Әдістемелік жұмыстар 2020-2021 » "Мақтарал" МГ
Түркістан облысы білім басқармасының
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
№5 "Мақтаарал" гуманитарлы-қоғамдық пәндер бағытындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әдістемелік жұмыстар 2020-2021
26
март
2021

Әдістемелік жұмыстар 2020-2021

2012-2013 оқу жылының  басында мектебіміз  гуманитарлық қоғамдық пәндер бағытындағы № 5 «Мақтаарал» мектеп-гимназиясы статусын алған. 

       Мектепте мұғалімдер саны 161, соның ішінде  13 мұғалім - жоғары санатты, 42 мұғалім – І санатты, 67 – ІІ санатты   39 – санатсыз.  Ұлттық біліктілік тестілеуден 70  мұғалім өтіп, жұмыс жүргізуде, атап өтетін болсақ:  4 – педагог-шебер, 31 – педагог-зерттеуші, 30 –педагог-сарапшы,   5 – педагог-модератор2016-2020 оқу жылдары  көлемінде  мектеп бойынша   26 мұғалім деңгейлік, оның  16-сі ІІІ базалық деңгей,  5- ІІ базалық деңгей, 5 - І базалық деңгей; 2 мұғалім тиімді оқыту, 3 мұғалім  Lesson stady, 4 мұғалім тәжірибедегі рефлексия тренерлік курстардан өтіп сертификатталған. 

     Әлемде, елімізде, қоғамда болып жатқан өзгерістер Тәуелсіз Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы талаптарының шеңберінде білім мазмұнын модернизациялау: жаңа перспективалар, жаңа мүмкіндіктер бағдарламасын іске асыру қазіргі заманғы мұғалімге жаңа талаптар қояды.

        Аталған бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлелі – өздерінің ойларын еркін жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. 

Негізгі міндеттері:

  • оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру;
  • өз ойын көркем деңгейде жеткізе білетін тұлғаны тәрбиелеу;
  • алған теориялық білімін өмірлік тәжірибеде қолдануға үйрету;

        Әдістемелік кеңес оқу жылы бойы «Ұстаздың жаңашылдық, зерттеушілік және шығармашылық дағдыларын арттыра отырып, инновациялық көзқарастағы мұғалімді қалыптастыру» мәселесі бойынша жұмыс істеді.     Әр оқу жылдың басында «Жаңаша оқытуға -жаңаша көзқарас» мектепішілік ғылыми конференция ұйымдастырылып өткізіледі.  Қазан айының басында ұстаздар күніне арналған «Ұстаздық ету-өзінің уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» атты бірлестіктер арасында сайыс өтті. Сайыс бес кезеңнен тұрды. Әр бірлестік өз топтарына ат, ұран ойлап тапты.Қызықты танымдық тапсырмалар беріліп, топпен орындалу арқылы іске асты.Бұл сайыста ұстаздар шығармашыл және жаңалыққа құмар екендерін көрсетті. Мұғалімдермен тренингтер, ойындар өткізілді.Наурыз айында пән мұғалімдері «Жаңашылдық –менің қалауым» атты презентацияларын қорғады. Аса қызығушылықпен жұмыс істейтін, жаңашылдыққа ұмтылған мұғалімдер де баршылық.Әдістемелік бірлестіктер бойынша да жұмыс жоспарға сәйкес жүйелі өткізіліп тұрды. Әр ай сайын пән апталықтары, онкүндіктері өткізіліп, түрлі сайыс, жарыстар, ашық сабақтар жүргізілді. 

         Lesson stady тәсілін ендіру барысында мектепте 3 тренер сертификатталған, сабақ үдерісіне ендіру мақсатында 6 зерттеу тобы құрылып,жұмыс атқаруда:

№1 зерттеу тобы: 2 «Е» сыныбында орыс тілі пәні бойынша, пән мұғалімдері Л.Бектурсунова, И.Тимощук, Р.Гайсина, Т.Давронова

№2 зерттеу тобы: 3 «Г» сыныбында познание мира пәнінен, пән мұғалімдері З.Худжумборова, А.Тимуршина, Р.Керимбекова, А.Калдыбаева.

№3 зерттеу тобы: 5 «А» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен, пән мұғалімдері Б.Қожахметова, А.Сарманова,  Г.Ералиева.

№4 зерттеу тобы: 6 «Е» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен, пән мұғалімдері Н.Калназарова, У.Утелова, Г.Ахметова.

№5 зерттеу тобы:  7 «А» сыныбында ағылшын тілі пәнінен, пән мұғалімдері Ж.Серикова,  А.Омарова, Д.Хусаинова

№6 зерттеу тобы: 8 «Ә» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен, пән мұғалімдері Г.Пазылбекова, З.Барболова, А.Белхожаева, М.Салиева.

       Жылда  облыстық ,  аудандық семинарлар өткізіледі. Жетекші мектеп ретінде  серіктес мектептермен тренингтер, дөңгелек үстелде зерттеу қадамдары талқыланып, жоспар бойынша сабақтар ұйымдастырылып өткізілді. 

    Облыс көлемінде өткізілген семинарлар:

1.Семинардың тақырыбы:«Lesson study – мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы». Семинардың мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруда «Lesson study» әдісі арқылы оқушыларды жан-жақты зерттеу, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.



___________ У.Исламова                                                

2. Семинардың тақырыбы:     «Сабақты зерттеу тәсілі - мұғалімдердің тәжірибесін жетілдірудегі маңызды факторы».

Семинардың мақсаты: Оқытуды жақсартудың үдерісі ретінде Сабақты зерттеу тәсілдерінің негізгі идеялары арқылы «оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдірудің, оқушылардың оқу үлгерімін арттырудың тиімді жолдары».

Іс-тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.

3.Оқу- әдістемелік семинар тақырыбы:«Білім мазмұнын жаңарту аясында серіктес мектептерді кәсіби қолдау».

Аудан  көлемінде  өткізілген семинарлар:

1. «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы үштілдік құзыреттілікті қалыптастыру жолдары»

2. «Оқушыларға сапалы білім беруде оқыту үдерісін жаңаша жетілдіру жолдары»

3. «Қашықтықтан оқыту: жаңа әдіс- тәсілдер мен технологиялар»

4. «Жаңартылған білім берудің тиімділігі   мен ерекшеліктері»




        Оқушылардың сандық құрамына тоқталып өтетін болсақ,  мектепте 2020-2021 оқу жылының  басында 1553 оқушы және МАД тобында 116 тәрбиеленуші бар , 1-4 сыныптар - 639 оқушы, 5-9 сыныптар - 727 оқушы, 10-11 сыныптар -  187 оқушы.

«Алтын белгі», үздік аттестат үміткерлер туралы мәлімет


Оқу жылы

«Алтын белгі»     белгісіне үміткерлер саны

«Алтын белгі»     иегерлері

Үздік аттестатқа үміткерлер

Үздік аттестат     иегерлері

«Алтын белгі»     белгісін ақтай алмағандар саны

Себебі

2013-2014

1

-

-

-

1

1.Сергазиева Ситора

2014-2015

1

-




1.Рабиева Н.

2015-2016

3

1

2

3

2

1.Әбдімомын Сакен  - орыс тілінен 1 балл жетпеді – «Үздік аттестат»

2.Нармурадова Лаура – денсаулығына байланысты

2016-2017

4

4

-

-

-

-

2017-2018

6

6

1

1

-

-

2018-2019

7

7

-

-

-

-

2019-2020

6

6

4

4

-

-