Мектеп-гимназия директоры Дошманов Динмуханмед Айтбекович » "Мақтарал" МГ
Түркістан облысы білім басқармасының
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
№5 "Мақтаарал" гуманитарлы-қоғамдық пәндер бағытындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп-гимназия директоры Дошманов Динмуханмед Айтбекович
05
апрель
2021

Мектеп-гимназия директоры Дошманов Динмуханмед Айтбекович

          Дошманов Динмуханмед Айтбекович 1973 жылы 20 наурызда қазіргі Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Жалын елді мекенінде дүниеге келді. 1980 жылы Жамбыл атындағы орта мектебіне дайындық сыныпқа оқуға келіп, 1990 жылы аталған мектептің 11 – ші сыныбын бітірді. 1990 – 1991 жылдары Абай колхозында жұмысшы болып жұмыс істеген. 1991 жылы Алматы қаласына  Әл – Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түсіп, аталған университетті 1996 жылы бітіріп шықты. 1996 жылы Жамбыл атындағы орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданып, 2006 – 2012 жылдар аралығында аталған мектеп директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.     2012 –      2014 жылдар аралығында Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінің шеберхана меңгеруші қызметі бойынша жұмыс жасап, 2014 – 2019 жылдар аралығында Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылы 23 қазаннан бастап Мақтаарал ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісінің  орынбасары болып жұмысқа орналасты. Үйленген. Жолдасы Дошманова Райхан екеуі 3 ұл 3 қыз тәрбиелеп отыр.