АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ » "Мақтарал" МГ
Түркістан облысы білім басқармасының
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
№5 "Мақтаарал" гуманитарлы-қоғамдық пәндер бағытындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
11
май
2016

АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Оқушылардың ата-аналары міндетті:
- оқушылардың мектептің Жарғысы мен ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтауын қадағалауға;
- мектеп педагогтарына балалардың білімді табысты игеруіне барынша көмектесу;
- мектептің педагогикалық ұжымымен, балалармен және қызметшілермен қарым-қатынас жасау барысында этикалық нормаларды сақтауға;
- ата-аналар қоғамының қызметіне белсенді түрде қатысуға;
- білім беру мекемесіндегі сабақтарға балалардың қатысуын қамтамасыз етуге;
- «үй-мектеп», «мектеп-үй» бағытындағы балалардың өмірі мен денсаулығына жауапты болуға;
- өз балалары мектеп мүлігін бұзған жағдайда материалдық жауапкершілікке тартылуға;
- сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуге көмектесуге;
- ынтымақтастық келісім-шартында анықталған басқа да барлық қосымша міндеттерді орындауға.

Оқушылардың ата-анасы құқылы:
- белгілі бір оқу кезеңініі аттестациясына сәйкес мектеп-гимназияның ғылыми-әдістемелік кеңесінің алдында өз баласының бір сыныптан екінші қатарлас сыныпқа ауыстырылуы туралы сұраныс жасауға;
- өз баласының жеке-дара жоспар бойынша оқуы жайлы, экстернатқа дейін ауысуы туралы сұраныс жасауға;
- өз баласына келісім шарт негізінде қосымша кызмет алуға;
- өз баласын өзге білім беру мекемесіне ауыстыруға.

ОҚУ ТӘРТІБІ
Мектепте сабақ 8.15-те басталады және кестеге сәйкес жүргізіледі.
Ата-аналар мектепке келуге және мұғалімдермен соңғы сабақ аяқталғаннан кейін әңгімелесуге құқылы.
Оқушы сабаққа немесе жалпы мектептік іс-шараларына нақты себептерсіз келмей қалса, ата-аналардың түсінік хатын немесе медициналық анықтама тапсыруы керек.
Нақты себептерге мыналар жатады:
1) жеке ауруы;
2) дәрігерге баруы (талон иемесе анықтама ұсынылады);
3) міндетті түрде қатысуды талап ететін отбасындағы шұғыл жағдайлар (ата-аналар өтінішімен расталады);
4) әкімшілікпен келісім бойынша сабақтарды босатуы (ата-аналар өтініші бойынша).
Мектеп әкімшілігі мектепте бір үлгіде киім киюді енгізу құзыреттілігін өзіне қалдырады. Сабаққа ұқыпты киіммен қатысу, таза киім мен аяқ киім кию оқушылар үшін жалпыға ортақ тәртіп болып саналады, осылайша балалар нақты тәртіпке үйренеді, өздерін оқушы ретінде және бір ұжым ретінде сезіну мүмкіндігіне ие болады. Қазақстандық оқушы үшін мектеп үлпсіндегі киім:
- ұлдарға - пиджак, көкірекше, шалбар, ақ түсті көйлек және қара (қара көк) галстук;
- қыздарға - пиджак, көкірекше, белдемше, классикалық шалбар және ақтүсті офистік жейде, бас киімсіз.
Егер оқушының денсаулығына немесе отбасылық жағдайларға байланысты сабақ аяқталмай тұрып үйіне кетуі тиіс болса, ол оқу бөлімінен сабақтан босату туралы рұқсат алып, оған сынып жетекшісі мен пән мұғаліміне кол қойғызуы тиіс және сол рұқсатқа ата-аналарының қолын қойғызып, мектепке келген сәтте оны оқу бөліміне кері қайтаруы керек. Рұқсат туралы күнделікке жазылады, оның жанына ата-аналар қол қояды.
Оқушылар мектеп аймағында жүргенде тәртіптілік, зиялылық нормаларын сақтауы тиіс, өз білім мекемесінің ережелері мен дәстүрлерін құрметтеуі, жеке басының және өз құрдастарының, оқытушыларының, мектеп қызметкерлерінің, сонымен қатар мектепке келушілердің ар-намыстарын жоғары бағалауы керек. Оқушылардьың мектеп ғимаратына және оның аумағына қокыс тастауына, әкімшілік өкілдері, оқытушылар мен мектеп қызметкерлері тарапынан жасалған ескертулер мен талаптарға немқұрайлы қарауына, оқушыларға арналмаған қызметтік мекемелерге рұқсатсыз баруына тыйым салынады.
Мектепте темекі шегуге қатаң тыйым салынады (Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 25-тарау, 159-бап, 5-тармақ 1-тармақшасына сәйкес)
Жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережелеріне сәйкес әрбір сабақтың басында оқытушы келгенде, сондай-ақ дәрісханаға өзге де үлкен кісілер кіргенде оқушылар орындарынан тұрып қарсы алулары керек. Сабақ аяқталып, коңырау соғылса, тек қана оқытушы рұқсат еткен жағдайда ғана оқушылар дәрісханадан шыға алатындығын естерінде сақтаулары қажет.
Сабақ уақытында оқушылар өз жолдастары мен мұғалімге кедергі жасамай, тек қана оқу қызметімен айналысулары керек.
Егер оқушыға сабақ кезінде біршама уақытқа дәрісханадан шығу қажет болса, ол мұны мұғалімнен рұқсат алып, көпшіліктің назарын өзіне аудармай, айналасындағылардың көңілін алаң еткізбей жасауы керек.
Ауыстыратын аяқ киімнің болуы міндетті!
Сабақ басталғанға дейін бос уақыт болса, оқу үрдісі жүріп жатқан дәрісхананың жанында немесе мектеп қызметкерлері жұмыс жасайтын қызметтік және өндірістік ғимараттардың қасында шулауға болмайды.
Егер оқушы түстен кейін мектепте қалатынын анық білсе, ол жайында ата-анасын хабардар етуі керек. Егер сабақтар күнделікті уақыттан кеш аяқталады деп жоспарланса, оқушылар ол жайында ата-аналарына ескертулері керек.
Оқушылар өз бетімен мектептің мүлігіне, жиһазына, кұрал-жабдықтарына материалдық шығын тигізбеулері қажет. Жасалған шығын үшін материалдық жауапкершілік ата-аналарға жүктеледі.
Сынып оқушыларының күшімен кемінде айына бір рет сыныпқа бекітілген ғимаратка жалпы тазалау жұмысын жүргізу ұйымдас-тырылуы тиіс.
Оқушы кемінде аптасына бір рет еңбек тәрбиесі болып табылатын қоғамдық-пайдалы жұмысқа тартылуы мүмкін.
Мектеп оқушыларының мектеп ғимаратында ұялы телефонды пайдалануына тыйым салынады. Дыбыссыз қалыпта «оқушы - ата-ана», «ата-ана - оқушы» СМС-хабарлама жіберуге ғана рұқсат етіледі. Телефон аппараты жоғалған жағдайда мектеп жауапкершілікті өз мойнына алмайды.