«Педагогтің цифрлық сауаттылығы: білім беру процесіне прогрессивті цифрлық құралдарды енгізу» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы » "Мақтарал" МГ
Түркістан облысы білім басқармасының
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
№5 "Мақтаарал" гуманитарлы-қоғамдық пәндер бағытындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Педагогтің цифрлық сауаттылығы: білім беру процесіне прогрессивті цифрлық құралдарды енгізу» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы
06
октябрь
2023

«Педагогтің цифрлық сауаттылығы: білім беру процесіне прогрессивті цифрлық құралдарды енгізу» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы

10-kaz.pdf [228,7 Kb] (cкачиваний: 1)
Посмотреть онлайн файл: 10-kaz.pdf

«Педагогтің цифрлық сауаттылығы: білім беру процесіне прогрессивті цифрлық құралдарды енгізу» тақырыбындағы біліктілікті

арттыру курсының бағдарламасы

  1. Жалпы ережелер

Педагогтердің біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарлама соңғы өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, соңғы өзгерістер мен толықтыруларды, «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру жəне жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығын, «Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы

9 сəуірдегі № 137 бұйрығын, «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын əзірлеу, келісу жəне бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығын ескере отырып, 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес əзірленді.

Бағдарлама жалпы орта білім беру ұйымдарының пəн мұғалімдеріне арналған.

Бағдарлама пəн мұғалімдерінің қызметте цифрлық құралдарды қолдану бойынша кəсіби құзыреттерінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Педагогтердің біліктілігін арттыру курсының практикалық маңызы цифрлық сауаттылық жөніндегі білімі мен іскерлігін практикада қолдануында жатыр. Онлайн-курс білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен əдіскерлерінің біліктілігін арттыруды көздейді.

Бұл   бағдарлама   курс   тыңдаушыларының   цифрлық   құзыреттерін қалыптастыруға көмектеседі.

Оқу ұзақтығы – 36 сағат. Өткізу нысаны: онлайн.

  1. Глоссарий

  2. рұқсат етілетін діріл жəне діріл деңгейі – үй-жайлардағы жұмыс орындарындағы жайлылық жағдайы үшін жалпы діріл.

 
  • кейс-технология – оқу-əдістемелік материалдар жиынтығын (кейстерді) қағаз, электронды жəне өзге де тасымалдағыштарда жинақтауға жəне оларды өз бетінше оқу үшін білім алушыларға жеткізуге негізделген технология;
  • аралас оқыту – оқыту дəстүрлі күндізгі нысанда жəне қашықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып жүргізілетін технология;
  • жаппай ашық онлайн курс (бұдан əрі – ЖАОК) – электронды оқыту технологиялары қолданылатын, жаппай интерактивті қатысуға жəне Интернет арқылы ашық қол жеткізуге болатын оқыту курсы;
  • білім беру порталы – ҚОТ арқылы білім беру процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін əкімшілік-академиялық жəне оқу-əдістемелік ақпаратты қамтитын, ақпараттық ресурстар мен интернет сервистерінің жүйелі ұйымдастырылған, өзара байланысты жиынтығы;
  • онлайн прокторинг – тұлғаны верификациялау жəне онлайн- емтихандардан өту нəтижелерін растау жүйесі;
  • педагог – тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кəсіби білімі бар, білім алушыларды жəне (немесе) тəрбиеленушілерді оқыту жəне тəрбиелеу, білім беру қызметін əдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кəсіби қызметін жүзеге асыратын тұлға;
  • планшетті ДК (бұдан əрі – ПлДК) – экранмен біріктірілген қолмен жазатын планшетті құрылғымен жабдықталған, пернетақта мен тінтуірді пайдаланбай-ақ стилус немесе саусақтар арқылы жұмыс істейтін ноутбуктер класы;
  • оқу нəтижелері – білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімінің, іскерліктерінің, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі жəне қалыптасқан құндылықтар мен қарым- қатынастар;
  • желілік технология – оқу-əдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді, білім алушылардың оқытушымен жəне бір-бірімен интерактивті қарым- қатынас жасау нысандарын, сондай-ақ Интернет желісін пайдалану негізінде оқу процесін əкімшілендіруді қамтитын технология;
  • цифрлық білім беру ресурстары (бұдан əрі – ЦБР) – интерактивті түрде оқытуды қамтамасыз ететін, оқу пəндері жəне (немесе) модульдер бойынша дидактикалық материалдар: фотосуреттер, видеофрагменттер, статистикалық жəне динамикалық үлгілер, виртуалды шынайылық пен интерактивті модельдеу нысандары, дыбыстық жазбалар мен өзге де цифрлық оқу материалдары;

 
  • цифрлық контент – цифрлық оқу материалдарын ақпараттық (мəтіндер, графикалар, мультимедиалар жəне өзге де маңызды ақпараттық мазмұн) толықтыру;
  • Бағдарламаның тақырыбы

1-модуль. Қашықтан оқыту бойынша нормативтік құқықтық актілер. 2-модуль. Цифрлық сауаттылық

  1. модуль. Білім беру үшін Microsoft Teams көмегімен қашықтан оқыту
  2. модуль. Google құралдарымен сандық білім беру ортасын қалай құруға болады
  3. модуль. Мектепте цифрлық білім беру ортасын енгізу үшін OneNote

пайдалану

  1. модуль.  Цифрлық  білім   беру   құралдары.  OnlineMektep  арқылы қашықтан оқытуды қалай ұйымдастыруға болады (мұғалімдер үшін)
  2. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері жəне күтілетін нəтижелері Мақсаты: педагогтің цифрлық сауаттылық деңгейін көтеру.

Міндеттері:

  • цифрлық оқу технологиялары құралдарын пайдаланудың негізгі цифрлық дағдыларын дамыту;
  • мұғалімнің күнделікті жəне кəсіби қызметте цифрлық технологияларды пайдалану білімі мен іскерлігін қалыптастыру;
  • оқу процесін дайындау жəне ұйымдастыру үшін BilimLand құралдары мен сервистерін пайдалану білігін қалыптастыру.

Күтілетін нəтиже

  • Интернеттен алынған ақпараттың сенімділігін тексеруді;
  • цифрлық этикетті түсіну;
  • өзін жəне жеке деректерін қорғауды;
  • оқу   материалдарын   жасау   үшін   электрондық  бағдарламаларды пайдалануды;
  • цифрлық ресурстар арқылы кəсіби дағдыларын жетілдіруді;
  • білім беру платформаларында оқушыларымен онлайн сабақ өтуді меңгереді.


  1. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны


 

Курстың мазмұны практикаға бағытталған жəне тыңдаушыны цифрлық білім беру құралдарымен, заманауи білім беру жағдайында оқы материалын ұсыну технологиялары мен электрондық білім беру платформаларымен жұмыс істеу əдістемелерімен таныстырады.

Бағдарлама 6 модульден тұрады:

  1. модуль.  Қашықтан  оқыту  бойынша  нормативтік  құқықтық актілер.

Модульдің ұзақтығы – 1 сағат. Өткізу нысаны: онлайн.

  1. модуль. Цифрлық сауаттылық

Модульдің ұзақтығы – 7 сағат. Өткізу нысаны: онлайн.

Модульдің қысқаша мазмұны

Онлайн-курстың бұл модулі заманауи компьютердің əртүрлі мүмкіндіктерімен, түрлерімен жəне функцияларымен таныстырады. Тыңдаушы компьютердің операциялық жүйелері мен қосымшаларының айырмашылығын, шеткі (перифериялық) жəне портативті сақтау құрылғыларының не екенін біледі. Курсты өткен соң тыңдаушы Интернеттің, Ғаламдық желі мен веб-браузердің не екенін жəне кез келген құрылғыдан Интернетке қалай қосылуға болатынын біледі.

Онлайн-курста:

  • электронды поштаны қолданып, Интернетте қалай тиімді жұмыс істеуге жəне қарым-қатынас жасауға болатыны, дыбыстық хабарламалар мен видеоқоңырауларды қоса алғанда, лезде хат алмасуға арналған қандай қосымшалар бар екені;
  • Интернеттегі қауіпсіздік негіздері туралы;
  • онлайн-алаяқтық пен киберқорқыту туралы айтылады;
  • Интернетте қауіпсіз ақпарат алмасу жөніндегі ұсынымдар беріледі. Онлайн-курстың осы модулінің аясында тыңдаушы:
  • Microsoft Office-пен: мəтінмен, иллюстрациялармен, тізімдермен жəне басқа типтегі нысандармен, оның ішінде PDF-файлдармен жұмыс істеу тəсілдерімен, Microsoft Word-тың негізгі функцияларымен;

 
  • OneDrive секілді бұлтты сервистермен;
  • тапсырмаларды, кесте мен контактілерді басқару үшін Microsoft Outlook-пен егжей-тегжейлі танысады.


  1. модуль. Білім беру үшін Microsoft Teams көмегімен қашықтан оқыту


Модульдің ұзақтығы – 6 сағат. Өткізу нысаны: онлайн.

Модульдің қысқаша мазмұны

Бұл модуль оқыту үшін бірыңғай цифрлық кеңістік құруға көмектеседі жəне онымен қалай жұмыс істеу керектігін көрсетеді.

  1. модуль. Google құралдарымен сандық білім беру ортасын қалай құруға болады

Модульдің ұзақтығы – 10 сағат. Өткізу нысаны: онлайн.

Модульдің қысқаша мазмұны

Бұл модуль цифрлық білім беру ортасын құру кезінде Google құралдарының кең мүмкіндіктерін, сондай-ақ оқу процесін қызықты, қызықты жəне мобильді етуге қалай көмектесетінін көрсетеді.



  1. модуль.    Мектепте цифрлық білім беру ортасын енгізу үшін

OneNote пайдалану

Модульдің ұзақтығы – 5 сағат. Өткізу нысаны: онлайн.

Модульдің қысқаша мазмұны

Бұл онлайн-модуль сабақтарда ноутбуктерді қалай пайдалану керектігін көрсетеді, Office 365 бағдарламаларының əртүрлі функцияларымен таныстырады, бұл сіздің жұмысыңызды жеңілдетеді жəне тапсырмаларды құрылымдауға көмектеседі.

  1. модуль. Цифрлық білім беру құралдары. OnlineMektep арқылы қашықтан оқытуды қалай ұйымдастыруға болады (мұғалімдер үшін)


 

Модульдің ұзақтығы – 6 сағат. Өткізу нысаны: онлайн.

Модульдің қысқаша мазмұны

“Онлайн-курстың бұл модулі Bilimland-да Қашықтықтан оқытудың жаңа құралдарына арналған: сабақтарды əзірлеуге арналған конструктор, БЖБ/ТЖБ, синхинтерактивті ронды жəне асинхронды сабақты ұйымдастыруға жəне өткізуге арналған функционал".

  1. Оқу процесін ұйымдастыру

Біліктілікті арттыру курстары 36 сағатқа жоспарланған тақырыптық оқу жоспарына сəйкес, онлайн-форматта ұйымдастырылады.

Білім беру процесі Bilim Land білім беру платформасында ұйымдастырылады.



Біліктілікті арттыру курсының тақырыптық оқу жоспары




Модульдер                  мен тақырыптар атауы


Нысаны мен əдістері


Сағат саны


1


1-модуль.          Қашықтан

оқыту                            бойынша нормативтік құқықтық актілер


Дəрістер, презентациялық материал, өзін-өзі бақылауға арналған тест


1


2


2-модуль.                           Цифрлық сауаттылық


Видеодəрістер, презентациялық    материал, өзін-өзі бақылауға арналған тест


7


2.1


Компьютермен жұмыс


Видеодəрістер, презентациялық    материал, тренажерлар,            өзін-өзі бақылауға арналған тест


1


 


2.2


Интернеттегі ақпаратқа қол жеткізу


Видеодəрістер, презентациялық    материал, тренажерлар,            өзін-өзі бақылауға арналған тест


1


2.3


Онлайн       қарым-қатынас жасау


Видеодəрістер, презентациялық    материал, тренажерлар,            өзін-өзі бақылауға арналған тест


1


2.4


Интернеттегі қауіпсіздік


Видеодəрістер, презентациялық    материал, тренажерлар,            өзін-өзі бақылауға арналған тест


1


2.5


Цифрлық контент құру


Видеодəрістер, презентациялық    материал, тренажерлар,            өзін-өзі бақылауға арналған тест


1


2.6


Цифрлық             контентті бірлесіп басқару


Видеодəрістер, презентациялық    материал, тренажерлар,            өзін-өзі бақылауға арналған тест


1


2.7


Қорытынды тестілеу


Тест


1


3


3-модуль. Білім беру үшін Microsoft         Teams көмегімен қашықтан оқыту


Бейне                      дəрістер, бейнероликтер, презентациялар,                           онлайн сабақтар                    жəне      т.      б. құрастыру                               бойынша практикалық                              жұмыс, жобалық                         жұмыстар, презентациялар, шығармашылық


6


 



тапсырмалар, зертханалық жұмыстар,                өзін-өзі бақылауға арналған тесттер



3.1


Microsoft          Teams-пен танысу.     Оқыту                   жəне əріптестермен                 жұмыс істеу үшін               пайдалану. Қосымша              мүмкіндіктер үшін       үшінші                  тарап ресурстарымен Интеграция.                   Оқуды бағалауға                         арналған тапсырмалар құру


Бейнедəрістер, презентациялық материалдар,            өзін-өзі бақылауға арналған тесттер


2


3.2


Microsoft          Teams-тегі файлдармен                                жұмыс. Microsoft          Teams-тегі сауалнамалар. Microsoft Teams                     электрондық ресурстарымен жұмыс


Бейнедəрістер, презентациялық материалдар,            өзін-өзі бақылауға арналған тесттер


2


3.3


Сынып            дəптерімен жұмыс.

Хабарламалармен жұмыс


Бейнедəрістер, презентациялық материалдар,                          зертханалық жұмыстар,                өзін-өзі бақылауға арналған тесттер


2


4


4-модуль.                                 Google құралдарымен цифрлық білім беру ортасын қалай құруға болады


Презентациялар, жобалық жұмыстар,               өзін-өзі бақылауға арналған тест, зертханалық жұмыстар


10


 






4.1


Gmail-тиімді жұмыс істеу үшін                                    ыңғайлы электрондық                              пошта. Google           іздеу-қажетті уақытта қажетті ақпарат


Бейнедəрістер, презентациялық         материал, зертханалық  жұмыс,         өзін- өзі бақылауға                   арналған тесттер,         шығармашылық тапсырма


1


4.2


Drive-əрқашан қолында. Күнтізбе-уақытты тиімді бөліңіз


Бейнедəрістер, презентациялық материалдар,            өзін-өзі бақылауға арналған тесттер, шығармашылық тапсырма


1


4.3


Құжаттар-тікелей шолғышта  жасаңыз   жəне өңдеңіз.   Кестелер-тікелей шолғышта  жасаңыз   жəне өңдеңіз


Бейнедəрістер, презентациялық         материал, зертханалық  жұмыс,         өзін- өзі бақылауға                   арналған тесттер,         шығармашылық тапсырма


1


4.4


Презентациялар-тікелей шолғышта  жасаңыз   жəне өңдеңіз.  Пішіндер-тікелей шолғышта                жасаңыз      жəне өңдеңіз


Бейнедəрістер, презентациялық         материал, зертханалық  жұмыс,         өзін- өзі бақылауға                   арналған тесттер,         шығармашылық тапсырма


2


 


4.5


Топтар-интерактивті пікірталастарға қатысыңыз.                               Google міндеттері     -                      ағымдағы істерді қадағалаңыз


Бейнедəрістер, презентациялық         материал, зертханалық жұмыс, Өзін- өзі     бақылауға             арналған тесттер,         шығармашылық тапсырма


2


4.6


Keep-жазбалар             мен тізімдерді жасау. Hangouts

- хабар алмасу жəне бейне кездесулерді ұйымдастыру


Бейнедəрістер, презентациялық материалдар,                         зертханалық жұмыстар,               өзін-өзі бақылауға арналған тесттер


1


4.7


Сайттар-сайттарды құру жəне бірлесіп жұмыс жасау. Google Classroom- онлайн сынып


Бейнедəрістер, презентациялық материалдар,                         зертханалық жұмыстар,               өзін-өзі бақылауға арналған тесттер


2


5


5-модуль.          Мектепте цифрлық білім беру ортасын енгізу үшін OneNote пайдалану


Презентациялар, жобалық жұмыстар,               өзін-өзі бақылауға арналған тесттер, зертханалық жұмыстар


5


5.1


OneNote-пен           танысу. OneNote                           Classroom ноутбукімен,           сабаққа арналған дəптермен жұмыс


Презентациялар, жобалық жұмыстар,               өзін-өзі бақылауға арналған тесттер, зертханалық жұмыстар


2


 


5.2


OneNote-та               оқуды

бағалауға                             арналған тапсырмаларды                                 құру. Иммерсивті оқу құралы


Презентациялар, жобалық жұмыстар,               өзін-өзі бақылауға арналған тесттер, зертханалық жұмыстар


1


5.3


Жазба                     кітапша оқытушылары                                      үшін. Сабаққа арналған дəптерге қалай қол жеткізуге болады


Презентациялар, жобалық жұмыстар,               өзін-өзі бақылауға арналған тесттер, зертханалық жұмыстар


2


6


6-модуль. Цифрлық білім беру       құралдары. OnlineMektep арқылы қашықтан                            оқытуды қалай ұйымдастыруға болады                      (мұғалімдер үшін)


Дəріс,                    бейнематериал, презентациялар, практикалық тапсырмалар


6


6.1


Қашықтан оқытуға кіріспе. Қазіргі педагогикалық практика. OnlineMektep қалай жұмыс істейді


Дəріс,                    бейнематериал, презентациялар, практикалық тапсырмалар


1


6.2


OnlineMektep-пен қалай жұмыс істеу керек: авторизация, жеке онлайн сабақ, үй тапсырмасын құру. Бейне байланыс бойынша сабақ өткізу. Оқушыларға кері байланыс беру. Жиынтық бағалау


Презентациялық материал, практикалық тапсырмалар (материалды тренажерде бекіту)


1


 


жүргізу.        OnlineMektep

геймификация




6.3


Мектепті басқару.

Сыныпты,                      оқушыларды, мұғалімді басқару


Дəріс, презентациялық материал, практикалық тапсырмалар


1


6.4


ҚР      БҒМ      əдістемелік ұсынымдары.

Білім   алушылардың   оқу жетістіктерін         бағалау. Қашықтықтан  білім   беру технологияларын пайдалана                          отырып

сабақтарды                             əзірлеуге қойылатын талаптар


Дəріс, презентациялық материал, практикалық тапсырмалар


1


6.5



OnlineMektep арқылы қашықтан қалай білім алуға                              болады? (оқушыларға арналған) Онлайн сабаққа дайындық


Дəріс, презентациялық материал, практикалық тапсырмалар


1


6.6


Үй тапсырмасын орындау


Дəріс, презентациялық материал, практикалық тапсырмалар


6.7


Бейнеконференция дегеніміз не?


Дəріс, презентациялық материал, практикалық тапсырмалар


1


 


6.8


Геймификация дегеніміз не жəне ол OnlineMektep-те қалай жұмыс істейді?


Дəріс, презентациялық материал, практикалық тапсырмалар




VII Бағдарламаны оқу-əдістемелік қамтамасыз ету

«Цифрлық сауаттылық» курсы цифрлық технологиялар мен интернет ресурстарын кəсіби қызметте қауіпсіз əрі тиімді пайдалануға қажет құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Курстағы тапсырмалардың көбі практикаға негізделген жəне ХХІ ғасырдағы қажет дағдыларды дамытуға көмектеседі.

Онлайн-сабақтың құрылымы видеодəрістерден, дəріс материалдарынан, интерактивті жəне шығармашылық тапсырмалардан, презентациялар мен зертханалық жұмыстардан тұрады.

Біліктілікті арттыру курсының бағдарламасын оқу-əдістемелік қамтамасыз ету курстың теориялық материалдарының Bilim Land білім беру платформасының құралдарымен, OnlineMektep порталының функционалымен өзара байланысты жүйесі іспеттес.

Практикалық жұмыс ретінде мыналар пайдаланылады:

  1. оқытудың құрамдас əдісін толыққанды пайдалану үшін қажет контент, технологиялар мен құралдар: МЖМБС-ға сəйкес келетін сабақтардың электрондық жинақтары (мектеп бағдарламасының барлық пəні мен мазмұны) жəне OnlineMektep-тегі видеобайланыс (VKS жəне Zoom);
  2. оқытуды басқару жүйесі – OnlineMektep;
  3. жиынтық жəне формативті бағалау жүргізу жəне нəтижелерді сақтау мүмкіндіктері;
  4. оқытуды жоспарлау құралдары (онлайн-мониторинг жүйесі жəне

Mektep журналы);

  1. оқытудың жаңа технологияларын қолдануға арналған құралдар

(модельдер мен кейстер).

Сондай-ақ курс тыңдаушыларына OnlineMektep порталының мынадай функционалы қолжетімді болады:

  • мазмұнға тереңдеуге арналған анимациялар, видео жəне виртуалды зертханалар;
  • тапсырмаларды дербестендіру: 3 деңгей жəне 9 кіші деңгей;
  • жаттығуларды нақты уақыт режимінде онлайн орындау;
  • нақты уақыт режимінде сыныппен онлайн-чат;

 
  • оқушы мен мұғалім арасындағы жеке онлайн-чат;
  • үй тапсырмасын онлайн беру, тексеру жəне баға қою;
  • онлайн-сабақтар мен үй тапсырмасын бағалау журналы;
  • мұғалімдердің өз сабақтарын құрастыруға арналған конструктор;
  • нақты уақыт режимінде онлайн бағалау жүргізуге арналған БЖБ жəне ТЖБ конструкторы;
  • видеоконференция режимінде онлайн-сабақ өту.
    1. Оқу нəтижелерін бағалау

Қорытынды тестілеу оқу жоспарының барлық модулін қамтитын 20

сұрақтан тұрады.

Курстардың оқу материалын меңгерудің 3 деңгейі бар:

  • жоғары – 71–100 %
  • орташа – 60–70 % [1]
  • жеткіліксіз – 60%-ға дейін.

«Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында педагогтің заманауи құзыреттерін қалыптастыру»[B2] бағдарламасын меңгеру сапасын бағалау тестілеу түріндегі қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

  1. Курстан кейінгі сүйемелдеу

  • Курстан өткеннен кейін бірінші күнтізбелік жыл ішінде педагогтің кемінде үш дербес жұмысын ұйымдастыру жəне өткізу
  • жеке жоспар бойынша вебинарлар, онлайн-консультациялар өткізу;


  • Bilim Land платформасындағы байқауларға қатысу;
  • Bilim Land сайтына мақалалар дайындау жəне жариялау;
  • тыңдаушылардың жабық тобында ашық сабақтар, вебинарлар жəне басқа да іс-шаралар өткізу;
  • Bilim Land сайтында өтетін онлайн-конференцияларда сөз сөйлеу;
  • жеке жоспар бойынша жобаларды, курстық талдау жұмыстарын қорғау.


  1. Негізгі жəне қосымша əдебиеттер тізімі

    1. «Педагог мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы

27 желтоқсандағы № 293-VІ заңы.

  1. «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы

24 қарашадағы № 418-V заңы.


 
  1. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді жəне ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
  3. «Адамға əсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 38 бұйрығы.
  4. «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығы.
  5. «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 13 сəуірдегі

№ 141 бұйрығы.

  1. «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 1 сəуірдегі № 123 бұйрығы.
  2. «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 1 сəуірдегі № 123 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 13 сəуірдегі № 140 бұйрығы.
  3. «COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде оқу процесін қашықтықтан білім беру технологияларына көшіру кезінде білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 8 сəуірдегі № 135 бұйрығы.
  4. «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі əдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығы.

 
  1. Тренды современного образования – Алматы: ТОО «Bilim Media Group», 2017. – 326 с.
  2. Солдатова Г., Зотова Е., Лебешева М., Шляпников В. Цифровая грамотность и безопасность в Интернете. Методическое пособие для специалистов основного общего образования. – М.: Google, 2013. – 311 с.
  3. К.М. Арынгазин, А.В. Дзюбина. Методические рекомендации по работе с интерактивной доской и методика проведения занятий с ее использованием.
  4. Современные проблемы информатизации образования: монография

/ рук. авторского коллектива и отв. редактор академик РАО, д-р пед. наук, проф. М. П. Лапчик. – Омск : Изд-во ОмГПУ, 2017. – 404 с.

Список дополнительной литературы

  1. Аймалетдинов Т.А., Баймуратова Л.Р, Зайцева О.А., Имаева Г.Р., Л.В. Спиридонова Л.В. Цифровая грамотность российских педагогов. Готовность к использованию цифровых технологий в учебном процессе. / Аналитический центр НАФИ. – М.: Издательство НАФИ, 2019. – 84 с.
  2. Айдрус И. З. Мировой опыт использования технологий дистанционного образования / Высш. образование в России. – 2015. – № 5. – С. 139-145.
  3. Рекомендации ЮНЕСКО по политике в области мобильного обучения [Электронный ресурс] / 2015. – 44 с. – URL: http://iite.unesco.org/pics/publications/ru/files/3214738.pdf
  4. Универсальные компетентности и новая грамотность: от лозунгов У59 к реальности / под ред. М.С. Добряковой, И.Д. Фрумина, при участии К.А. Баранникова, Н. Зиила, Дж. Мосс, И.М. Реморенко, Я. Хаутамяки. Нац. исслед. ун-т «Высшая школа экономики». – М.: Изд. дом Высшей школы экономики, 2020. – 472 c.
  5. Игнатьев В.П., Иванова А.С., Иванова М.Д. ИКТ-компетентность педагога как основа цифровой грамотности обучающихся // Современные проблемы науки и образования. – 2020. – № 2.
  6. Биленко П.Н., Блинов В.И., Дулинов М.В., Есенина Е.Ю., Кондаков А.М., Сергеев И.С. Педагогическая концепция цифрового профессионального образования и обучения / под науч. ред. В.И. Блинова – 2020. – 98 с.
  7. Трудности и перспективы цифровой трансформации образования / под редакцией А.Ю. Уварова и И.Д. Фрумина. Национальный исследовательский университет «Высшая школа экономики», Институт образования, 2019.

 
  1. Современные проблемы информатизации образования: монография / рук. авторского коллектива и отв. редактор академик РАО, д-р пед. наук, проф. М. П. Лапчик. – Омск: Изд-во ОмГПУ, 2017. – 404 с.
  2. Селевко Г.А. Педагогические технологии на основе информационно- коммуникационных средств. – М.: НИИ школьных технологий, 2005. – 208 с.

Похожие публикации: