Кемтар балаларды əлеуметтiк жəне медициналық-педагогикалық түзеу
Кемтар балаларды əлеуметтiк жəне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343 Заңы. МАЗМҰНЫ Осы Заң кемтар балаларды əлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен əдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тəрбиелеу, оқыту, еңбекке жəне кəсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған.