ӘР БАЛАНЫҢ БІЛУГЕ ТИІСТІ ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІГІ » "Мақтарал" МГ
Түркістан облысы білім басқармасының
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
№5 "Мақтаарал" гуманитарлы-қоғамдық пәндер бағытындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ӘР БАЛАНЫҢ БІЛУГЕ ТИІСТІ ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІГІ
11
май
2016

ӘР БАЛАНЫҢ БІЛУГЕ ТИІСТІ ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІГІ

Егер сен үйде болсаң:
- Келер алдында достарың мен таныстарың сені сымтетікпен хабардар етсін.
- Егер есікке қоңырау соқса, ашуға асықпа. Бірінші кім екенін біліп ал.
- "Мен" дегенге есікті ашпа, есімін сұрап ал.
- Егер сен қоңырау соққан адамды танымасаң, сенің танитын адамдарыңның есімін атаса да, есікті ашпа, кейін келуін сұран.
- Егер келген адам сенің фамилияңды және осы мекен-жайды атаған күнде де, есікті ашпа. Келген адамға берген мекен-жайының дұрыс еместігін айт.
- Егер бейтаныс адам поштаның немесе басқа мекемелердің қызметкерімін десе, оның аты-жөнін, жұмыс сымтегігін, келген себебін біліп алып, есікті аш.
- Егер бейтаныс адам "102" немесе "103" қызметімен байланыспақшы болса, есік ашуға асықпа. Осы қызметкерге өзің сымтетік соға сал.
- Егер сенің подьезіңде бір топ адам төбелес шығарса, ішімдік ішіп отырса, сенің демалуыңа кедергі жасап жатса, "102" немесе "103" қызметіне сымтетік соқ.
- Қоқыс шелегін шығарар алдында өз пәтеріңнің алдында бейтаныс адам жоқ екенін мұқият қарап ал. Сонан кейін есікті міндетті түрде құлыпта.
- Пошта жәшігінен газет алып, тез арада үйіңе кір. Егер де бейтаныс адамдар кездессе, газетті кейін ала сал.

Көшеде:
- Егер сен ойнайтын болсаң, ойнайтын жерің ата-анаңның немесе туған - туысқандарыңның, көз алдында ойнауға тырыс.
- Егер көрші алаңға барғың келсе, ата-анаңа кіммен, қайда және қай уақытта қайтып келетініңді айтып кет.
- Егер де достарыңмен жасырынбақ ойнасаң, машина артына, подвал сияқты қауіпті жерлерге тығылма. Саябақ және орман ішінде жүрме.
- Егер сенің артыңнан біреу аңдып жатыр деген күдік болса, көшенің басқа бетіне өт, аялдамаға немесе дүкенге кіріп кет.
- Егер бейтаныс адам сенің ата-анаңның немесе туыстарыңның танысымын десе, үйге кіргізуге асықпа, көшеде күтуін сұран.
- Подъезге кірер алдында ешкім жоқ екенін қарап ал. Егер подъезде бейтаныс адам немесе бір топ адам болса, сенімен бірге подъезге кірегін адамды күтіп тұр.
- Лифтіге бейтаныс адаммен бірге кірме.
- Есікке қайда кеткеніңді, қашан келетінің туралы хат тастама.
- Егер көшеде саған қарама-қарсы бір топ келе жатса, көшенің басқа бетіне өт.

Мектепте:
- Көмекті мұғалімнен, сынып жетекшіңнен, мектеп орынбасарынан, директордан, тәрбие жұмысының орынбасарынан, кезекші полиция қызметкерінен сұрасаң болады.

Дүкенге барғанда:

- Үйден шығар алдында ақшаны санап ал.
- Қалтаңда қанша теңге бар екендігін ешкімге жариялама.
- Егер ақшаң көп болса, қасыңда міндетті түрде туысқанып жүрсін.
- Заттың төлемақысын төлегенде, ақшаңның барлығын көрсетпе.

Өрт сөндіру қызметі 101
Милиция 102
Жедел жәрдем 103

Қазакстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңы

43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті
3. Білім беру ұйымдарының құзыретіне мынадай қызметтер енеді:
1) ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекіту;

ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІНЕН КӨШІРМЕ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Оқушылар әкімшілікке, сынып жетекшісіне бағынады және олардың барлық үкімдерін орындайды.
Себепсіз сабақтардан қалмайды. Егер нақты себептерге байланысты сабақтан қалса, айғақтайтын құжат тапсырады (медициналық анықтама және т.б.).
Оқушылар жалпы білім беретін мектептің өзге де ішкі тәртіп талаптарын орындайды.
Оқушылар құқылы:
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сай сапалы білім алуға;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары аясында жеке-дара оқу жоспары бойынша, білім беру мекемесі кеңесінің шешімі бойынша білім берудің қысқартылган бағдарламасымен оқуға;
- көшу емтихандарын тапсырған жағдайда ғылыми-әдістемелік кеңестің шешімі бойынша келесі сыныпқа көшуге;
- оқу жоспарына сәйкес баламалы курсты таңдауға;
- өзінің қабілеті мен қажеттілігіне байланысты ақылы негізде қосымша қызмет, білім алуға;
- білім беру мекемесінің ақпараттық қорымен тегін қолдануға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен тәртібіне сай оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;
- спорт, оқу, акт залдарын, кітапхананы тегін пайдалануға;
- өзінің адамдық ар-намысын құрмет тұтуға;
- оқуда, ғылыми және шығармашылық қызметі үшін марапатталуға және сыйлық алуға.
Оқушылар міндетті:
- оқу процесі басталуға 15 минут қалғанда мектепке келуге;
- ұқыпты киінуге, сыртқы көрінісі талаптарға сай болуына, сабақтарға қатысуға, оқу жоспары мен бағдарламасында бекітілген уақытта тапсырмаларды орындауға, өздерінің сана-сезімі мен мәдени деңгейін көтеруге, оқу-тәрбие мекемесінің ішкі тәртіп ережелерін сақтауға;
- өз денсаулығын күтуге, рухани және дене бітімі тұрғысынан өзін-өзі жетілдіруге;
- тәртіпті және ұйымшыл болуға;
- өз қызығушылығына сәйкес шығармашылық және зерттеу жұмысын жүргізуге, олардың қорытындысын мектептің ғылыми-әдістемелік кеңесіне міндетті түрде беруге;
- білім беру мекемесінің дәстүрлерін құрметтеуге;
- мұғалімдермен, оқушылармен, ата-аналармен және қызмет көрсетуші қызметкерлермен қарым-қатынас жасау барысында этикалық нормаларды қатаң сақтауға;
- қоғамдық өмір мен қайырымдылық қызметке белсенді түрде қатысуға;
- мектеп мүлігін ұқыпты ұстауға
Міндеттерді бұзған жағдайда мектептің ішкі тәртібі ережелері мен Жарғысында қарастырылған тәртіптік шара қолданылуы мүмкін.