/    ілгерілеуіңізді   сіз

қалай бағалайсыз?

Өз оқуына жауапты болу

Сабақта оқу/күтілетін нәтижеге жету үшін сіз не

істедіңіз?

Қалай ойлайсыз, сіздің бағаңыз әділ ме?

Білімі мен дағдысындағы кемшіліктерді анықтау

Берілген тапсырмалардың барлығын орындадыңыз

ба? Егер жоқ болса, неге орындамадыңыз?

Тапсырманы орындау кезінде ең қиын болған тұсы

қайсы?

Келешектегі оқуы үшін нақты мақсатты анықтау

Жұмысты жетілдіру үшін сіз не істер едіңіз?

Күтілетін нәтижеге жету үшін сіздің не істеуіңіз

қажет?

Өз оқуындағы өзгерістерді

қадағалау

Бұрын    білмегендеріңіздің    ішінен    қазір   нелерді

білесіз?


Бұдан басқа, өзін-өзі бағалау кезінде мұғалім білім алушыларға дәлелдер келтіру, өзін-өзі бағалау нәтижелерін талқылау, дескрипторларды қолдану, үздік жұмыс үлгілерін көрсету және т.б. арқылы да көмек беруіне болады.

Өзара бағалау

Өзара бағалау тиімді қалыптастырушы бағалау өткізуге қатысты көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Ол білім алушылардың бір-біріне көмектесуіне, өз жұмысын жетілдіруіне бағытталған. Бұдан басқа өзара бағалау тек кері байланыс алатын білім алушыларға ғана емес, сонымен қатар кері байланыс беруші білім алушыға да пайдалы.

Д.Уильям (2015) кері байланыс беруші және сыныптасының жұмысын зерделеуші білім алушылар өз нәтижелерін келешекте айтарылықтай жақсартатынын атап көрсетеді. Бұл арқылы олар бағалау критерийлерін терең түсініп, қолдана бастайды, сондай-ақ, «жақсы» жұмыстың қандай болатыны туралы ұғымы пайда болады. Сондықтан ұйымдарда критерийлер мен бағалау тапсырмаларын құрастыруда, білім алушылардың жұмыстарының үлгісін таныстыруда өзара бағалауға көбірек назар аударады.

Өзара бағалау салыстыру, аргумент келтіру, коммуникация, дәлелдер іздеу, сыни ойлау сияқты белгілі дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Білім алушылардың жауапкершілігін, ынтасын,


 

қызығушылығын арттыруда өзара бағалаудың мүмкіндігі ерекше. Білім алушылар кеңесші және сарапшы рөлінде сөйлеуге мүмкіндік ала отырып, өз түсініктерін сыныптастарының түсінігімен салыстыра алады. Мұның барлығы өзара бағалау қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненті екенін көрсетеді.

Білім алушылардың өзара бағалау үдерісінде мұғалімнің рөлін атап өту қажет. Мұғалім білім алушылардың өзара бағалау мақсатын түсінетініне, сыныптағы мәдениетті сақтап, дамытатынына, өзара бағалауда нақты болжалды ұсынатынына көз жеткізуі керек.

Мұғалімнің өзара бағалау үдерісінде жетекшілік жасауы, нұсқау беруі ғана емес, мүмкін болатын салдарларды қадағалауы да маңызды. Мұнда өзара бағалау білім алушылардың нәтижелерін жетілдіруге мүмкіндік бере ме, олардың арасындағы өзара бағалауды арттыра ма және т.б. сұрақтар қойылуы қажет.


  • Қалыптастырушы бағалаудың әдістері

Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру»,

«Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе»,

«Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б. (4-қосымша).

Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін, оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырманы орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады.

Қалыптастырушы бағалаудың ажырамас элементі мұғалім тарапынан және білім алушылар арасында қойылатын сұрақтар (сауал, диалог, әңгімелесу және т.б.) болып табылады. Сондықтан сұрақтарды тиімді құрастыру техникасын меңгеруі, сыныпта диалогті қолдану мәдениетін дамытуы маңызды. Сұрақтардың түрлеріне қарай көптеген топтастырулар бар. Көбінесе қолданылатын сұрақтар тобы: ашық және жабық сұрақтар.

Ашық сұрақтар талдауды және бағалау ақпараттарын талап етеді, қиялдауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ынталандырады.

Жабық сұрақтар қысқа жауапты қажет етеді, мысалы, деректің, оқиғаның кезеңін атау, түсінгенін анықтау және т.б.

Сұрақты дұрыс   қойғанда  өз   ойын   айтуға,   ақпарат   алмасуға,


 

диалогтік оқуды дамытуға, маңызды кезеңдерге назар аудартуға, оқудағы бастамашылдығын қолдауға мүмкіндік беруі, қызықтыруы мүмкін.

Осылайша, сұрақ білім алушы қалайтындай, жауап бере алатындай немесе оқуда, жауап іздеуде қызықтыратындай берілуі қажет.

Алайда сұрақты қолдану кезінде кейбір пікір білдірілмейтін, толықтырылмайтын, жауап алу ұзаққа созылатын сұрақтар механикалық түрде қайталана берген жағдайда қиындықтар туындауы мүмкін (Геффрой Э. К., 1997).

Осындай қателіктердің алдын алу үшін:

  • негізгі және екінші кезектегі мәселелер көтерілген, жетекші және басқа да сұрақтарды қою;
  • егер білім алушылар тапсырма жауабын білетінін алдын ала білсеңіз ондай сұрақтарды қоймау;
  • сұрақты қысқа етіп құрастыру, әр білім алушы үшін түсінікті, қисынды болуын қамтамасыз ету;
  • әлсіз тұстарын анықтауға бағытталған, білім алушыларға өздерінің қателескен тұстарын анықтай алуға мүмкіндік беретін сұрақтар құрастыру;
  • оқытудың тиімділігін арттыратындай сұрақтарды алдын ала жоспарлау ұсынылады. Сондай-ақ, қашан, қандай сұрақтарды қоюды, мүмкін жауаптарды, қате жауаптарды қалай жөндеуге болатынын, күтпеген сұрақтарды қалай қабылдайтынын, жауапты қалай жақсартуға болатынын анықтау да ұсынылады.

Қалыптастырушы бағалау әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарда қолдануға болады.

Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау

Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу әрекеттері нәтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Бұл олардың өз оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасауына мүмкіндік береді, алған нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады.

Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың әрекеттерін жүйелі қадағалап және аралық нәтижелерді тіркеп отыруы қажет. Нәтижелерді тіркеу кезінде білім алушылар жұмысының күшті жағына да, әлсіз тұстарына да назар аударып отырған дұрыс.

Жеке жұмыс нәтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге жүргізуді есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік беру маңызды болып табылады. Жұмысты әрі қарай


 

жоспарлау кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін ескерген дұрыс.

Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау

Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін және жұп ішінде бірін-бірі бағалауына болады. Мұндай өзара қарым- қатынас кезінде білім алушылардың дайындық деңгейіне қарамастан өзара көмегі, рефлексиясы, өзін-өзі реттеуі белсенді байқала бастайды.

Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау кезінде білім алушылар тапсырманы орындау, оның нәтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан оларды өз әрекетімен келісуге, өзара әрекеттесуге, пікір алмасуға, сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге үйрету маңызды.

Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау

Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тәсілі ретінде қолданып, топтық жұмысты ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау критерийлерімен таныс болуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды: кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес тез көрсете алуы мүмкін.

Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы:

  • Бұл туралы сіз не ойлайсыз?
  • Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз

ба?

Егер білім алушылар тәжірибелік тапсырмалар орындайтын болса,

онда осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы:

  • Сіз қазір не істеп жатырсыз?
  • Сіз қалай ойлайсыз, әрі қарай не болады?
  • Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?

Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және әр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім алушыларға:

  • жаңа идеяны тұжырымдауды;
  • екі (одан да көп) идеяларды салыстыруды;
  • идеяларды бағалауды;

 
  • топтық талқылау негізінде пікір білдіруді;
  • сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады.

Жоғарыда аталған бөлімдер белгілі оқу мақсатына жетудің дәлелін көрсетеді.


  • Кері байланыс беру

Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауына мүмкіндік береді.

Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:

  • білім алушылардың жақсы жақтарын ескеруі;
  • тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып,

«олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбауы;

  • білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беруі;
  • кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға ақылың қалай жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбауы ұсынылады.

Кері байланыс беру кезінде мұғалім де, білім алушы да 4-кестеде ұсынылған сұрақтарды негізге алғаны дұрыс. Аталған сұрақтарға толық жауап беру кері байланыстың тиімділігін көрсетеді.


  1. кесте. Кері байланыстың тиімділігін тексеру сұрақтары



Мұғалім

Білім алушы

  • Білім алушы оқытудың қай сатысында?
  • Олар білім алуда неге талпынады?
  • Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек?
  • Мен оқытудың қай сатысында тұрмын?
  • Нәтижеге қалай қол жеткіземін?
  • Кемшіліктерімді жою үшін не істеуім қажет?


Қажет болған жағдайда кері байланыс ауызша, жазбаша, графикалық немесе кез келген басқа түрде берілуі мүмкін. Аталған үдеріс құжаттаманы қажет етпейді.

Төменде кері байланыс беру үлгілері ұсынылған (3, 4, 5-суреттер).


 



 




 
 3-сурет. Жазбаша кері байланыс үлгісі


4-сурет. Графикалық кері байланыс үлгісі


 




 
 
 



5-сурет. Ауызша кері байланыс үлгісі


Кері байланыс бойынша берілген мысалда мұғалім білім алушының жақсы меңгерген тұсына ақпарат береді және қатені түзету үшін тақырыптарды қайталауды ұсынады.

  • Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау

Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудағы маңызды кезеңдердің бірі – білім алушылар жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасау. Қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне талдау жасау білім алушыларда кездесетін қиыншылықтар туралы ақпарат алуға, оның алдын алу шаралары туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, тексерілген жұмыстардың нәтижесіне талдау жасау:

  • белгілі бір тапсырмалар қиындық тудыратын балалар тобын;
  • бөлім, тақырыптар бойынша қиындықтар туындайтын жеке білім алушыларды;
  • білім алушылар үшін аса күрделі, қиын сұрақтар, тапсырмалар, тақырыптарды айқындап береді.

Нәтижелерге талдау жасау мұғалімдердің тәжірибесіне оң әсер етуі үшін:

  • әрекет ету мен шешімді талап ететін нақты, маңызды, тәжірибелік бағыттағы мәселелерді анықтау;
  • орындалған  тапсырмалар  мен   нақты  мақсаттарға  жету   үшін талдау жүргізу;
  • талдауда дәйектерді, дәлелдерді негізге алу;

 
  • шешімнің сыни нұсқаларын қарастыру, яғни, мәселені шешудің жоспарлылығын, баламалылығын (альтернативтілігін), жетістігін, кемшілігін, жақсы және нашар жақтарын талдау;
  • мәселені шешу, кемшілікті жою үшін өз тәжірибесін нақты қалай өзгертуге болатыны туралы іс-әрекеттің толық жоспарын құру;
  • талдау нәтижелерін тіркеуде қысқа, түсінікті стильді ұстану (күнделік, портфолио, мақала, таныстырылымдар және т.б.);
  • ұжымда өз әрекеті нәтижелерімен бөлісу;
  • ұжымға көмектесу, білім алушылардың қажеттілігіне бағыттай отырып, сабақтастықты сақтай отырып, жүйелі талдау жүргізу ұсынылады.

Мәліметтерді жинау және талдау жасау үшін мұғалімге бақылау парағын, журналды, күнделікті, басқа да қалыптастырушы бағалау нәтижелерін тіркеудің формаларын жүргізу ұсынылады. Бұл мұғалім әрекетінің тиімділігін, оқудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау мұғалімнің өз шешіміне қарай жүзеге асырылатынын және есеп беру құжаттарын толтыруды қажет етпейтінін атап көрсетуге болады.


Сондықтан қалыптастырушы бағалау үдерісін жүзеге асыру үшін мұғалім:

  • сыныптағы мәдениетті сақтауға және тиімді өзара әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөлуі;
  • қалыптастырушы бағалауда қолданылатын әдістердің әр түрлілігін және сапасын арттыруы;
  • кері байланыстың тиімді формасын қолдануы;
  • қалыптастырушы бағалауды қолдану үдерісін көрсететін сабақ жоспарын құруы;
  • рефлексия және тәжірибені жетілдіру үшін сабаққа талдау жасауы (білім алушылар жұмысының сапасы, бағалау құралдарының сапасы, білім алушылардан, әріптестерден, кері байланыс, ата-аналармен әңгімелесу және т.б.) қажет.


  • Жиынтық бағалау үдерісі

Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ


 

тақырыптар бойынша жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі.

Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі. Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады.

Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалауға қатысты бақылау тапсырмаларын, әдістерін, кезеңдерін көрсетіп, оқу жылына жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады (5-қосымша).


  • Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.

Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың қай сабақта және қандай формада (бақылау жұмысы, тәжірибелік немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сауал, эссе және т.б.) өткізілетінін мұғалім өз бетінше анықтайды.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруды мұғалім оқу бағдарламасындағы өтілген материалдың күрделілік деңгейі мен мазмұнын есепке ала отырып, жүзеге асырады. Тапсырмалар оқу мақсаттары, бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес болуы тиіс. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау өткізудің тапсырмалар үлгілері, ұсыныс түрінде берілген ата-аналарды ақпараттандыратын рубрика ұсынылған.

Сапалы бағалаудан бөлек жақсы құралдардың болуы бағалау рәсімдерінде дұрыс белгіленген және өткізілген нұсқаулыққа да қатысты екенін есте сақтаған жөн. Білім алушылар оқу мақсаттарын жақсы түсінуі және олардан не, қандай мерзім талап етілетінін білуі тиіс. Аталған кезеңде мұғалім білім алушылар «жақсы жұмыс» қандай болатынын және бөлім\ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау қалай өткізілетінін түсінуі үшін бағаланған жұмыстар үлгілерін қолдануына да болады.


 
  • Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау бекітілген бағалау критерийлері ережесіне сәйкес өткізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген:

  • жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлімдер бойынша;
  • әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша;
  • тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым бойынша анықталады.

Бөлім және оқу мақсаттарының саны (5-кесте) пәндерге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

  1. кесте. «Математика» пәнінен бөлім бойынша мысал, 5-сынып


1-тоқсан - 9 апта

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Бағдарлама бойынша бөлімшелер

Мақсаттар саны




Натурал сандар және нөл саны

Натурал сандар және нөл саны.





18

Координаталық сәуле. Натурал сандарды салыстыру.

Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану.

Санды және әріпті өрнектер, олардың мәндері.

Теңдеу. Теңдеудің түбірі. Теңдеуді шешу.

Мәтін есептерді шығару. Натурал сандардан тұратын сандар тізбегі.




Натурал сандардың бөлінгіштігі

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері.





16

Жай және құрама сандар.

2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері.

Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері.

Дәреже.

Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу.

Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік.



Жай бөлшектер

Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу.



8

Жай бөлшектің негізгі қасиеті.

Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер.

Аралас сандар.

Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу.

Барлығы:

42


 

Мысалы, 5-сыныптағы математика пәнінен оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарында 1-тоқсан бойынша 3 бөлім берілген: «Натурал сандар және нөл саны», «Натурал сандардың бөлінгіштігі», «Жай бөлшектер». Сәйкесінше, математикадан 1-тоқсандағы бөлім бойынша жиынтық бағалау әр бөлімді меңгеру және аяқталуына қарай үш рет өткізіледі.

Кейбір пәндерден ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес бір тоқсан барысында меңгеру үшін 1-ден 5-ке дейін бөлімдер берілген. Бөлім бойынша жиынтық бағалау 1 бөлімнен тұрған жағдайда тоқсанның екінші жартысында 1 рет, тоқсан соңына дейін 2 аптадан кем емес уақытта өткізіледі.

Осыған байланысты, бөлім бойынша жиынтық бағалаудың максималды саны тоқсанда 3-тен артық болмауы қажет, 4 және одан да көп бөлімдерді меңгеру қажет болған жағдайда, мұғалім оқу мақсаттарын есепке ала отырып, бөлімдерді біріктіреді.

Тілдік пәндерден бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанда екі рет өткізіледі. Әр бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу әрекеттерінің (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) екі түрі тексеріледі. Сонымен бірге айтылым дағдысын бірінші бөлім бойынша жиынтық бағалау уақытында өткізу ұсынылады. Айтылым дағдысын бағалауды жиынтық бағалау өткізу жоспарланған апта ішінде сабақ үстінде өткізуге болады. Әр білім алушының жауабы шамамен 1-ден 5 минутқа дейінгі уақыт аралығын қамтуы мүмкін.

Бөлім бойынша соңғы жиынтық бағалауды тоқсан соңына дейін 1 аптадан кем емес кезеңде өткізу жоспарланады.

Бөлім бойынша жиынтық бағалауды орындау уақытын мұғалім берілген тапсырмалар мен оны орындауға кететін орташа уақытты, жұмысты орындауды есепке ала отырып анықтайды. Сонымен бірге бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды 15-20 минут уақыт аралығын қамтитындай етіп жоспарлау ұсынылады. 15-20 минуттық шектеу – шартты, сабақтың белгілі бір кезеңін ғана алатындай, шағын көлемді бағалау жұмыстарын көрсету мақсатында енгізілген.

Оқу бағдарламасында берілген оқу мақсаттары жиынтық жұмыстың мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық жұмыстың мазмұнына меңгерген бөлім бойынша білім мен дағдылар деңгейіне жеткенін көрсетуге мүмкіндік беретін оқу мақсаттарын қамту ұсынылады.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру кезінде мұғалім жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік


 

ұсыныста көрсетілген үлгілерді қолдануына болады. Одан басқа, мұғалімге өз бетінше бағалау құралдарын құрастыру ұсынылады. Ол үшін мұғалімге көмек ретінде төмендегідей алгоритмдер ұсынылады (6- сурет):

  1. оқу бағдарламасы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын меңгеру;
  2. жиынтық бағалауда тексерілетін оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анықтау, ойлау дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендіру;
  3. ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін тексерілетін критерийлердің, оқу мақсаттарының мазмұнын қамтитын бір немесе бірнеше тапсырмалар дайындау;
  4. әр тапсырмаға дескрипторлар құрастыру;
  5. білім алушыларға, олардың ата-аналарына жиынтық бағалау нәтижелерін ұсыну үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауға рубрикалар құрастыру (бағалау критерийлерінің деңгейлерге сәйкестігін сипаттау).


 










 
 



6-сурет. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмаларын құрастыру алгоритмі


Осылайша мұғалім бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау кезінде оқу мақсаттарының негізгілерін көрсететін, ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес екенін белгілейтін бағалау критерийлерін анықтайды. Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері 6-кестеде көрсетілген.


  1. кесте. «Натурал сандар және нөл саны» бөліміндегі оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері, «Математика» 5-сынып

 

Бөлім

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

Натурал сандар және нөл саны

Натурал сандар

жиыны ұғымын меңгеру

натурал сандар жиынын анықтайды

Білу және түсіну

Бірлік кесінді

ұғымын түсіну

бірлік кесіндіні анықтайды

Білу және түсіну

Натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндеу

берілген координатаға сәйкес

координаталық сәуледе нүктелерді кескіндейді

Қолдану

сол жақта/оң жақта орналасқан

нүктелерді анықтайды

берілген нүктеден оңға қарай

орналасқан нүктені анықтайды


Бөлім   бойынша   жиынтық   бағалаудың   міндеті   –    білім   алушының ағымдағы оқу жетістігін, аралық нәтижелерін белгілеу.


  • Бөлім/ортақ    тақырыптар    бойынша    жиынтық    бағалау нәтижелерін талдау

Мұғалімге бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелеріне талдау жүргізу ұсынылады. Аталған талдау білім алушыларға кері байланыс беруге, сыныптың оқу жетістігі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа мұғалім қажет болған жағдайда қалыптастырушы, жиынтық бағалау рәсімдерінің алдағы уақыттағы әдістерін, тапсырмаларды, сабақ жоспарларын қайта қарауына болады.

Жалпы алғанда бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау білім алушының оқудағы кемшіліктерін уақытында анықтау және оның алдын алу үшін өткізіледі. Белгілі болғандай, білім алушылардың басым бөлігі өз оқуында түріне, санына, сапасына және т.б. қарай белгілі бір кемшіліктерді жинақтай бастайды және жалғастырады.

Егер «кемшілік» сөзінің мағынасына мән беретін болсақ, ол қателік немесе кемшілік, жетіспеушілік дегенді білдіреді (Ушаков, 1940). Өз кезегінде қателік дегеніміз тиісті нәрсені орындамау, жеткіліксіз қарау, ұқыпсыздықтан қателік жіберу, ал кемшілік, жетіспеушілік дегеніміз жетілмеу, ақаулық, олқылық, бір нәрсенің сапасыздығы деп сипатталады. Сондықтан оқудағы кемшіліктердің сипатын қарастыра келіп, кейбір білім алушылардың кемшілік деп танылатын мардымсыз, жөндеуге болатын қателіктері, кейбіреуінде маңызды кемшіліктер, олқылықтар бар деп айтуға болады.

Кемшіліктерді анықтау үшін мұғалімдерге сапалы (валидті) тапсырмаларды іріктеуі/құрастыруы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша


 

жиынтық бағалау үдерісін сабақта әр білім алушының материалды меңгеру деңгейін дер кезінде диагностикалауға мүмкіндік беретіндей жоспарлау қажет. Бұл ретте кемшіліктерді қарастыруға қатысты асығыс шешім қабылдау, ұсыныс беруден аулақ болған дұрыс. Нақты тұжырым тек бір ғана шағын тапсырмаға немесе бір реттік бақылауға негізделмеуі тиіс.

Оқу білім алушының басында түсіну, жеткізу, болжау түрінде болатынын, сондықтан қорытындыны (бағалау пайымы) дұрыс тиянақтау үшін ең сенімді, жарамды (валидті) негізді талап ететін үдеріс екенін естен шығармауымыз қажет. Негіз ретінде қалыптастырушы бағалау кезіндегі бақылау және бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау кезіндегі нәтижелер қызмет атқаруы мүмкін. Бұдан басқа қосымша негіздеме ретінде мұғалімнің кемшіліктердің алдын алу туралы шешім қабылдауы кезіндегі сенімділігін арттыру мақсатында туындаған қиындықтарды білім алушымен бірге талқылауына болады. Оған көмегі тиетін жағдай туындағанда, осы шара туралы оның пікірін, ойын білуіне болады.

Бағалаудың дәстүрлі жүйесінде мұғалім, білім алушы мен ата- аналар туындаған таптаурын жағдайларды анықтауда, кемшіліктерді түсінуде сапалық көрсеткішті пайдалануға дағдыланған. Егер мұғалім

«5» немесе «4» деген баға қойса – бұл кемшілік жоқ немесе елеусіз ғана қателік деген сөз; «3» деген баға қойса – түзетуге болатын және түзетуді қажет ететін кемшіліктер бар; «2» деген баға қойса – қосымша күшті қажет ететін салмақты қателері бар деген сөз. Мұндай түсінік кейбір мектеп мұғалімдері мен өз балалары тарапынан кемшіліктердің алдын алуға болады дейтін немесе сыртқы көмекке, мысалы, сабақ үйретушіге (репетитор) сүйенуге болады деп түсінетін ата-аналарға жеткілікті, қолайлы болуы мүмкін. Алайда білім алушылар мен мұғалімдер үшін мұндай бағалау тәсілінің пайдасы шамалы.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үдерісінде оқудағы кемшіліктерді айқындау үшін білім алушының нақты неден қиналатынын анықтау ғана маңызды емес, сондай-ақ, қалай, неге туындағанын анықтау да маңызды.

Білім алушылардың оқудағы кемшіліктерінің алдын алу үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелеріне қатысты сындарлы (конструктивті) кері байланыс беру және мұғалім тарапынан (оқыту үдерісіне түзетулер енгізу) да, білім алушы тарапынан (қосымша және/немесе өз бетінше оқу) да білім мен дағдыны толықтыруға бағытталған әрекеттер жасалуы қажет.


 

Ақпараттарды жинау және бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінің талдауы үшін «Тапсырманы орындау пайызы» көрсеткішін қолдану ұсынылады. Бұл көрсеткіш максималды мүмкін балдарға қатысты білім алушылардың жинақтаған балдық үлесін көрсетеді. Тоқсан барысындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауға қатысты білім алушы нәтижесінің мысалы 7-кестеде берілген.


  1. кесте. Білім алушының тоқсан барысындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері



Бөлім бойынша ЖБ

Білім алушы балы

Бөлім бойынша ЖБ

максималды балл

Тапсырманы орындау пайызы *

Деңгейі

1

7

10

70%

Орта

2

8

10

80%

Орта

3

4

12

33,3%

Төмен

* Есептеулер электрондық журналда автоматты түрде жүзеге асырылады


Бөлім бойынша жиынтық жұмыс қорытындысы негізінде білім алушының жеткен оқу жетістігі деңгейі тапсырманы орындау пайызына сәйкес анықталады. Білім алушылардың оқу жетістігі деңгейлерінің жалпы сипаты 8-кестеде көрсетілген.


 
  1. кесте. Білім алушылардың оқу деңгейлерінің сипаты

Деңгейлер

Тапсырманы орындау пайызы

Сипаты

Төмен деңгей

0%-39%

  • Пән бойынша терминдер мен ұғымдарға қатысты қарапайым білімін және түсінігін көрсетеді
  • қарапайым        тапсырмаларды         орындайды        және        тікелей нұсқаулықтарға сай орындау рәсімдеріне ілеседі
  • ақпаратты ұсынудың әр түрлі формалары (кестелер, графиктер және диаграммалар) негізінде қарапайым қорытынды жасайды
  • қарапайым тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады

Орта деңгей

40%-84%

  • пән бойынша терминдер мен ұғымдарды жеткілікті түсінгенін және білімін көрсетеді
  • әдеттегі тапсырмаларды орындайды, таныс және кейбір таныс емес жағдайларда білімін орынды қолданады
  • ақпаратты жинақтайды және ішінара негіздей отырып, қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты аргументтер келтіреді
  • әдеттегі тапсырмалар үлгілерін ажыратады, шешудің стандартты жолдарын ұсынады және қолданады
  • тапсырмалардың бекітілген жиынын шешу үшін оқу бағдарламасының басқа өрістеріне қатысты білімін, дағдыларын кіріктіреді

Жоғары деңгей

85%-100%

  • пән бойынша терминдер мен ұғымдарға қатысты терең білімін және түсінгенін көрсетеді
  • қиын тапсырмаларды орындайды және кең өрістегі жағдайларда білімін орынды қолданады
  • әр түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты жинақтайды және толық негіздей отырып, қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты логикалық бірізді аргументтер келтіреді
  • қиын тапсырмалар үлгілерін ажыратады, шешудің альтернативті және стандартты емес жолдарын ұсынады және қолданады
  • тапсырмалардың кең өрісін шешу үшін оқу бағдарламасының басқа өрістерінен білімін, дағдыларын кіріктіреді, әр түрлі стратегияларды қолданады, алынған нәтижелердің маңыздылығын және негізділігін бағалайды


Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауда орындалған жұмыстардың нәтижелері білім алушыларға түсінікті болып, одан әрі білім алуға ынталандыруы қажет. Кері байланыс – білім алушылардың оқу жетістігінің жеткен деңгейі туралы ақпараттардан тұруы керек. Білім алушылар мен олардың ата-аналарын ақпараттандыру үлгісін мұғалім өз бетінше анықтайды. Аталған ақпаратты рубрика түрінде беру ұсынылады (6-қосымша). Рубрика бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әр рәсімі үшін құрастырылады, ол әр критерий аясындағы оқу жетістігі деңгейін көрсетеді. Бөлім/ортақ тақырыптар


 

бойынша жиынтық бағалау нәтижелерімен білім алушыларды таныстыру кезінде оған оның жиынтық жұмысын және оқу жетістігі деңгейі көрсетілген рубриканы ұсынуға болады. Рубрика үлгісі 7-суретте көрсетілген.

 




 
 

7-сурет. Бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижелері бойынша

рубрика үлгісі


Мұғалімдерге көмек ретінде жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалар үлгілеріне рубрикалар құрастырылып, ұсынылған.


  • Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұнындағы білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады, тоқсандағы оқу барысының ілгерілеуін өлшейді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі. Тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.


 

Тоқсандық жиынтық бағалауда бақылау-тексеру жұмыстарын әр түрлі өткізу қарастырылады. Жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру кезінде ойлау дағдыларының деңгейлерін, жетістігін көрсетуін, ойлау деңгейлерінің талдау, жинақтау және бағалау сияқты жоғарғы сатыларымен қоса әр түрлі тапсырмалардан тұруын есепке алу қажет.


  • Тоқсандық      жиынтық       бағалауды       жоспарлау      және ұйымдастыру

Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау мен ұйымдастыру жұмыстары оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

Әдістемелік бірлестіктер жасаған оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың жоспарында тоқсандық жиынтық бағалаудың рәсімдері көрсетілуі қажет (4.2 Жиынтық бағалау үдерісі бөлімін қараңыз). Аталған жоспар бойынша білім алушыларға шамадан тыс қиындық туғызбауы және тиімсіз болмауы үшін әр тоқсанда өткізілетін жиынтық бағалаудың кестесін құру ұсынылады, яғни, бір күнде 2-ден артық жиынтық жұмыстарды өткізу ұсынылмайды. Тоқсандық жиынтық бағалаудың кестесі мұғалімдерге, білім алушыларға, олардың ата-аналарына таныстырылады.

Егер мектепте мүмкіндік болса әр пән бойынша бір параллельдегі сыныптарға бірдей кесте құру ұсынылады, мысалы, 7-сыныптар үшін бір күнде, бір сабақ үстінде математика пәнінен жиынтық жұмысын өткізу. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, тоқсандық жиынтық бағалауды кесте бойынша өткізуге болады, алайда ақпараттың тарап кетуі және көшіріп алу сияқты кемшіліктерді болдырмау үшін жиынтық жұмыстың бірнеше нұсқасын құрастырған дұрыс.

Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу уақытын жоспарлау кезінде демалыс және мереке күндерді, сондай-ақ, тоқсандық және оқу жылының аяқталу мерзімін есепке алу қажет. Тоқсандық жиынтық бағалауды тоқсанның және оқу жылының соңғы күндерінде өткізу ұсынылмайды.

Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлауда әуелі оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасау керек, себебі бағалау олардың меңгерілуін тексереді.

Бағалаудың аталған рәсімдерін ұйымдастыру, жоспарлау кезінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген тапсырмалар үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы қолданылады.


 

Тоқсандық   жиынтық   бағалаудың   спецификациясы  мазмұнын, құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады:

  • тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;
  • пән бойынша күтілетін нәтижелер;
  • пән бойынша ойлау дағдылары деңгейлерінің сипаты;
  • ойлау    дағдыларының   деңгейіне    байланысты   тексерілетін мақсаттарды тоқсандарға бөлу;
  • тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі;
  • тоқсандық жиынтық бағалауға шолу;
  • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы;
  • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;
  • тапсырмалардың балл қою кестелері.

Әр мектептің ұсынылған үлгілерді қолдануына немесе өз бетінше тапсырмалар құрастыруына мүмкіндігі бар. Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру спецификацияға сәйкес бір параллельдегі барлық сыныптарда бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады.

Тапсырмалар әр түрлі болуы мүмкін: диктант, мазмұндама, эссе, тест, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, жобалар және т.б.

Тоқсандық жиынтық бағалау бір параллельде бірдей жағдайда өткізіледі. Тоқсандық жиынтық бағалауды қайта орындауға (көшіруге) рұқсат етілмейді.

Тоқсандық жиынтық бағалау уақытында белгілі себептерге байланысты (ауруына, жақын туыстарының қазасына, конференция, олимпиада, ғылыми, спорттық жарыстарға және т.б. қатысуына байланысты) білім алушылар келмеген жағдайда оларға мектепке келген соң екі апта ішінде тапсыруға рұқсат етіледі, ол үшін жиынтық бағалаудың қосымша нұсқалары қолданылады.

Тоқсандық жиынтық бағалау материалдарын білім алушылар жұмысты орындағанға дейін қол жетпейтін орында сақтау қажет.

Тоқсандық жиынтық бағалау әдетте мұғалімдермен өткізілетін болғандықтан, білім алушылар жиынтық бағалауды орындайтын кабинетте тек бір мұғалім ғана болады. Мүмкіндігінше кез келген бос мұғалімнің тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуді ұйымдастыруға, өткізуге, мысалы, бақылаушы ретінде көмектесуі ұсынылады. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кезінде мұғалімнің жиынтық бағалаудың өткізілуін үздіксіз қадағалауы маңызды және басқа әрекеттер жасамағаны дұрыс (мысалы, дәптер тексеру, компьютермен жұмыс жасау).

Тоқсандық жиынтық бағалау өткізілетін кабинеттерді мұғалімдер


 

алдын ала дайындайды. Айналасы білім алушыларға таныс болуы, күнделікті сабақ өтіп жүрген кабинеттері болуы ұсынылады. Кабинеттерді дайындау кезінде келесілерді ескеру қажет:

  • Көшіріп алудың алдын алу үшін білім алушылардың отыратын орнын ойластыру қажет.
  • Білім алушыларда сұрақ немесе мәселе туындаған жағдайда парталардың арасы мұғалім мен бақылаушының еркін жүріп тұруына мүмкіндік беретіндей орналасуы тиіс.
  • Негізгі нұсқаулық пен уақыт жазылып тұратын болғандықтан тақта білім алушылардың алдында болғаны дұрыс.
  • Тапсырманы орындау барысында білім алушыларға көмегі тиюі мүмкін деген плакаттар, ақпараттық сипаттағы қабырға материалдарының алынып тасталуы немесе беті жабылуы тиіс.

Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуге дейін мұғалім білім алушылардың тапсырманы орындау барысында көмегі тиюі мүмкін тыйым салынған заттарды әкелмегеніне көз жеткізуі қажет. Тыйым салынған заттардың болу жағдайы ережені бұзушылық болып саналады.

Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу туралы жан-жақты ақпарат тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулықта берілген (7-қосымша).


  • Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін талдау

Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясына сәйкес құрастырылады. Жиынтық жұмыс тапсырмаларына сәйкес балдар қойылатын балл қою кестесі құрастырылады.

Мұғалім әр жауапқа қойылған балдардың, нәтижелердің дұрыс жазылғанына көз жеткізуі тиіс.

Бағалау нәтижелерін мұғалім, білім алушы оқудағы ілгерілеуді бағамдау үшін қолдануына болады. Мұғалім тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын қаншалықты тиімді меңгергенін, қандай дағдыларды игергенін талдау үшін қолдануына болады. Сонымен бірге мұғалім үшін аталған ақпараттың келешекте қалыптастырушы бағалау кезінде оқу үдерісін жоспарлауға көмегі болуы мүмкін.

  • Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау

Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың жазбаша тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының


 

нәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленген. Модерацияда белгілі бір пән бойынша мұғалімдердің балл қою кестесі бойынша бір ұғымда, түсінікте болуын қамтамасыз ету үшін жұмысты бағалауды алдын ала талқылайды.

Модерация отырысында жиынтық бағалау дұрыс өтті ме, білім алушылардың барлық жауаптары ескерілді ме, мұғалімдер арасында бағалау бойынша келіспеушілік бар ма сияқты мәселелерді түсіну және талқылау қажет. Модерация қорытындысы бойынша мұғалімдер балл қою кестесіне толықтырулар немесе өзгерістер енгізуге қатысты шешім қабылдайды. Модерацияны аяқтаған соң барлық шешімдер хаттамада көрсетіледі.

Модерация қорытындысы бойынша білім алушылардың балына өзгеріс енгізу қажет болғанда жиынтық жұмыстарын қайта тексереді. Мұғалім мұнда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерация қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі мүмкін екенін ескеруі қажет.

Модерацияны өткізу орнын, уақытын алдын ала қарастыру ұсынылады. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу мен модерация өткізудің арасы 3 жұмыс күнінен аспағаны жөн.

Бір отырыста бірнеше пәнге модерация өткізуге болады.

Модерация отырысына бір параллель сыныпта сабақ беретін мұғалімдер қатысады. Модерация төрағасы әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, одан басқа кез келген пән мұғалімі бола алады. Шағын жинақталған мектептер үшін модерацияны мұғалім жақын пәндер мұғалімдерін немесе критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушісін қатыстыру арқылы өз бетінше өткізуіне болады.

Модерация отырысы үшін мұғалім тексерілген жиынтық жұмыстардың ішінен: жоғары және төмен балл қойылған, сондай-ақ, бағалау қиындық туғызған тек 3 жұмысты іріктеп алады.

Модерация кезінде іріктелген жиынтық жұмыстарда көрсетілген білім алушының аты-жөнін жұмысты қарастырған кезде нақты бір білім алушыға қатысты болмауы үшін жасырып қою ұсынылады.

Отырыс кезінде ұсынылған жұмыстар балл қою кестесіне сәйкес қарастырылады.

Осылайша, төмендегідей жағдайларды анықтауға болады:

  • дұрыс жауап есептелмеген, сол сияқты балл қою кестесінде де көрсетілмеген;
  • жауап синонимдес басқа сөзбен берілген, ал ол жауап балл қою кестесінде көрсетілмеген;

 
  • балл қою кестесінде қателіктер жіберілген;
  • жалпы балл саны дұрыс есептелмеген және т.б..

Модерация қорытындысы бойынша хаттама жазылады, онда балл қою кестесіне қатысты барлық өзгерістер мен толықтырулар көрсетіледі (8-қосымша).

Модерация қорытындысы бойынша мұғалім білім алушының жұмысын балл қою кестесінің өзгертілген (толықтырылған) соңғы нұсқасына сәйкес қайта қарастырады. Қажет болған жағдайда бағалауға өзгерістер енгізу басқа түсті қаламсаппен жүзеге асырылады және соңғы нақты нәтижесі электрондық журналға қойылады.

Мұғалімдердің модерация кезіндегі әрекеті

Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау үдерісі белгілі бір тәртіппен жүргізіледі.

Модерацияға дейін:

  • білім алушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою кестесіне сәйкес бағалайды;
  • жиынтық    жұмыс     үлгілерін     іріктеп    алады     (максималды, минималды балдармен; бағалауда қиындық тудыратын жұмыстарды);
  • жеке мәліметтерді шифрлайды, білім алушылардың жұмыстарын модерацияға дайындайды.

Модерация кезінде:

  • білім алушылардың жұмыс қорытындысын әріптестермен талқылайды, барлық балдардың балл қою кестесіне сәйкес қойылғанына көз жеткізеді;
  • қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне өзгерістер енгізеді;
  • отырыс хаттамасына қол қояды.

Модерациядан кейін:

  • модерацияны ескере отырып, өзгеріс енгізу қажет білім алушылардың барлық жұмыстарын қайта қарастырады. Мұндай жағдайда жоғарылату немесе төмендету жағына қарай балдардың өзгеруі де мүмкін;
  • білім алушының жұмысына соңғы нақты балдар қойылады;
  • соңғы нақты балдар электрондық журналға қойылады.


Модерацияны ойдағыдай жүргізу үшін қажетті жағдайлар: ынтымақтастық мәдениеті, ашық және анық коммуникация, сындарлы (конструктивті) кері байланыс және ұжымдағы кәсіби қолдау болып табылады.


 
  • БАҒА ҚОЮ МЕХАНИЗМІ

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері электрондық нәтижелерді тіркеу журналында тіркеледі. Барлық балдар, бағалардың есебі электрондық журналда автоматты түрде жүзеге асырылады.

Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін қою электрондық журналда оқыту тәжірибесін жетілдіру, талдау үшін қолданылатын балдар, бағалар туралы ақпараттарды көрсетеді.

Жиынтық бағалаудың нәтижелері білім алушыларға, ата-аналарға тоқсан барысында, тоқсанның соңында беріледі. (9-кесте).


  1. кесте. Нәтижелерді тіркеу

Білім алушыларға қойылады

Сипаты

Әр      бөлім/ортақ       тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың

балы

Жинақталған балдар саны мен оқу жетістігі деңгейлері (жоғары, орта, төмен).

Тоқсандық                          жиынтық бағалаудың балы

Балл қою кестесіне сәйкес жинақталған балдар саны.

Тоқсандық баға

Балдарды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес қойылады. Білім алушылар 50% тоқсандық бағаны бөлім/ортақ тақырыптардың қорытындысы бойынша, 50% тоқсандық жиынтық бағалау

қорытындысы бойынша жинайды.

Жылдық баға

Балдарды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес қойылады. Білім алушылар 50% тоқсандық бағаны бөлім/ортақ тақырыптардың қорытындысы бойынша, 50% тоқсандық жиынтық бағалау

қорытындысы бойынша жинайды.


Тоқсан соңында бағалаудың барлық нәтижелері «2-ден» «5-ке» дейінгі бірыңғай баға шәкілі негізінде есептеледі, бұл бағалаудың ашықтығын, салыстырымдылығын, білім беру үдерісіне қатысушылардың бірдей түсінігін қамтамасыз етеді (10-кесте).


  1. кесте. Балдарды бағаға ауыстыру шәкілі

Баға

Сипаты

1-сынып бойынша балдың пайыздық

мазмұны

2-11(12)-

сыныптардағы балдың пайыздық

мазмұны

«2»

Қанағаттанғысыз

0% - 20%

0- 39%

«3»

Қанағаттанарлық

21% - 50%

40% - 64%

«4»

Жақсы

51% - 80%

65% - 84%

«5»

Өте жақсы

81% - 100%

85% - 100%


 
  • Тоқсандық баға қою


Тоқсандық бағалар бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінен жинақталады.

Тоқсандық бағаны қою үшін бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысының белгілі пайыздық арақатынасы пайдаланылады:

  • тоқсандық бағаның 50% бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау қорытындысы арқылы белгіленеді;
  • тоқсандық бағаның 50% тоқсандық жиынтық бағалаудың қорытындысы бойынша белгіленеді.



Жиынтық бағалау (ЖБ)

Үлес салмағы

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша ЖБ


50%

Тоқсандық ЖБ

50%

Тоқсандық баға:

100%


Төменде «Математика» пәнінен 5-сынып білім алушыларының  1- тоқсан бағалары есебі мысал түрінде берілген.


«Математика» пәнінен 5-сынып білім алушыларының бөлім бойынша және 1-тоқсанның жиынтық бағалау нәтижелері



Жиынтық бағалау (ЖБ)

Білім алушыл ар балы

Максимал ды балл

Оқу жетістігі деңгейі және тапсырман ы орындау

пайызы

5 балдық шәкілге ауысу кезіндегі болжам

Арақаты насы,

%

Балдың пайыздық мазмұны

1

1-бөлім бойынша

ЖБ

4

12

33%

Төмен

2



50%



29,4%

2

2-бөлім бойынша

ЖБ

6

10

60%

Орта

3-4

3

3-бөлім бойынша

ЖБ

10

12

83%

Орта

3-4

4

Тоқсандық ЖБ

18

20

90%

Жоғары


50%

45%

Барлығы:

74%


 




Тоқсандық бағаны есептеу үшін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы балдың пайыздық мазмұны жинақталады.

29% + 45% = 74%

Балдарды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша баға білім алушының тоқсандық бағасымен анықталады.


Баға

Негізгі мектептегі балдардың пайыздық

мазмұны

«2»

0- 39%

«3»

40% - 64%

«4»

65% - 84%

«5»

85% - 100%


Аталған шәкіл негізіндегі 74%, «4» деген бағаға сәйкес.

«Математика» пәні бойынша білім алушының 1-тоқсандағы бағасы – «4».


  • Жылдық баға қою

Білім   алушының  пән   бойынша   жылдық   бағасы   барлық  төрт тоқсанның нәтижелерінен құралады. (1-сыныптағы 3,4-тоқсандар).

Төменде   5-сыныптың  «Математика»  пәнінен   білім   алушының жылдық бағасын есептеу бойынша мысал келтірілген.

«Математика» пәнінен 5-сынып білім алушыларының 1-4- тоқсандардағы нәтижесі


Жиынтық бағалау (ЖБ)

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

Жалпы балл саны

Арақатынасы,

%

Оқу жылы бойынша балдардың пайыздық

мазмұны

Бөлім бойынша

ЖБ

34-тен 23

30-дан 20

25-тен 21

20-дан 18

109-дан 82

50%

37,6%

Тоқсан

дық ЖБ

20-дан 18

20-дан 15

20-дан 19

20-дан 16

80-нен

68

50%

42,5%


 




Жылдық баға есебі үшін білім алушының бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы жалпы саны есептеледі. Бұдан соң оқу жылындағы балдың пайыздық мазмұны (50%:50%) пайыздық арақатынаспен анықталады.

Оқу жылындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық балдың пайыздық мазмұны жинақталады, балдарды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша бағаға ауыстырылады.

37,6% + 42,5% = 80,1%

Дөңгелектелген мәні 80% тең



Баға

Негізгі мектептегі балдың

пайыздық мазмұны

«2»

0- 39%

«3»

40% - 64%

«4»

65% - 84%

«5»

85% - 100%


Балдарды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес 80 %, – «4» деген баға.

«Математика» пәнінен 5-сынып білім алушысының жылдық бағасы – «4».


 

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Блум Б.С. Классификация учебных целей. - Нью Йорк: Лонгман, 1956.


  1. Блум Б.С., Кратволь Д. Таксономия целей обучения. - Нью Йорк: Лонгман, 1956.


  1. Блэк П.,  Уильям Д.  Педагогические исследования: формативное оценивание. // Британ ғылыми-зерттеу журналы №29, 2009.


  1. Выготский Л.С. Развитие высших психических функций. – М.: баспа АПН РСФСР, 1978.


  1. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының деңгейлік бағдарламасы глоссарийі: оқу-әдістемелік құрал. - Астана: «Назарбаев Зиякерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2012.


  1. Зимняя И.А. Психология слушания и говорения. – М.: Дисс. … п.ғ.д., 1973.


  1. Оценивание учебных достижений учащихся. Әдістемелік нұсқаулық. / Құраст. Р.Х.Шакиров, А.А.Буркитова, О.И.Дудкина. – Б.: «Билим», 2012. – 80 б.


  1. ОЭСР. Среднее образование в Казахстане: Обзор национальной образовательной политики. – Астана: ИАЦ, 2014.


  1. Уильям Д. Изменяя практику в классе. Заметки из исследований Ш.Кларк, Д.Уильяма и Национальной стратегии. – 2008.


  1. Уильям Д., Томсон М. 5 основных стратегий для формативного оценивания. – 2007.


  1. Фишман И.С., Голуб Г.Б. Формирующая оценка образовательных результатов учащихся: Методическое пособие. - Самара: «Учебная литература» баспасы, 2007. - 244 б.


  1. Шамова Т.И. Современные средства оценивания результатов обучения в школе.  М.: Педагогическое общество Ресей, 2007.


  1. Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал. (2016)/ О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен. – Астана:

 

«Назарбаев Зиякерлік мектептері» ДББҰ, 2016. - 46 б.


  1. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал. / О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен. – Астана: «Назарбаев Зиякерлік мектептері» ДББҰ, 2016. - 48 б.


  1. Монина Г.Б., Лютова-Робертс Е.К. Коммуникативный тренинг (педагоги, психологи, родители). - СПб.: «Речь» баспасы, 2007. – 224 б.


  1. 200 рецептов успеха в коммерции (Одностраничный метод). Пер. с нем. / Э.К.Геффрой. – М.: Интерэксперт, 1997. - 248 б.


  1. Толковый словарь русского языка [Электронный ресурс] / Под ред. Д.Н.Ушакова. // http://ushakovdictionary.ru/view_search.php


  1. Эшкрофт К., Лоррейн Ф-П. Управление преподаванием и обучением в дальнейшем и высшем образовании. - Оксфорд: 2013. – 224 б.


  1. Клинтон Б., Лоррейн Ф.-П., Крис Х. Исследование методов обучения в колледжах и университетах. - Рутледж: 2017. – 148 б.

 
  • қосымша Критериалды бағалау жүйесін реттейтін нұсқаулық-әдістемелік құжаттар

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта)

Мемлекеттік жалпыға міндетті негізгі орта білім беру стандарты (бұдан әрі - МЖМББС) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейін, білім беру мазмұнын, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын анықтайды.

Бағалаудың стандарты болып табылатын күтілетін нәтижелер пәндер бойынша МЖМББС-нда таксономиялық тәсіл арқылы ұсынылды. Таксономиялық тәсілдер негізінде білім беру деңгейін аяқтау бойынша білім алушылардың білуі, түсінуі, қолдануы, талдауы, синтез жасауы және бағалауы анықталады.

Оқу бағдарламасы

Оқу бағдарламасы әр пәннің мақсатын, құндылықтарын белгілейді, мұғалімнің ұстанымына сәйкес педагогикалық тәсілдерді қысқаша сипаттайды. Бұл құжат әр пәннің құрылымы мен мазмұны туралы ақпараттарды қамтиды. Оқу бағдарламасының мазмұны бөлім, бөлімше, ортақ тақырыптар бойынша берілген.

Оқу жоспары

Оқу жоспарында оқу бағдарламасының мазмұнын пәндер бойынша оқытудың ұсыныстары сыныптар арқылы көрсетілген. Мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген іс-шаралар түрлерін білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын білетініне және барлық оқу мақсаттарына жеткеніне көз жеткізу үшін қолдануына болады.

Мұғалім мен білім алушылардың сабақта нәтижеге қол жеткізуі үшін оқу мақсаттарына қатысты ортақ түсініктері болуы маңызды. Ортақ түсініктің болуы үшін мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген түрлі стратегияларды қолданады.



Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау тәртібі

Құжатта мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру стандартына сәйкес білім беру ұйымдарында білім алатын білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру, өткізу тәртібі анықталады. Құжат төмендегідей бағалау рәсімдерімен реттеледі:

  • қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, өткізу рәсімдері;
  • жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу рәсімдері;
  • тоқсандық және оқу жылына қойылатын бағалар рәсімдері.


Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық

Критериалды бағалауға арналған бұл нұсқаулық жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу аясында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша


 

мұғалімнің іс-әрекетіне өзгерістер енгізудің теориялық және тәжірибелік негізін анықтайды. Берілген ұсыныстар бағалау рәсімдерін, олардың белгіленген стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.



Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалауды енгізу бойынша нұсқаулық

Әрбір қалалық/аудандық білім беру бөлімдерінде, мектептерде критериалды бағалау жүйесін енгізу үдерісін үйлестіретін жауапты тұлғалар тағайындалады. Өңірлік үйлестірушілер қалалық/аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлерінің ішінен, мектепте жалпы білім беретін мектеп директоры орынбасарларының ішінен анықталады. Үйлестірушілердің негізгі рөлі бағалау жүйесінің сапасын жалпы басқаруды, қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың рәсімдерін, үдерістерін жүзеге асыру үшін әдістемелік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.

Өңірлік және мектептегі үйлестірушілер үшін критериалды бағалауға арналған нұсқаулық педагогикалық өлшеулер төңірегінде білім беру саясатын дамытуды, өңір, облыс және мектеп деңгейінде оны жүзеге асырудың негізгі қағидаттарын, жолдарын қамтып көрсететін құжат болып табылады. Нұсқаулықта бағалау үдерісін ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттердің негізгі бағыттары мен тәжірибелік ұсыныстар үйлестірушілерге көмек ретінде берілген.



Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Жинақта оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттары бойынша қалыптастырушы бағалауды өткізуге арналған тапсырмалар үлгілері дескрипторлармен бірге ұсынылған. Тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген, білім алушылардың мүмкіндігін, қажеттіліктерін есепке ала отырып, бейімдеуге болады.



Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

Әдістемелік нұсқаулықта бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу жолдары көрсетілген. Құжат бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың дескрипторлары, балдарымен бірге берілген тапсырмалар үлгілерінен тұрады.

Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы стандартталған және тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін міндетті құжат болып табылады.


 
  • қосымша


Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау туралы мұғалімнің рефлексияға қатысты сұрақтары


Сабаққа дейін (жоспарлау)

  • Менің сабақ жоспарым оқу мақсаттарынан, нақты күтілетін нәтижелерден тұрады.
  • Мен білім алушылардың қабілеті мен қажеттіліктерін анықтай аламын, мұны қалай түсіндіруге болатыны туралы жоспарым бар.

Сабақта

  • Менің білім алушыларым сабақтың оқу мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін біледі.
  • Мен әуелі білім алушыларымның осы сабақтағы тақырып бойынша білім, дағды, түсіну деңгейлерін анықтаймын.
  • Тапсырмалар оқу мақсаттарына сәйкес келеді.
  • Әр білім алушы өзі орындайтын тапсырмалардың бағалау критерийлерін, одан не күтілетінін біледі.
  • Мен   білім   алушылардың   тапсырманы   орындау бойынша нәтижелерін сабақ барысында, келесі сабақты жоспарлау кезінде пайдаланамын.
  • Мен білім алушылардың өз білімдеріне жауапкершілікпен қарауына, бір-бірінен үйренуіне, нәтижелерін бағалай алуына мүмкіндік беремін.
  • Ашық   сұрақтар   білім    алушылардың   түсінгенін    үнемі    тексеріп    отыру    үшін қолданылады.
  • Білім алушыларға сұраққа жауап беру кезінде ойлануға уақыт беріледі.
  • Мен білімін, түсінгенін тексеру үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолданамын.
  • Мен білім алушылардың ілгерілеуін мониторингілеу үшін бағалау нәтижелерін тіркеп отырамын.
  • Білім алушылардың өз жұмысын, өзінің ілгерілеуін бағалауға мүмкіндігі бар.
  • Бағалау нәтижелері білім алушылардың оқудағы олқылықтарын анықтау үшін қолданылады.
  • Мен өз білім алушыларымның жұмысына сындарлы (конструктивті) кері байланыс беремін.

Сабақтан соң

  • Мен талдаймын:
  • оқу мақсатына жетті ме, жетсе қалай?
  • не орындалды, нені орындау керек еді?
  • не орындалмады?
  • келесі жолы басқаша қалай жасауға болады?
  • нені қайталау қажет?
  • жоспарланған шарадан басқа білім алушылар тағы нені үйренді?
  • білім алушылардың барлығы оқу мен бағалау үдерісіне жұмылдырылды ма?

 
  • қосымша Блум таксономиясы бойынша бағалау критерийлерін бөлу

Оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтау үшін бағалау критерийлері құрастырылады, ол Б.Блум таксономиясы арқылы оқу мақсаттарына сәйкес ойлау дағдыларының деңгейі бойынша жіктеледі.

Блум таксономиясын 1956 жылы америкалық психолог Бенджамин Блум когнитивтік ортада педагогикалық оқу мақсаттарын болжайтын алты ойлау дағдылары: білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау арқылы топтастыруды ұсынды.

Белгілі дағдыларды нақты анықтау критериалды бағалаудың маңызды аспектісі болып табылады. Ойлау дағдыларының деңгейлері үш топтың төңірегінде берілді (1- кесте):

  • білу және түсіну;
  • қолдану;
  • жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау).


Бағаланатын дағдылар сипаттамасы

Ойлау дағдыларының

топтары

Сипаты

Етістіктер

Білу және түсіну

Нақты деректерді, ақпараттар мен сипаттамаларды, есте сақтау немесе елестету, меңгерген материалды дұрыс жеткізу, болжау немесе ақпаратты жеткізу арқылы түсіну және   түсіндірудегі баға

қабілеттілігі.

атайды, назар аударады, есте сақтайды, талқылайды, анықтайды, айтады, жазады, қайталайды, көрсетеді, хабарлайды.

Қолдану

Бір мәселені нақты жаңа жағдайда шешу үшін меңгерген материалды қолданудағы баға қабілеттілігі. Білімді қолданудың таныстыру әдісі тәжірибелік жұмыстар, эксперименттер, жоба жұмыстары, мәселені шешу және жаңа және/немесе түрлі нәтижелер жасау болып

табылады.

қолданады, санайды, өзгертеді, таңдайды, топтастырады, аяқтайды, қорытындылайды, таныстырады, табады, жасайды, ықпал етеді, зерттейді, эксперимент жүргізеді, түсіндіреді, сахналайды, түрлендіреді, сәйкестендіреді, жоспарлайды, көрсетеді, шешеді, пайдаланады, құрайды, іске асырады.

Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау және бағалау)

Баға қабілеттілігі:

- ақпараттық материалдарды жеке бөліктерге бөлу, дәлелді анықтау жолымен түрлі пікірлер алу үшін ақпараттарды немесе себебін, тұжырымын меңгеру, жалпы ережелер үшін дәлелдер

табу;

талдайды, бағалайды, топтастырады, есептейді, қабылдайды, салыстырады, байланыстырады, қарсы қояды, сынайды, талқылайды, саралайды, ажыратады, бөледі, зерттейді, эксперимент жүргізеді, түсіндіреді, пікір білдіреді, сәйкестендіреді,

тексереді.


 

Ойлау дағдыларының

топтары

Сипаты

Етістіктер


  • жаңа мәнмәтінде бөліктерді (идея, элементтер) біріктіру, қиыстыру, мысалы хабарлама (сөз сөйлеу, баяндама оқу), әрекет жоспары, қажет мәліметті реттейтін кесте;
  • осы немесе басқа материалдың маңызын бағалау (бекітілген көркем шығарма, зерттеу мәліметтері).

топтастырады, жинақтайды, қосады, үйлестіреді, құрайды, құрады, құрастырады, жалпылайды, біріктіреді, саралайды, ұйымдастырады, жоспарлайды, ұсынады, орнатады, біріктіреді, аргумент келтіреді,

негіздейді, келіседі, салыстырады.

дәлелдейді, таңдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, сендіреді, негіздейді, түсіндіреді, өлшейді, болжайды, алдын алады, ұсынады, пікір білдіреді, саралайды, бөліп көрсетеді, қосады, қолдайды,

тексереді, бағалайды, талдайды.


Бағалау критерийлерін құрастыру кезінде мұғалім әр ойлау дағдыларының деңгейін көрсететін етістіктерді қолдануына болады.


 
  • қосымша


Қалыптастырушы бағалау әдістері

Әдісі

Сипаты

1.

Қолмен белгі беру

Мұғалім түсіндіруін тоқтатып, қолды көтеру арқылы материалды түсініп немесе түсінбей отырғанын айғақтайтындай белгі беруін өтінеді. Белгілер алдын ала келісіледі. Мысалы:

  • қолдың бас бармағы жоғарыға қарай бағытталған: мен бәрін түсіндім және түсінгенімді айта аламын;
  • қолдың бас бармағы төменге қарай бағытталған: мен әлі түсінген жоқпын;
  • қол бұлғау: мен өзіме сенімсізбін;

Мұғалімнің білім алушыларға қосымша сұрақтар қоюына болады, мысалы, кім өзіне сенімсіз? кім түсінбеді? кім түсінді?

2.

Бағдаршам

Әр білім алушының қолында бағдаршамның үш түсі көрсетілген парақшалар болады. (барлығы түсінікті – жасыл, сұрағым бар – сары,

түсініксіз – қызыл).

3.

Жинақтау парақшасының индексі

Мұғалім білім алушыларға екі жағында да көрсетілген тапсырмалары бар парақтарды жиі таратып отырады:

  1. беті: Өткен тақырып бойынша негізгі идеяларды атап шығыңыз (бөлімдер, тақырыптар) және оны қорытып айтыңыз.
  2. беті: Өткен тақырыптан тағы нені түсінбегеніңізді анықтаңыз (бөлімдер,

тақырыптар) және өз сұрақтарыңызды құрастырыңыз.

4.

Бір минуттық эссе

Білім алушылардың оқу материалын меңгергенін кезең-кезеңмен қадағалау үшін сабақтың кез келген уақытында қолдануға болады. Мұғалім қоюы мүмкін сұрақтар:

  • Ең бастысы (бүгін) сіз не білдіңіз?
  • Есіңізде не қалды?
  • Қандай сұрақ сіз үшін түсініксіз болды?

5.

Екі жұлдыз, бір тілек

Білім алушылардың шығармашылық жұмыстарын, шығарманы, эссені бағалау кезінде қолданылады. Білім алушыларға екі жағымды тұсын анықтау әрі оны жұлдызшамен белгілеу («екі жұлдыз») және өз ойы бойынша оның қай тұсын толықтырып жазу қажеттігін анықтау

тапсырылады («тілек»).

6.

Үш минуттық үзіліс

Мұғалім білім алушыларға сабақты түсінуін, идеясын, өткен тақырыппен байланыстылығын, білімі мен тәжірибесін, сондай-ақ түсініксіз тұстарын анықтау үшін ойлануға мүмкіндік беретін үш минуттық үзіліс береді.

Мысалы:

… туралы көп білдім

Мен бұған таң қалдым, себебі …                                 Мен …      … сездім.

Мен … … қарадым.

7.

Ауызша бағалау

Білім алушы мен мұғалімнің ауызша кері байланысы сабақтың барлық

кезеңінде тиімді.

8.

Температураны өлшеу

білім алушының тапсырманы қаншалықты орындағанын анықтау үшін қолданылады. Ол үшін мұғалім білім алушыларды тоқтатып, сұрақ қояды: Біз не істеп жатырмыз?

Білім алушы осы сұраққа жауап береді, тапсырманың орындалу жолы,

оны орындау үдерісі туралы ақпаратты ұсынады.


 
  • қосымша



20          - 20             оқу жылына жиынтық бағалау өткізудің жоспары

Пән                                                                                                                           Сынып                                                                                             



Тоқсан

Тоқсандағы апта саны


Жиынтық бағалау рәсімдері (бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тақырыптары)

Апта



Бағалауды өткізу түрі


Жиынтық бағалау рәсімдерінің орындалу ұзақтығы

Мерзімі



Ескерту