«Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында педагогтің заманауи құзыреттерін қалыптастыру» тақырыбындағы педагогтердің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы » "Мақтарал" МГ
Түркістан облысы білім басқармасының
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
№5 "Мақтаарал" гуманитарлы-қоғамдық пәндер бағытындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында педагогтің заманауи құзыреттерін қалыптастыру» тақырыбындағы педагогтердің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы
06
октябрь
2023

«Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында педагогтің заманауи құзыреттерін қалыптастыру» тақырыбындағы педагогтердің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы

11-kaz.pdf [255,67 Kb] (cкачиваний: 1)
Посмотреть онлайн файл: 11-kaz.pdf

«Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында педагогтің заманауи құзыреттерін қалыптастыру»

тақырыбындағы педагогтердің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы


  1. Жалпы ережелер


Педагогтердің біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарлама «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына (31.03.2021 ж. өзгерістер мен толықтырулармен), 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (28.08.2020 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) сəйкес, «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру жəне жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығын, «Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің    2020 жылғы 9 сəуірдегі № 137 бұйрығын, «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын əзірлеу, келісу жəне бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығын ескере отырып əзірленді.

Бағдарлама орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған.

Курс бағдарламасын əзірлеу білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жаңартылуына, пандемия жəне карантин жағдайында оқытудың жаңа форматтарының енгізілуіне жəне білім алушылардың білімін толықтыру проблемасының өзекті болуына байланысты қажет болып отыр. Заманауи мектеп – білім беру процесі оқушылардың цифрлық əлемде өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған цифрлық мектеп.

Білім беруді цифрландыру білім кеңістігінің барлық құрамдас бөлігін: білім мазмұнын, оқу процесін ұйымдастыру, жүзеге асыру шарттарын өзгертті, нəтижесінде оқушыларымыз табысты жəне бəсекеге қабілетті болуға тиіс.

Бүгінде қашықтан оқыту нысаны бүкіл əлемдегі білім беру жүйесі үшін заман талабына айналды.

Педагогтер өздерінің кəсіби қызметінде цифрлық технологияларды белсенді түрде пайдалана бастады жəне заманауи технологиялардың артықшылықтарын пайдаланып қана қоймай, одан туындайтын қиындықтармен де бетпе-бет келді.

Курс материалдары педагогтерге əртүрлі IT-ресурстар мен құралдардың мүмкіндіктері туралы ақпарат беруге жəне оларды қолдану бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарлама педагогке:


 
  • соңғы өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен танысуға;
  • педагогтердің қызметте цифрлық құралдарды қолдану бойынша кəсіби құзыреттерінің деңгейін көтеруге;
  • оқыту əдістемелерін трансформациялаудың халықаралық тəжірибесін зерделеуге;
  • заманауи цифрлық сабақтың əртүрлі нысандары мен модельдерін зерттеуге;
  • педагогтің кəсіби қызметінде цифрлық білім берудің қазіргі трендтерін қолдануды үйренуге мүмкіндік береді.

Аталмыш курстың бағдарламасы тыңдаушылардың қазіргі заманғы педагогикалық жəне өзекті цифрлық құзыреттерін қалыптастыруға жəне цифрландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

Оқу ұзақтығы – 36 сағат.

Өткізу нысаны: онлайн, офлайн.


  1. Глоссарий

    • аралас оқыту – бұл білім беру ұйымының білім беру порталында орналастырылған  арнайы   электрондық   оқу   материалдарын   пайдаланатын дəстүрлі күндізгі оқытуды онлайн оқытумен ұштастыру негізінде білім беру процесін ұйымдастыру;
  • педагог – тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кəсіби білімі бар, білім алушыларды жəне (немесе) тəрбиеленушілерді оқыту жəне тəрбиелеу, білім беру қызметін əдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кəсіби қызметін жүзеге асыратын тұлға;
  • білім беру порталы – ҚОТ арқылы білім беру процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін əкімшілік-академиялық жəне оқу-əдістемелік ақпаратты қамтитын, ақпараттық ресурстар мен интернет сервистерінің жүйелі ұйымдастырылған, өзара байланысты жиынтығы;
  • жаппай ашық онлайн курс (бұдан əрі – ЖАОК) – электронды оқыту технологиялары қолданылатын, жаппай интерактивті қатысуға жəне Интернет арқылы ашық қол жеткізуге болатын оқыту курсы;
  • оқу нəтижелері – білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімінің, іскерліктерінің, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі жəне қалыптасқан құндылықтар мен қарым-қатынастар;
  • онлайн прокторинг – тұлғаны верификациялау жəне онлайн- емтихандардан өту нəтижелерін растау жүйесі;
  • цифрлық білім беру ресурстары (бұдан əрі – ЦБР) – интерактивті түрде оқытуды қамтамасыз ететін, оқу пəндері жəне (немесе) модульдер бойынша дидактикалық материалдар: фотосуреттер, видеофрагменттер, статистикалық

 

жəне динамикалық үлгілер, виртуалды шынайылық пен интерактивті модельдеу нысандары, дыбыстық жазбалар мен өзге де цифрлық оқу материалдары;

  • цифрлық контент – цифрлық оқу материалдарын ақпараттық (мəтіндер, графикалар, мультимедиалар жəне өзге де маңызды ақпараттық мазмұн) толықтыру;
  • желілік технология – оқу-əдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді, білім алушылардың оқытушымен жəне бір-бірімен интерактивті қарым-қатынас жасау нысандарын, сондай-ақ Интернет желісін пайдалану негізінде оқу процесін əкімшілендіруді қамтитын технология;
  • кейс-технология – оқу-əдістемелік материалдар жиынтығын (кейстерді) қағаз, электронды жəне өзге де тасымалдағыштарда жинақтауға жəне оларды өз бетінше оқу үшін білім алушыларға жеткізуге негізделген технология;
  • планшетті ДК (бұдан əрі – ПлДК) – экранмен біріктірілген қолмен жазатын планшетті құрылғымен жабдықталған, пернетақта мен тінтуірді пайдаланбай-ақ стилус немесе саусақтар арқылы жұмыс істейтін ноутбуктер класы;
  • рұқсат етілетін діріл жəне діріл деңгейі – үй-жайларда жұмыс орындарындағы жайлылық жағдайы үшін жалпы діріл.


  1. Бағдарламаның тақырыбы


  1. модуль. Қазақстандағы білім беруді цифрландыруды дамытудың өзекті мəселелері. Нормативтік құқықтық актілер
  2. модуль.    Мектепте     білім    берудің     цифрлық    трансформациясы, халықаралық тəжірибе
  3. модуль.    Цифрлық    сауаттылық    –    заманауи    педагогтің    кəсіби дағдыларының негізгі компоненті
    • Цифрлық сауаттылық
    • Оқытудағы цифрлық технологиялар
  4. модуль. Заманауи цифрлық білім беру трендтері жəне оларды іске асыру құралдары
    • Аралас оқыту. Онлайн білім беру. Адаптивті оқыту. Оқытуды дербестендіру. Мобильді оқыту. CLIL (пəндік-тілдік интеграцияланған оқыту). Геймификация.
    • Bilim Land экожүйесі цифрлық білім беру трендтерін іске асырудың тиімді инструментарийі ретінде.


  1. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері жəне күтілетін нəтижелері Мақсаты: педагогтердің кəсіби қызметте заманауи цифрлық құралдар мен

сервистерді қолдану құзыреттерінің деңгейін көтеру.

Міндеттері:

  • педагогтердің кəсіби қызметте цифрлық құралдарды пайдаланудағы кəсіби құзыреттерін жетілдіру;

 
  • педагогтің цифрлық білім беру ортасында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану білімі мен іскерлігін қалыптастыру;
  • соңғы өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен таныстыру.

Күтілетін нəтиже:

Ұсынылған   бағдарлама   бойынша   біліктілікті   арттыру   курстарының тыңдаушылары:

мыналарды:

  • соңғы өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерін;
  • онлайн оқыту, қашықтан білім беру технологиялары, аралас жəне мобильді оқыту жəне т. б. заманауи білім беру технологияларын қолданып, оқу процесіне оқу-əдістемелік қолдау көрсетуге арналған электрондық білім беру ресурстары мен сервистерінің мүмкіндіктерін біледі.

Мыналарды:

  • заманауи ақпараттық технологиялар мен оқу құралдарымен білім беру қызметін жобалауды;
  • онлайн режимінде білім беру процесін ұйымдастыруға арналған цифрлық ресурстардың мүмкіндігін пайдалануды;
  • заманауи білім беру технологияларын қолдану жағдайында электрондық білім беру ресурстарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқу қызметінің нəтижелерін бағалаудың əралуан түрін қолдануды;
  • цифрлық білім беру ортасында заманауи білім беру трендтерін қолдануды қамтитын заманауи педагогикалық жəне өзекті цифрлық құзыреттерді меңгереді.
  1. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны Бағдарлама 4 модульден тұрады:

  2. Қазақстандағы   білім   беруді   цифрландыруды   дамытудың   өзекті

мəселелері. Нормативтік құқықтық актілер

  1. Мектепте білім берудің цифрлық трансформациясы, халықаралық тəжірибе
  2. Цифрлық сауаттылық – заманауи педагогтің кəсіби дағдыларының негізгі компоненті
  3. Заманауи цифрлық білім беру трендтері жəне оларды іске асыру құралдары
  4. модуль. Қазақстандағы білім беруді цифрландыруды дамытудың өзекті мəселелері. Нормативтік құқықтық актілер

Модульдің ұзақтығы – 3 сағат.


 

Өткізу нысаны: онлайн, офлайн.

Модульдің қысқаша мазмұны

Цифрландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелері. Нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу жүйесі.

Нормативтік құқықтық база:

  • «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы   24

қарашадағы № 418-V заңы (02.01.2021 ж. өзгерістер мен толықтырулармен);

  • «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту жəне Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 521 Жарлығы;
  • «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді жəне ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
  • «Адамға əсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 38 бұйрығы;
  • «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығы;
  • «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 13 сəуірдегі № 141 бұйрығы;
  • «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 1 сəуірдегі № 123 бұйрығы;
  • «COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде оқу процесін қашықтықтан білім беру технологияларына көшіру кезінде білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 8 сəуірдегі № 135 бұйрығы;
  • «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 1 сəуірдегі № 123 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан

 

Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 13 сəуірдегі № 140

бұйрығы;

  • «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі əдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығы (31.03.2021 ж. өзгерістер мен толықтырулармен).
  • модуль. Мектепте білім берудің цифрлық трансформациясы, халықаралық тəжірибе

Модульдің ұзақтығы – 2 сағат. Өткізу нысаны: онлайн, офлайн.

Соңғы уақытта мектепте цифрлық білім беруде елеулі жетістіктерге жеткен жəне кешенді ұлттық жобалары бар бірнеше елдің: Финляндия, Оңтүстік Корея, Сингапур, Вьетнам мен Кенияның мысалындағы халықаралық тəжірибе. 3-модуль.   Цифрлық                   сауаттылық                      –   заманауи  педагогтің   кəсіби

дағдыларының негізгі компоненті Модульдің ұзақтығы – 24 сағат. Өткізу нысаны: онлайн.

Модульдің қысқаша мазмұны

Цифрлық сауаттылық. Цифрлық сауаттылық түсінігі. Медиасауаттылық.

Цифрлық этикет.

Интернеттен ақпарат іздеу. Google Chrome.

Ақпаратты «бұлтта» сақтау. Түрлері. Google Disk. Облако@Mail.ru.

Google қосымшаларын қолдану. Google құжаттар. Google кестелер.

Google презентациялар. Google нысандар.

Оқытуды ұйымдастырудың цифрлық технологиялары. Classroom.

Meet. Youtube.

Əлеуметтік желілер мен танымал мессенджерлер. Instagram, Facebook.

WhatsApp. Telegram.

Оқыту бейнероликтерін жасау. Bandicam. Freecam.

Онлайн-презентациялар жасау. Prezi. Flickr.

Онлайн тестілеу қызметтері. Indigo. MyTestXPro. Socrative. Синхронды қарым-қатынасты ұйымдастыру Zoom, Miro. Padlet. Оқу процесінде QR-кодты пайдалану. QRCoder.

4-модуль. Заманауи цифрлық білім беру трендтері жəне оларды іске асыру құралдары

Модульдің ұзақтығы – 7 сағат. Өткізу нысаны: онлайн.

Модульдің қысқаша мазмұны

Bilim Land экожүйесі цифрлық білім беру трендтерін іске асырудың тиімді инструментарийі ретінде. Озық цифрлық əдістемелер бағыттары бойынша платформа құралдары (практикалық жұмыс).

Аралас оқыту. Онлайн білім беру.


 

Бейімді (адаптивті) оқыту. Оқытуды дербестендіру.

Мобильді оқыту.

CLIL (пəндік-тілдік интеграцияланған оқыту). Геймификация.

  1. Оқу процесін ұйымдастыру

Біліктілікті арттыру курстары 40 сағатқа жоспарланған тақырыптық оқу жоспарына сəйкес, онлайн-форматта ұйымдастырылады.

Білім    беру     процесі     Bilim     Land    білім     беру     платформасында ұйымдастырылады.

Біліктілікті арттыру курсының тақырыптық оқу жоспары


Модульдер  мен                      тақырыптар атауы

Нысаны             мен əдістері

Сағат саны

1.

1-модуль. Қазақстандағы білім беруді                       цифрландыруды дамытудың өзекті мəселелері. Нормативтік                           құқықтық актілер

Видеодəріс, презентациялық материал,

өзін-өзі     бақылауға арналған тест

3

1.1

Қазақстанда білім беруді цифрландыруды              дамыту мəселелері

Видеодəріс, өзін-өзі бақылауға арналған тест

1

1.2

Білім беруді цифрландыру саласындағы                                 нормативтік құқықтық актілер

Видеодəріс, презентациялық материал,      өзін-өзі бақылауға                    арналған тест

2

2.

2-модуль.     Мектепте                      білім берудің                       цифрлық трансформациясы, халықаралық тəжірибе

Дəріс,            өзін-өзі бақылауға арналған тест

2


 

2.1

Мектепте білім берудің цифрлық трансформациясы, халықаралық тəжірибе

Дəріс,            өзін-өзі бақылауға арналған тест

1

2.2

Мектепті трансформациялаудың халықаралық             тəжірибесі: проблемаларды талдау жəне шешу жолдары. Финляндия, Оңтүстік Корея жəне Сингапур тəжірибесі

Дəріс, презентациялық материал,      өзін-өзі бақылауға                    арналған тест

1

3

3-модуль.                                    Цифрлық сауаттылық – заманауи педагогтің                        кəсіби

дағдыларының                                          негізгі компоненті

Видеодəріс; бейнероликтер, презентациялар, онлайн-сабақтар жəне    т.    б.    жасау бойынша практикалық жұмыс; жобалық  жұмыстар, презентациялар, шығармашылық тапсырмалар, зертханалық жұмыстар,     өзін-өзі бақылауға               арналған тест.

24

3.1

Цифрлық сауаттылық. Цифрлық сауаттылық                      түсінігі. Медиасауаттылық. Цифрлық этикет.

Видеодəріс, презентациялық материал,      өзін-өзі бақылауға                    арналған тест

2

3.2

Интернеттен      ақпарат      іздеу. Google Chrome.

Видеодəріс, презентациялық материал,      өзін-өзі

2


 



бақылауға                    арналған тест


3.3

Ақпаратты «Бұлтта» сақтау. Түрлері.          Google                        Disk. Облако@Mail.ru.

Видеодəріс, презентациялық материал,      өзін-өзі бақылауға                    арналған тест

2

3.4

Google қосымшаларын қолдану. Google құжаттар. Google кестелер. Google презентациялар. Google нысандар.

Видеодəріс, презентациялық материал,      өзін-өзі бақылауға                    арналған тест, шығармашылық тапсырма

2

3.5

Оқытуды                         ұйымдастырудың цифрлық                                   технологиялары. Classroom. Meet. Youtube.

Видеодəріс, презентациялық материал,      өзін-өзі бақылауға                    арналған тест, шығармашылық тапсырма

3

3.6

Əлеуметтік желілер мен танымал мессенджерлер.                                      Instagram, Facebook. WhatsApp. Telegram.

Видеодəріс, презентациялық материал,      өзін-өзі бақылауға                    арналған тест, шығармашылық тапсырма

2

3.7

Оқыту   бейнероликтерін   жасау. Bandicam. Freecam.

Видеодəріс, презентациялық материал,      өзін-өзі бақылауға                    арналған тест, шығармашылық тапсырма

3


 

3.8

Онлайн-презентациялар    жасау. Prezi. Flickr.

Видеодəріс, презентациялық материал,      өзін-өзі бақылауға                    арналған тест, шығармашылық тапсырма

2

3.9

Онлайн     тестілеу     қызметтері. Indigo. MyTestXPro. Socrative.

Видеодəріс, презентациялық материал,      өзін-өзі бақылауға                    арналған тест, шығармашылық тапсырма

2

3.10

Синхронды      қарым-қатынасты ұйымдастыру. Zoom, Miro. Padlet.

Видеодəріс, презентациялық материал,      өзін-өзі бақылауға                    арналған тест, шығармашылық тапсырма

2

3.11

Оқу       процесінде       QR-кодты пайдалану. QRCodder.

Видеодəріс, презентациялық материал,      өзін-өзі бақылауға                    арналған тест

2

4

4-модуль. Заманауи цифрлық білім беру трендтері жəне оларды іске асыру құралдары


Видеодəріс; онлайн- сабақ                       əзірлеу бойынша практикалық жұмыс жəне т. б.; жобалық жұмыстар, презентациялар,

өзін-өзі     бақылауға

арналған            тест,

7


 



шығармашылық тапсырмалар, зертханалық жұмыстар


4.1

Заманауи   цифрлық  білім  беру трендтері

Дəріс, бейнематериал, зертханалық жұмыстар,     өзін-өзі бақылауға                    арналған тест

1

4.2

Онлайн білім беру. Мобильді оқыту жалпы білім беретін мектептегі тиімді білім технологиясы ретінде

Видеодəріс,

практикалық жұмыс, Өзін-өзі бақылауға арналған тест

1

4.3

Аралас оқыту.

Модельдер: төңкерілген сынып, стансылардың ротациясы.


Дəріс                материалы, бейнематериал, Bilim                  Land

платформасының құралдары (практикалық жұмыс),         өзін-өзі бақылауға                    арналған тест

1

4.4

Цифрлық білім беру ортасында бейімді (адаптивті) оқыту


Дəріс                материалы, бейнематериал, Bilim                  Land

платформасының құралдары

(практикалық

1


 



жұмыс), өзін-өзі бақылауға арналған тест


4.5

Оқытуды                             дербестендіру. Оқушының жеке білім бағдарлары


Дəріс, бейнематериал, шығармашылық тапсырмалар, зертханалық жұмыстар,     өзін-өзі бақылауға                    арналған тест

1

4.6

CLIL-пəндік-тілдік интеграцияланған    оқыту,    оқу процесіне енгізу мəселелері

Дəріс, бейнематериал, Bilim                  Land

платформасының құралдары (практикалық жұмыс),         өзін-өзі бақылауға                    арналған тест

1

4.7

Геймификация. Оқу процесіне білім беретін ойындарды енгізудің негізгі аспектілері

Дəріс, бейнематериал, Bilim                  Land

платформасының құралдары (практикалық жұмыс),         өзін-өзі бақылауға                    арналған тест

1


  1. Бағдарламаны оқу-əдістемелік қамтамасыз ету

Біліктілікті арттыру курсының бағдарламасын оқу-əдістемелік қамтамасыз ету          курстың    теориялық    материалдарының    Bilim    Land     білім    беру


 

платформасының құралдарымен жəне OnlineMektep порталының функционалымен өзара байланысты жүйесі болып табылады.

Онлайн-сабақ видеодəрістерден, видео-транскрипт конспектілерінен, электронды дəріс материалдарынан, интерактивті жəне шығармашылық тапсырмалардан, презентациялардан, өз бетінше оқуға арналған материалдардан, зертханалық жұмыстардан, өзін-өзі бақылауға арналған тесттерден, Bilim Land платформасында өтетін вебинарлар материалдарынан тұрады.

Практикалық жұмыс ретінде мыналар пайдаланылады:

  1. оқытудың құрамдас əдісін толыққанды пайдалану үшін қажет контент, технологиялар мен құралдар: МЖМБС-ға сəйкес келетін сабақтардың электрондық жинақтары (мектеп бағдарламасының барлық пəні мен мазмұны) жəне OnlineMektep-тегі видеобайланыс (VKS жəне Zoom);
  2. оқытуды басқару жүйесі – OnlineMektep;
  3. жиынтық жəне формативті бағалау жүргізу жəне нəтижелерді сақтау мүмкіндіктері;
  4. оқытуды жоспарлау құралдары (онлайн-мониторинг жүйесі жəне

Mektep журналы);

  1. оқытудың жаңа  технологияларын  қолдануға  арналған  құралдар

(модельдер мен кейстер).

Сондай-ақ курс тыңдаушыларына OnlineMektep порталының мынадай функционалы қолжетімді болады:

  • мазмұнға тереңдеуге арналған анимациялар, видео жəне виртуалды зертханалар;
  • тапсырмаларды дербестендіру: 3 деңгей жəне 9 кіші деңгей;
  • жаттығуларды нақты уақыт режимінде онлайн орындау;
  • нақты уақыт режимінде сыныппен онлайн-чат;
  • оқушы мен мұғалім арасындағы жеке онлайн-чат;
  • үй тапсырмасын онлайн беру, тексеру жəне баға қою;
  • онлайн-сабақтар мен үй тапсырмасын бағалау журналы;
  • мұғалімдердің өз сабақтарын құрастыруға арналған конструктор;
  • нақты уақыт режимінде онлайн бағалау жүргізуге арналған БЖБ жəне ТЖБ конструкторы;
  • видеоконференция режимінде онлайн-сабақ өту.


  1. Оқу нəтижелерін бағалау

Қорытынды тестілеу оқу жоспарының барлық модулін қамтитын          30

сұрақтан тұрады.

Курстардың оқу материалын меңгерудің 3 деңгейі бар:

  • жоғары – 71–100 %;
  • орташа – 60–70 %;
  • жеткіліксіз – 60 %-ға дейін.

 

«Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында педагогтің заманауи құзыреттерін қалыптастыру» бағдарламасын меңгеру сапасын бағалау тестілеу түріндегі қорытынды аттестаттаумен аяқталады.


  1. Курстан кейінгі қолдау

  2. Курстан өткеннен кейін бірінші күнтізбелік жыл ішінде педагогтің кемінде үш дербес жұмысын ұйымдастыру жəне өткізу;
  3. жеке жоспар бойынша вебинарлар, онлайн-консультациялар өткізу;
  4. Bilim Land платформасындағы байқауларға қатысу;
  5. Bilim Land сайтына мақалалар дайындау жəне жариялау;
  6. тыңдаушылардың жабық тобында ашық сабақтар, вебинарлар жəне басқа да іс-шаралар өткізу;
  7. Bilim Land сайтында өтетін онлайн-конференцияларда сөз сөйлеу;
  8. жеке жоспар бойынша жобаларды, курстық талдау жұмыстарын қорғау.


X Негізгі жəне қосымша əдебиеттер тізімі:

  • «Педагог мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы  27

желтоқсандағы № 293-VІ заңы (31.03.2021 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)

  • «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы      24

қарашадағы № 418-V заңы (02.01.2021 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) .

  • «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді жəне ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
  • «Адамға əсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 38 бұйрығы;
  • «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығы.
  • «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 13 сəуірдегі № 141 бұйрығы.
  • «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 1 сəуірдегі

№ 123 бұйрығы.

  • «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы»

 

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 1 сəуірдегі

№ 123 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 13 сəуірдегі № 140 бұйрығы.

  • «COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде оқу процесін қашықтықтан білім беру технологияларына көшіру кезінде білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 8 сəуірдегі № 135 бұйрығы.
  • «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі əдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығы (31.03.2021 ж. өзгерістер мен толықтырулармен).
  • Тренды современного образования – Алматы: ТОО «Bilim Media Group», 2017 — 326 с.
  • Солдатова Г., Зотова Е., Лебешева М., Шляпников В. Цифровая грамотность и безопасность в Интернете. Методическое пособие для специалистов основного общего образования. – М.: Google, 2013. – 311 с.
    • К.М.Арынгазин, А.В.Дзюбина «Методические рекомендации по работе с интерактивной доской и методика проведения занятий с её использованием».
    • Современные проблемы информатизации образования: монография / рук. авторского коллектива и отв. редактор академик РАО, д-р пед. наук, проф. М. П. Лапчик. – Омск: Изд-во ОмГПУ, 2017. – 404 с.

Қосымша əдебиеттер тізімі:

Цифровая грамотность российских педагогов. Готовность к использованию цифровых технологий в учебном процессе. / Авторы: Т.А. Аймалетдинов, Л.Р. Баймуратова, О.А. Зайцева, Г.Р. Имаева, Л.В. Спиридонова. Аналитический центр НАФИ. – М.: Издательство НАФИ, 2019. – 84 с.

- Мировой опыт использования технологий дистанционного образования. Айдрус Ирина Ахмед Зейн – канд. экон. наук, доцент, Российский университет дружбы народов, директор Центра Арабских Исследований РУДН. АСМЯТУЛЛИН Равиль Рамилевич – аспирант, Российский университет дружбы народов. Высшее образование в России • № 5, 2015

-Рекомендации ЮНЕСКО по политике в области мобильного обучения. Опубликовано в 2015 г. Организацией Объединенных Наций по вопросам образования, науки и культуры (ЮНЕСКО) 7, Place de Fontenoy, 75352 Paris 07 SP, France и Институтом ЮНЕСКО по информационным технологиям в образовании (ИИТО ЮНЕСКО) под лицензией Attribution-NonCommercial- NoDerivs   3.0     IGO                           (CC-BY-NC-ND           3.0                                  IGO)

(http://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/3.0/igo/).

-Универсальные компетентности и новая грамотность: от лозунгов У59 к реальности / под ред. М. С. Добряковой, И. Д. Фрумина; при участии К. А. Баранникова, Н. Зиила, Дж. Мосс, И. М. Реморенко, Я. Хаутамяки; Нац. исслед. ун-т «Высшая школа экономики». — М.: Изд. дом Высшей школы экономики,


 

2020. — 472 c. — 500 экз. — ISBN 978-5-7598-2177-9 (в обл.). — ISBN 978-5-

7598-2074-1 (e-book).

  • Игнатьев В.П., Иванова А.С., Иванова М.Д. ИКТ-КОМПЕТЕНТНОСТЬ ПЕДАГОГА КАК ОСНОВА ЦИФРОВОЙ ГРАМОТНОСТИ ОБУЧАЮЩИХСЯ

// Современные проблемы науки и образования. – 2020. – № 2.;

  • Педагогическая концепция цифрового профессионального образования и обучения / П. Н. Биленко, В. И. Блинов, М. В. Дулинов, Е. Ю. Есенина, А. М. Кондаков, И. С. Сергеев; под науч. ред. В. И. Блинова – 2020. – 98 с.
  • Трудности и перспективы цифровой трансформации образования/Под редакцией Уварова А.Ю. и Фрумина И.Д.ISBN 978-5-7598-1990-5 (в обл.) Национальный ISBN 978-5-7598-2012-3 (e-book) исследовательский университет

«Высшая школа экономики», Институт образования, 2019.

  • Современные проблемы информатизации образования: монография / рук. авторского коллектива и отв. редактор академик РАО, д-р пед. наук, проф. М. П. Лапчик. – Омск: Изд-во ОмГПУ, 2017. – 404 с.
  • Селевко Г.А. Педагогические технологии на основе информационно- коммуникационных средств. – М.: НИИ школьных технологий, 2005. – 208 с.
  • Бидайбеков Е.Ы., Гриншкун В.В., Ошанова Н.Т. жəне т.б. Педагогикалық бағыттағы бакалаврларға білім берудегі цифрлық технологияларды оқытудың ерекшеліктері. Абай атындағы ҚазҰПУ, «Педагогика жəне психология» ғылыми-əдістемелік журнал, - Алматы, №2, 2018ж., -Б.142-151
  • Бидайбеков Е.Ы.,Гриншкун В.В., Ошанова Н.Т. и др. Особенности формирования системы обучения цифровым технологиям в образовании при подготовке бакалавров педагогического направления. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. «Физика-математика ғылымдары» сериясы, - Алматы, №2(62), 2018ж.,- Б.39-46.
  • Oshanova N.T., Turashova Sh.P.Using of the CLIL methology ininformatics of digital education. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. «Физика-математика ғылымдары» сериясы, - Алматы, №2 (62), 2018 ж., - Б.169-172
  • Облачные технологии как инструмент цифровой трансформации образования печ Материалы IV Международной научной конференции

«Информатизация образования и методика электронного обучения:цифровые технологии в образовании». 6–9 октября 2020. – Красноярск: Сибирский федеральный университет, 2020. – С.454–462. Бидайбеков Е.Ы.

  • «Облачность» как особенность организации обучения в условиях цифровой трансформа-ции образования печ.Материалы IX междуна-родной конференции

«Математическое моделирование и информационные технологии в образовании и науке» (ММ ИТОН), посвященной 75-летию профессора Е.Ы. Бидайбекова и 35-летию школьной информатики (1-2 октября 2020 г.). – Алматы: КазНПУ им. Абая, 2020.– С. 226–230. Бидайбеков Е.Ы.

  • Бидайбеков Е.Ы., Босова Л.Л., Ошанова Н.Т. Обучение школьной информатике в условиях цифровизации образования. ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, Серия «Физико-математические науки» № 1(73), 2021 г., стр.154-162.

Похожие публикации: