"ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ" - тақырыбында семинар өткізілді » "Мақтарал" МГ
Түркістан облысы білім басқармасының
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
№5 "Мақтаарал" гуманитарлы-қоғамдық пәндер бағытындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ" - тақырыбында семинар өткізілді
14
декабрь
2023

"ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ" - тақырыбында семинар өткізілді

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ
Түркістан облысы , Мақтаарал Ауданы Білім Бөліміне қарасты :
"№5 Мақтаарал мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 13.12.2023 жылы ДТІЖО және Мактаарал АПБ Криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция капитаны Е.Сактагановтың ұйымдастыруымен "ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ" - тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға мектебіміздің директоры Д.А.Дошманов , Мақтаарал  АПБ ЖПҚ УПИ полиция майоры  Т.Нуржайов , Мақтаарал АПБ-нің ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция капитаны Қосқара Сапаралы Тастанұлы , педагог-психолог Б.Темирбекова ,тәлімгер Ш.Бисенбаева,өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері , 8-11 сынып оқушылары және  мектеп мұғалімдері  қатысты.
Семинар қатысушыларына “Интернет алаяқтық”- туралы толық мәлімет беріліп,алдын-алу мақсатында интернет алаяқтықтан сақтанудың жолдары мен  алаяқтықтың , алдап-арбаудың ,қылмыстық іс-әрекеттердің соңы қандай жағдайларға әкелетіндігі жайлы айтылды.
Сонымен қатар : Мақтаарал АПБ  ЖПҚ  КТІЖ   УПИ полиция капитаны Қосқара Сапаралы Тастанұлы мен ДТІЖО : Ұ.Өскенова ,Т.Алиев және тәлімгер Ш.Бисенбаева , педагог-психолог Б.Темирбекова кәмелетке толмағандар  арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың, зорлық зомбылықтың алдын алу, түнгі рейд және пиротехникалық заттар( паңқылдақ, жарылғыш заттар және т.б) туралы  түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

📌Интернет-алаяқтық деп – ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуді айтамыз. Яғни, бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді әрекеттерге барады.

🔶Интернет алаяқтықтың түрі күнен күнге дамып артып келуде. Атап айтқанда:
 
🔴1. Сіздің номеріңізге банк, полиция және басқа да мемлекеттік орган қызметкері ретінде хабарласып, Сіздің атыңыздан белгісіз біреу несие алып жатыр, соның алдын алу үшін, біздің айтқанымызды жасаңыз, біз сіздің жеке деректеріңізді сұрамаймыз деп сеніміңізге кіріп, ұялы телефоныңызға қашықтықтан басқару Энидэск, Таймвивер программаларын жүктетіп, өзіңізге несие рәсімдетіп, ақшаны уақытша басқа резервттік счетқа аудартып өз ойын жүзеге асырады. Жәбірленушіге кемінде 1-2 млн. теңге шығын келтіру қауіпі бар.
🔴2. Ютуб, инстаграм, фейсбук және басқа интернет желілерінде Қазақстан Республикасының атақты тұлғаларының және Казмұнайгаз секілді ірі компаниялардың атынан жалған видео роликтармен инвестиция арқылы ақша табуға болатын туралы жарнамалар жариялап, интернетте ресми тіркелмеген жалған парақша ашады. Сіздің жеке деректеріңізді енгізіп, логинмен құпия сөзін ақшаңызды электронды ақшаға айырбастап, сізге басында азғана ақша қайтарып беріп, ірі мөлшерде шығын келтіреді. Сіз олар алаяқ екенін біліп ақша аудармай қойған жағдайда басқа номермен ватсап арқылы хабарласып өздерін заңгер ретінде таныстырып ақшаңызды қайтарып алып береміз, салық, айыппұл төлеңіз деп тағыда алдап, ақшаңызды иемдеп кетеді.
🔴3. Whatsapp, желісінде таныс ретінде қарызға ақша сұрау алаяқтығы. Яғни сіздің танысыңыздың фотосын қолдана отырып, белгісіз нөмірмен сізден қарыз ақша сұрайды. Қарыз ақша бермес бұрын танысыңыз екеніне толық көз жеткізгеніңіз абзал. Ол үшін ең алдымен хабарлама келген телефон нөміріне мән беріп, видео қоңырау арқылы тексеру қажет. Жалпы интернет алаяқтық whatsapp, telegram, VK және Instagram желісінде де айтарлықты жиі кездеседі.
 
🔴4. Алаяқтықтың кең тараған түрі алдын ала төлем жасағанда орын алады. Нақтылай кетсек, интернет сатушылары тауар үшін толық немесе жартылый төлем алып хабарсыз жоқ болып кетеді. Сіз, киім және техникалық тауарларды онлайн арқылы тапсырыс берген кезде, сатушы ақшаны Киви, Симплей, абоненттік төлем ретінде және басқа мемлекеттің есеп шотына ақша аударуды сұрайды. Ақша аудармас бұрын көрген тауарыңыздың парақшасын толығымен танысып, комментарилерін және отзывтарын мұқият қарап шығу қажет.
 
🔴Колесса сату бағдарламасында арзан бағадағы автокөлікті сатып алмақшы болған кезде, басқа біреуге сатып жібермеу үшін алдын ала төлем жасамау қажет.  
 
🔴ОLX сіз сатып жатқан тауарды сатыпалушы «Казпост.кз» курьерлік бағдарлама арқылы алып кетеді деп, сізге ватсап мессенджері арқылы сілтеме жіберіп сол сілтемеге картаңыздың жеке деректеріңізді толтырыңыз мен сізге сол арқылы ақша аударамын деп, картаңыздағы барлық ақшаңызды алып қояды. ОLX бағдарламасы арқылы сатып алып жатқан затыңызға немесе жануарға алдын ала ақша сұрап, ақшаны басқа мемлекеттің есепшотына аударып алдап кетеді.
 
🔴Сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз есірткімен полиция, прокуратура қызметкерлеріне ұсталып қалды, шығару үшін ақша талап етеді. Ақшаны бермеген жағдайда қамаймыз деп қорқытады. Балаңыз немесе қызыңызға сіз сол сәтте қоңырау шалған кезде ұялы телефоны өшірулі болады, алайда сіз қобалжымай басқа ұялы телефонмен хабарласып немесе смс жолдау арқылы жағдайын біліңіз.
       
🔹Интернет алаяқтықтың күн өткен сайын күшейіп бара жатқанын ескерте отырып полиция қызметкерлері азаматтарға күдікті қоңырау мен хабарламалар келіп түскен жағдайда, бірден банкке хабарласуға кеңес берді. Егер сізге белгісіз тұлға хабарласып, қандай да бір банктің атын атап банк карточкасы жайлы ақпарат немесе басқа да жеке мәлі­меттерді сұраса, ең алдымен сол банктің сенім телефондарына қоңырау шалып, ақпараттың рас-өтірігін анықтап алған артықтық етпейді.

https://www.facebook.com/share/p/Ejro2iERMhkeQEbY/?mibextid=K8Wfd2

"ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ" - тақырыбында семинар өткізілді


















Похожие публикации: